Операция жасалатын бөлмедегі мейіркештің міндеті және тәртіп ережесі. 1.Бұл бөлменің медицина қызметкерлері гигиеналық талаптарды қатал сақтауы керек .
2. тырнақтарын қысқа етіп алып,шаштарын орамал немесе қалпақ астына жинап,қолдарын таза ұстауы міндет.
3.Операция ақытында көп жүруге және сөйлеуге болмайды.
4.Операция жасайтын бөлмеге бөтен адамдар кіргізуге болмайды.
5.Операциялық бөлмені жоспарлы операцияға бір күн бұрын даярлайды.
6.Қолын зарарсыздандырғаннан кейін халат киеді,қолын қайтадан 96 градус спиртпен жуады,қолғап киеді.
7.Құрал-саймандар тұратын кіші үстелді жабдықтайды.
8.Хирургтің киінуіне көмектесуге операциялық мейіркештен басқа шаруашылық мейіркеш қатынасады.
9.Операция уақытында мейіркеш антисептика және асептика заңын қатаң сақтайды. Хирургтің қолы былғанып инфекция тарататынқаупі болса,мейіркеш дереу хирургтің қолын сулема ерітіндісімен жуғызады,қолғабын ауыстырады.
10. Операция біткенннен кейін құрал-жабдықтарды жуып,бөлменің тазалығын сақтайды.