Капитал - көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда адамның қабілеті, білімі. Капиталдың екі негізгі формасын айтуға болады:
өндіргіш капитал - өндіріс құрал – жабдықтары.
ақшалай капитал – ақша.
Капитал тиімді пайдалану арқылы ол иесіне табыс әкеледі, Капиталдың өсімі – пайыз деп аталады. Несие пайызы – белгілі бір мерзімде капитал иесіне оның құралдарын пайдаланғаны үшін төленетін бағасы. Несие пайызы капиталға деген сұраныс пен ұсыныс арқылы қалыптасады.
Капиталға деген сұранысинвестицияның пайдалылығына, экономиканың дамуына, мемлекеттің сұранысына, салым мерзіміне, салым салу саласына, тәуекелге және басқа да факторларға тәуелді.
Несие пайызы номиналды және нақтылы мөлшерілеме болып бөлінеді. Номинальды мөлшерлеме – бұл инфляцияның өсімін есепке алмай, ағымдағы нарықтық пайыздың мөлшерлемесі. Нақтылы мөлшерлеме - номинальды мөлшерлеме мен алдағы болатын инфляцияның өсімі арасындағы айырмашылық. Мысалы:
жылдық номиналды мөлшерлеме – 15%,
алдағы уақытта инфляцияның өсімі – 7 % (жылына)
нақтылы мөлшерлеме (15-7) = 8%
Жер рентасы – жер учаскесін уақытша қолданғанға төленетін төлем.
Жер рентасының екі түрі бар: дифференциальды және абсолютті.
Абсолюттік рента – бұл жер иелерінің иемденетін табыстарының бір түрі. Оның абсолюттік деп аталатын себебі – ол құнарлылығы мен басқа да жағдайларға байланыссыз жалға берілген барлық жерлерден алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болу салдарынан, жер иесіне жерге капитал пайдалану үшін төленетін төлем. Қай елде болмасын, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін құнарлы жермен қатар өнімділігі төмен жерлерді де пайдалануға тура келеді. Сондықтан, нарық бағасы құнарлылығы төмен жерде өндірілетін өнімдердің жеке өндірістік бағасымен өлшенеді.
Сондықтан, нашар деген жерлерден де орта пайдадан артық пайда алынатын болады. Мұндай артық пайданы абсолюттік рента түрінде жер иелері иемденді.
Дифференциальды рентаның қайнар көзі құнарлығы жоғары және нарыққа жақын жерлерде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеке өндіріс шығындары қоғамдық өндіріс шығындарынан әлдеқайда кем болады да, сондай жерлерді пайдаланатын жалгерлердің үстеме пайдасы болып табылады.
Дифференциалды рента екі түрде болады:
Жердің табиғи құнарлылығына және жер учаскелерінің нарыққа жақын орналасуына байланысты алынатын пайданың жал төлемі ретінде жер иелеріне көшуін дифференциальды І рента деп атайды.
Жердің құнарлылығын жасанды жолмен жақсарту арқылы алынатын үстеме пайданы дифференциалды ІІ рента деп атайды.
Жердің бағасы рентаға тура қатынаста да, несие пайызына кері қатынаста болады.