Тақырып № 14. Эмоция және мотивация психологиясы
Сабақ мақсаты:
Жалпы психология курсынан алған білімдерді зерттеу мен меңгеру негізінде студенттердің психологиялық ойлауын дамыту, семинар және практикалық сабақтарда психологиялық құбылыстарды жүйелік талдаудың ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Бақылау сұрақтары:
Эмоция психологиясының жалпы сипаттамасы.
Эмоция латын тілінен аударғанда ‘emoveo’, яғни қобалжу деген мағынаны білдіреді. Эмоция латын тілінен аударғанда ‘emoveo’, яғни қобалжу деген мағынаны білдіреді. Эмоция – бұл адамның айналадағы өмір шындығына және өз басына деген өзіндік қарым-қатынасы. Эмоция - адамның мінез-құлқына, іс-әрекетіне, пікіріне қанағаттануы немесе қанағаттанбауынан көрінеді.
Эмоцияның функциялары.
Эмоционалды уайымдаудың басты биологиялық мағынасна заттай түсінік берсек, тек эмоция адамдар мен жануарларға тез арада өзінің ішкі күйін түсінуге, бір нәрсеге мұқтаждығын көрсете алады, сонымен қатаржасалатын іс-әрекет кезінде қанағаттанарлық жағдайға жету мүмкіндік көрсете алады. Мұқтаждыққа қанағаттану эмоцияда бағаланып, көрініс табады. Мысалы, өзіңді тоқ сезіну. Бір нәрсемемен шұғылданғанда эмоционалды уайымдар заңдылық бойынша бір-бірін алмастырып тұрады.
Зерттеушілер эмоцияның функцияларының бірнеше түрін бөліп көрсетеді: көрініс табатын (бағалайтын), лепті, бекітетін, ауысатын, коммуникативті.
Көрініс беретін эмоцияның функциясы жиынтық жағдайды бағалауда көрінеді. Эмоция бүкіл ағзаны билеп алып, сол арқылы лездік шоғырлануды береді. Эмоциямен орындалатын барлық іс-әрекет түрлерінің жиынтығы ең алдымен оның факторларына пайдалы немесе пайдасыз әрекет етуін анықтауға және оның алдын алуына мүмкіндік береді. Онымен пайдасыз әрекет етудің орны анықталады.
Эмоционалды құбылыстардың жеке классына бағалайтын функция бірдей дәрежеде тән емес. Ол келесі уайымдауларға анығырақ болады: ашу, ыза, кек, жек көру, ұят. Олар келесі реакциялармен міндетті түрде байланыста болады: ләзат алу, қайғыру, қуаныш, зерігу. Бұларға оның себептерін анықтау мүмкіндігі әрдайым бола бермейді.
Адамның эмоционалды бағалау қабілеті тек басқа адамдармен араласу кезінде туатын жеке уайымдау тәжірибесінде ғана құрылмайды, сонымен қатар өнер туындыларын қабылдау кезінде, бұқаралық ақпараттардан да болады. Яғни адамның эмоционалды тәжірибесі оның жеке уайымдау тәжірибесінен әлдеқайда жоғары болады. Және бұл адамның эмоционалды ортасының дамуының бір факторы болып табылады. Эмоцияның бағалау немесе көрініс табу функциясы оның лепті функциясымен міндетті түрде байланыста болады. Оксфордтық ағылшын тілінің сөздігіне сәйкес, «эмоция» сөзі «mouvoir» француз глаголынан туындаған. Ол «әрекетке келтіру» дегенді білдіреді. Оны алғаш ХVII ғасырда қолдана бастаған. Ойға қарағанда сезімдерді көп айтған (қуаныш, көңіл, ауру және т.б.). С.Л.Рубинштейн «Эмоция өзіне еліктеу, көңіл, талпыныс, затқа қарай бағыттау немесе одан алшақтауды қосады» деп жазып кеткен. Эмоция қажеттіліктерді қанағаттандыру, тапсырманың шешімі табылатын ізденіс шегін басып ашады. Эмоционалды уайымдаулар адамды әрекетке итермелейтін қажаттіліктерді қанағаттандыратын және оған деген алақолдық қатынасты көрсететін пәннің бейнесін қамтиды. В.К.Вилюнес бойынша эмоцияның екі классы ажыратылады: басты және ситуациялы (немесе туынды). Олар қызметті атқаруға түрткі болады. Қажеттілікті қанағаттандыратын, бағыттандыру мақсаты – затқа бағыттандырылған басты эмоционалды уайымдаулар, өзінің басты адаптивті жүрісін көрсетеді. Жеке тәртіп этаптарын бағалаудан туындайтын ситациялы эмоционалды уайымдар субъектті бұрынғы бағыты бойынша әрекет етуге немесе тәртіп тактикасын өзгертуге, тәртіптің өзін өзгертуге бағыттайтын мақсатқа жету тәсілі.
