Тақырып 1 дәріс «Қаржы жүйесі және мемлекеттің қаржылық қызметі»
Түйінді сөздер: Қаржы, қаржы жүйесі, мемлекеттік қаржылар, мемлекеттің
қаржылық қызметі, мемлекеттің ақшалай қорлары және т.б.
Негізгі сұрақтар:
1. Мемлекеттік қаржылар: түсінігі, маңызы, принциптері, функциялары.
Мемлекеттік қаржылардың Қазақстан экономикасын нарықтық түрлендірулер
барысындағы ролі.
2. Мемлекеттің қаржы жүйесі: түсінігі, маңызы, аспектілері, қағидалары; функциялары.
Мемлекеттің қаржы жүйесі мен еліміздің қаржы жүйесі: айырмашылықтары, буын-
бӛлімшелері, нормативтік-құқықтық негіздері.
3. Мемлекеттің қаржылық қызметі: түсінігі, негізгі функциялары, міндеттері, мақсаты,
құқықтық негіздері. Мемлекеттің қаржылық қызметі – мақсат-бағдарлы, жоспарлы
қызмет.
4. Мемлекеттің қаржылық қызметінің түрлері, принциптері, негізгі әдістері, қаржылық
қызметті жүзеге асырушы уәкілетті органдар, құқықтық нысандары. Мемлекеттің
қаржылық қызметінің саласында заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдері.
Тезис:
Мемлекеттің қаржылық қызметі мемлекеттің біртұтас ӛзінің немесе оның уәкілетті
мемлекеттік органдарының Қазақстан Республикасының қаржылық құрылысын
ұйымдастыру және оның тұрақтылығын, тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету оның
тұрақтылығын, тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, қоғамдық мемелекеттік
мүдделердің әлеуметтік экономикалық және саяси әкімшілік басымдықтарын айқындау
сондай-ақ мемлекеттік функцияларды атқаруға қажетті ақшалай қорларды қалыптастыру
бӛлу және оларды пайдалануды ұйымдастыру елдің қаржы жүйесін халықаралық қаржы
жүйесіне интеграциялау жӛніндегі және т.б. қимылдары мен қызметін қамтиды.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің басты мақсатына қоғамның әлеуметтік экономикалық
инфрақұрылымдарының тиесінше жұмыс істеулері үшін ыңғайлы жғдай жасау оның
ішінде қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды, ауыл-селоның ӛндірістік және
әлеуметтік инфрақұрылымдарын дамыту сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда
ұйымына кіруі жӛніндегі қаржылық экономикалық дайындық іс-шараларын аяқтау
жатады.
Мемлекеттің қаржылық қызметі:
1. Қазақстан Республикасының инвестициялық қаржылық кешенін дамытуға, қаржы
рыногын және ақша жүйесін ұймдастыруға, оның ішінде ұлттық валюталық жүйені
жетілдіруге және қоғамның ақшалай инфрақұрылымның тиісінше жұмыс істеуіне
қолойлы жағдай жасауға;
2. Мемлекеттік билік және басқару органдарының, құқық қорғау органдарының,
оның ішінде қаржылық құқықтық тәртіпті қорғау органдарының жұмыстары мен
қызметінің тиісінше іске асырылуына сондай-ақ отанды қорғау ісі мен елдің қауіпсіздігін
және экономикалық егемендігін қамтамасыз етуге қажетті мемлекеттің қаржылық
экономикалық әлеуетін күшейтуге;
3. Мемлекеттің қаржылық ресурстарын қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму
басымдықтары мен қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ
нарықтық қатынастардың және ӛркениетті қаржы рыногының дамуына ықпалын тигізуге
пайдалану тәрізді негізгі міндеттерді шешуге бағдарланып нысаланған.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің негізгі бағыттары:
-
мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру;
-
мемлекеттің қаржылық ресурстарын бӛлу;
-
мемлекеттің қаржылық ресурстарын пайдалануды ұйымдастыру;
-
мемлекеттік қаржылық жоспарлауды жүзеге асыру;
-
мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бӛлу және пайдалануды
ұйымдастыру барысында мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру;
-
мемлекеттің мамандандырылған қаржылық кредиттік және фискалдық
органдарын қалыптастыру;
-
қаржылық заңнаманың және ӛзге де нормативтік құқықтық актілердің бұзылғаны
үшін заңи жауапкершілік белгілеу;
-
Қазақстанның Халықаралық Валюталық Қор құзырындағы қаржылық-
экономикалық позициясын нығайту;
-
Қаржылық ӛкілеттіктер пен қаржылық ресурстарды орталық және жергілікті
мемлекеттік басқару оргнадарының арасында бӛлу жӛніндегі жұмыстарды одан
әрі жалғастыру;
-
Қазақстанның халықаралық қаржы жүйесіне интеграциялануын жалғастыру;
-
Қазақстан аумағындағы валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге
асыру;
-
Қазақстан Республикасындағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету;
-
Мемлекеттің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
-
әкімшілік аумақтық бірліктердің қаржылық экономикалық дербестіктерін және
жауапкершіліктерін күшейту;
-
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жӛніндегі қаржылық
экономикалық және т.б. дайындық іс шараларын аяқтау;
-
Ауыл-селоның ӛндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарын тиісті деңгейде
дамытуға қажетті мемлекеттік қаржылық инвестициялық және кредиттік
кӛмектер кӛрсету барысында жарқын кӛрініс табады.
Мемлекеттің қаржылық қызметі:
-
қоғамдық мемлекеттік қажеттіліктер мен мүделердің басымдығы;
-
қоғамның бақылауында болу және қоғамға есеп беріп отыру;
-
заңдық және жариялылық;
-
мемлекеттің қаржылық ресурстарын пайдалану кезіндегі үнемділік;
-
стратегиялық экономикалық қаржылық мақсаттар мен макроэкономикалық даму
кӛрсеткіштерін есепке алу;
-
орталық және жергілікті мемлекеттік билік органдарының қаржылық құзыретін
бӛлу әрі олардың аражігін ажырату;
-
кӛзделген экономикалық қаржылық мақсаттарды іске асыру жолдары мен
тәсілдерін ғылыми негіздеу;
-
жоспарлылық және нормативтілік.
-
Тиімділік және айқындылық.
Қаржы жүйесінің әрі Қазақстандағы бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету
сияқты және т.б. қаржылық құқық нормаларында бекітілген принциптерге негізделіне
отырып жүзеге асырылады.
Ӛз аяларына орай мемлекеттің қаржылық қызметінің:
-
бюджеттік қызмет
-
мемлекеттік валюталық қаржылық қызмет
-
мемлекеттік қаржылық банктік қызмет
-
мемлекеттік кредиттік қаржылық қызмет
-
мемлекеттік қаржылық сақтандыру қызметі;
-
мемлекеттік қаржылық шаруашылық қызметі
-
салықтық қызмет
-
Мемлекеттік инвестициялық қызмет
-
Мемлекеттік қаржылық жоспарлау;
-
Мемлекеттік қаржылық бақылау сияқты түлері болады.
Қазақстан Республикасының қаржылық құрылысы ауқымындағы мемлекеттің қаржылық
қызметі мемлекеттік ақшалай қорларды қалыптастыру мемлекеттік ақшалай қорларды
бӛлу және ақшалай қорларды пайдалануды ұйымдастыру тәрізді негізгі үш әдіс арқылы
жүзеге асырылады.
Мемлекеттік ақшалай қорларды қалыптастыру әдістеріне:
-
ақша қаражаттарын олардың иелерінен мәжбүрлі әрі қайтарымсыз түрде алып
қою;
-
ақша қаражаттарын олардың иелерінен мәжюүрлі бірақ қайтарымды түрде алып
қою;
-
ақша қаражаттарын және қайтарымсыз түрде тарту;
-
Ақша қаражаттарын ерікті және қайтарымды түрде тарту
-
Мемлекеттік қызмет кӛрсету негізінде ақша қаражаттарын тарту;
-
Мемлекеттік мүлікті сатудан және пайдаланудан түскен ақша қаражаттарын
мемлекет кірісіне айналдыру.
