Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру – ең алдымен еліміздегі энергетикалық қорларды тұтыну көлемін төмендетуге бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, экономикалық және басқа да шараларды іске асыру болып табылады.
«Энергия үнемдеу – 2020» бағдарламасы
Мақсаты: Энергия тұтынуды төмендету және отын-энергетикалық ресурстарды тиімсіз пайдалануды қысқарту арқылы Қазақстан Республикасы ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын төмендету және энергия тиімділігін арттыру үшін жағдай жасау
Міндеті: Энергия тұтынуды төмендету және отын-энергетикалық ресурстарды тиімсіз пайдалануды қысқарту арқылы Қазақстан Республикасы ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын төмендету және энергия тиімділігін арттыру үшін жағдай жасау
Экономиканың әртүрлі секторларында энергия тиімділігін арттыру индикаторы ретінде көптеген индикаторлар алынуы мүмкін, атап айтқанда:
Экономиканың әртүрлі секторларында энергия тиімділігін арттыру индикаторы ретінде көптеген индикаторлар алынуы мүмкін, атап айтқанда:
өнеркәсіп секторында:
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (бұдан әрі – ТКШ) секторында:
көлік секторында:
Көлік секторындағы энергия үнемдеу
Көліктің үлесіне сұйық көмірсутекті тұтынудың жалпы көлемінің жартысынан астамы, көмірқышқыл газының барлық шығарындыларының төрттен бір бөлігі (23 %) жатады. Бұл ретте автомобиль көлігінің үлесіне ластаушы заттардың барлық шығарындыларының 73 % жатады.
Дамыған елдердің көпшілігінің ЖІӨ-дегі көліктің үлесі 4-9 % аралығында, халықтың жұмыспен қамтылуында – 3-8 %.
Коммуналдық сектор
Еліміздің коммуналдық секторы желілер тозуының жоғарғы деңгейі мен энергия ресурстарын өндіру, генерациялау, жеткізу және тұтыну кезіндегі шығынның елеулі үлесімен сипатталады. ТКШ-дегі кәсіпорындардың жалпы саны 336, оның ішінде 164 кәсіпорын шығынды болып табылады. Коммуналдық кәсіпорындардың технологиялық жабдықтарының тозуы 41 %-дан 100 %-ға дейін құрайды.
Осыған байланысты, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралардың әсерін мыналарға бөлуге болады: 1) экономикалық әсерлер (энергия үнемдеу бойынша барлық іс-шаралар энергия ресурстарын тұтыну шығындарын үнемдеу есебінен белгілі бір мерзімде ақталады); 2) экономика бәсекелестігінің жоғарылауы (өнеркәсіптік сектор мен ел инфрақұрылымы жаңғыртылады); 3) экологиялық әсерлер (энергия тиімділігі – «жасыл» экономика жолына өтудің негізгі құралы); 4) байланысқан әсерлер (ғылым дамиды, инновацияларды енгізуге алаң ашылады, энергия менеджменті саласындағы мамандар үшін жаңа жұмыс орындары ашылады).

2005 жылғы АҚШ доллары бағасымен Қазақстан Республикасы ЖІӨ энергия сыйымдылығының өзгерісі.