Тұлғаның эмоциялық күйлерінің түрлері.
Эмоционалдық күй – бұл көңіл-күйді, ішкі сезімдерді, қозғаушы күштерді, тілектерді, аффектілерді және эмоцияларды біріктіретін тұжырымдама. Ашулану, тітіркену, қобалжу, истерия, күшін жоғалту, арманың, мен қалаймын немесе қаламаймын – бәрі эмоционалды жағдай.
Кейде өмірдегі барлық нәрселерді оңай деп атайды: «эмоциялар» ақылға қонымды («Енді эмоцияға барамыз …») немесе «сезімін» (керісінше «ақыл мен сезім») айырмашылығы бар.
Эмоциялық жағдай бірнеше секундтан бірнеше сағатқа дейін созылуы және одан да көп қарқынды болуы мүмкін. Ерекше жағдайларда, қарқынды эмоционалды жағдай осы уақытқа қарағанда ұзағырақ сақталуы мүмкін, бірақ бұл жағдайда психикалық бұзылулардың дәлелі болуы мүмкін.
А.Н. Леонтьев бойынша эмоциялық құбылыстардың жіктемелері: аффектілер, эмоциялар, сезім.
А.Н. Леонтьев эмоцияны іс-әрекет жүйесінде қарастырады. Ол: «Эмоциялар өзіне іс-әрекетті бағындырмайды, қозғалыстың механизмі және нәтижесі болып табылады». Эмоция ішкі сигналдар қызметін орындайды. Эмоция ерекшелігі, олар мотивтер арасындағы қатынасты бейнелейді. А.Н. Леонтьев: «мотивтер сезілмеген уақытта да, олар өздерінің психикалық бейнеленуін ерекше формада – әрекеттің эмоционалды бояуы формасында табады» деген пікір айтады [12].
Аффект пен эмоциялар өзінің ситуативтілігімен ерекшеленеді. Аффектілер А.Н. Леонтьев бойынша, әрекет соңында пайда болып әрі жағдайдың жалпы бағасын береді де, ал эмоциялар болған немесе мүмкін болатын жағдайға бағалау және жеке қатынасты бейнелейді. Сезімдер айқын сипаттағы заттық сипаттағы тұрақты эмоционалды бастан кешулер болып табылады және іс-әрекетке қатысады, бірақ жағдайға тәуелді болмайды.
В.А. Петровский жеке адамның эмоционалды дамуының екі аспектісін бөліп көрсетеді [13]:
эмоционалды күрделілікке адамның тартылуы;
өзге адамдармен эмоционалды бірлікті орнатуы.
Сонымен, мазасыздану дегеніміз – қиындық жағдайындағы әлеуметтік қажеттіліктер фрустрациясын бастан кешіру. Мазасыздануды бас миының қызмет етуімен байланыстыру негізінде мазасыздануды анықтауда психофизиологиялық бағалау әдісін қолдануға болатындығы айтылады. Жекелген мазасыздануды анықтауға арналған Спилбергер тестісін де атауға да болады. Мазасыздану басынан-ақ жеке адамның жағымсыз сипаты болып саналмайды. Әрбір адамда өзіне тән мазасыздану деңгейі бола- ды. Бұл – жеке адамның белсенділігінің шарты ретіндегі пайдалы мазасыздану. Ол мазасыздану өзін-өзі қайта құруға, өзін немесе ситуацияны өзгертуге дайындық сигналы ретіндегі мазасыздану болып табылады.
Стресс. Көңіл күй.
Достарыңызбен бөлісу: |