Ақша жүйесінің элементтеріне жататындар:
Ақша бірлігі. Бұл тауар бағасын анықтап өлшеу үшін қолданылады. Қазақстанда – теңге.
Баға масштабы. Бұл мемлекет анықтаған ұлттық қағаз ақша данасының металға бағаланған салмақ мөлшері.
Ақша түрлері. Бұған жататындар: мемлекет шағаратын банкноттар, монеталар, қазыналық билеттер.
Эмиссиялық жүйе – айырбасқа арнап заңды түрде ақша мен құнды қағаздар шығару тәртібі.
Ақша жүйесінің институттары – ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер.
Валюталық паритет – екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіреді.
Ақша түрлеріне байланысты айналыс жүйесі 2 типке бөлінеді:
металл ақшаның айналыс жүйесі – айналыста алтын және күміс монеталар жүреді, несие ақшалар металл- ақшаға еркін айырбасталады.
Несие және қағаз ақшаның айналыс жүйесі.
Бұл жүйеде айналыстан алтын шығарылады.
Қазіргі кезеңде ақша өз айналысында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға және керісінше өтеді.
Ақша массасы дегеніміз халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы.
Ақша массасының құрамы әр мемлекеттің өз несие-ақша жүйесімен, яғни ақша нарығы құралдарының дамуымен анықталады.
Біздің республикамыздағы айналыстағы ақша қаражатының құрылымына келсек, онда ол мынадай агрегаттардан құралады:
Мо –айналыстағы қолма-қол ақшалар.
М1= Мо + есеп айырысу немесе басқа депозиттік есеп - шоттардағы қалдықтар + чектік және аккредитивтік есеп - шоттар + талап еткенге дейінгі салымдар.