-
Ақша және мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы жатады.
Мемлекеттік ақшалай қорларды бӛлу әдістері;
Мемлекеттің ақша қаражаттарын бюджеттен біржола қайтарымсыз әрі ақысыз түрде
беру арқылы қаржыландыру. Мемлекеттің ақша қаражаттарын қайтарымды әрі ақылы
негізде және белгілі мерзімге уақытша пайдалануға кредит ретінде беру. Мемлекеттің ӛз
кредиторлары алдындағы қаржылық міндеттемесін орындауы жолымен іске асырылады.
Мемлекеттік ақшалай қорларды пайдалануды ұйымдастыру. Ақашалай қорларды
пайдалану басымдығын және бағыттарын белгілеу. Мемлекеттің ақшаай қорларынан
алынған ақша қаражаттарын пайдалану тәртібін белгілеу. Мемлекеттің ақша
қаражаттарын пайдалануды жоспарлау. Мемлекеттің ақша қаражаттарын берудің
қаржылық нормативтерін және шекті мӛлшерін белгілеу. Мемлекеттік кәсіпорындардың
пайдаларын бӛлудің нормативтерін және тәртібін белгілеу.
Ақшалай қорларды пайдалану процесіне мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу
сияқты әдістер арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің аясы қаржылық құқықтың ауқымы болғандықтан
уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті ақшалай қорларды қалыптастыру бӛлу және
оларды пайдалануды ұйымдастыру жӛніндегі қызметі әрқашанда қаржылық құқықтық
нормалардың негізінде тек құқықтық нысанда жүзеге асырылады. Мемлекеттің қаржылық
қызметінің құқықтық нысандары ретінде қаржылық қызметтің жалпы және арнаулы
мәселелері бойынша ӛз құзыреті шегінде уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдаған
нормативтік қаржылық құқықтық актілері кӛрініс табады.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық негіздерін Қазақстан Республикасы
Конституциясының тиісті ережелері мен қаржылық заңнамаық актілері құрайды.
Қаржылық заңнамалық актілері арнаулы және жалпы болып бӛлінеді. Арнаулы қаржылық
заңнамаға нормативтік қаржылық құқықтық актілері ал жалпы қаржылық заңнамаға
мемлекеттің қаржылық қызметін белгілі бір кӛлемде реттейтін Қазақстан
Республикасының ӛзге де заңнамалық актілерінің нормалары жатады.
Қаржылық құқықтық актілері ӛздерінің заңи мән-жайларына байланысты
нормативтік және жекелей қаржылық құқықтық актілер болып бӛлінеді. Сонымен қатар,
қаржылық құқықтық актілердің бір түріне жоспарлы қаржылық актілер жатады. Осындай
актілер бір мезгілде нормативтік және жекелей сипатта болады. әдетте оларды аралас
қаржылық құқықтық актілер деп те атайды.
Сонымен мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық нысандарына:
1.
нормативтік сипаттағы біржақты қызметінің құқықтық нысандарына:
2.
заңға тәуелді жекелей қаржылық құқықтық актілер шығару.
3.
екі жақты қаржылық құқықтық актиілерді жасасу.
4.
мемлекеттің нақты қаржылық құқықтық қатынастың субьектісі ретінде
ӛзіне тиесілі құқықтары мен міндеттерін ӛз уәкілетті органы арқылы іске
асыруы жатады.
Бүгінде, Қазақстан Республикасындағы тиісті қаржылық қызметі жүзеге асыруға
уәкілетті мемлекеттік органдар:
Қазақстан Республикасы Парламенті
Тиісті әкімшілік аумақтық құрылыстардың Мәслихаттары
Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қазақстан Республикасының Экономикалық сауда және даму министрлігі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволары
Тиісті әкімшілік аумақтық құрылстардың Әкімдіктері
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті
Қазқстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік
сатып алу комитеті.
Қазқстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комиетті
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасының Даму банкі
Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жӛніндегі
Қазақстан Республикасы Агенттігі иерархияны сақтай отырып ӛздеріне тиесілі орындарға
ие болған.
Достарыңызбен бөлісу: |