Геморрагиялық васкулит – микротамырлардың қабырғасының асептикалық қабынуымен және микротромбтардың түзілуімен сипатталатын, тамыр және ішкі ағзалардың зақымдалуымен ерекшеленетін жүйелік васкулиттер тобының ауруы.
Этиологоя: эндогенді себептері: вирусты (герпес, грипп, ЖРВИ); бактериалды (стрептококк, стафилококк, туберкулез микобактериясы, микоплазма); паразитарлы (трихомониаз, глисттi инвазия); iшек токсикоинфекциялары коздыргышы. Тұқым қуалаушылық. экзогенді себептер: дәрі-дәрмек қабылдау, жоғары немесе төмен температура, вакцинация, алиментарлы аллергия, геморрагиялық васкулит
Ауру жедел басталады. Дене температурасы 38-39 дейін жоғарылауы байқалады. Науқас тәбетін төмен, әлсіз, шаршағыш болып келеді. Сонымен қатар бас ауру, дене қызуының жоғарылауы, мазасыздық қосылады. Геморрагиялық васкулит терілік түрінің сипаттамасы, мұрыннан қан кету, терінің полиморфты зақымдануы, ангионевротикалық ісік, тері симметриялы зақымдануы 2-3 мм эритематозды дақ, ауыр ағымда некроздық пурпуралар.
Геморрагиялық васкулиттің буындық синдромы - ірі буындар зақымдануы, қайтымды процесс, буын деформациясынсыз, ұшпалы сипаттанып, өзгеріп отырады.
Геморрагиялық васкулиттің абдоминальді синдромы - кіндік айналасында ұстамалы қатты ауырсыну, іш кебу аздаған, бірақ бұлшық еттері керілмейді ішек түйілу, инвагинация, инфаркт, перфорация, перитонит, рәжіс жиілеуі, сирек қан аралас құсық.
Геморрагиялық васкулиттің бүйректік синдромы - транзиторлы – өткінші гематурия лапилляротоксикалық нефрит, нефротикалық синдроммен гематуриялық түрі. Геморрагиялық васкулит диагностикасы: лабораторлы зерттеу әдістері: жалпы қан анализі, жалпы зәр анализі, қанның биохимиялық анализі, коагулограмма.
Диагноз клиникалық (синдромдардың болуы) лабараториялық қан анализінде (лейкоцитоз, нейтрофилез, эзинофилия, тромбоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы, айналымдағы иммунды кешендер артуы. Зәр анализінде (егер балада нефрит дамыса көрінеді, зәр қалдығының өткінші өзгерістер қалуы). Биохимиялық қан анализінде бүйрек зақымдалуы болса, қан сарысуында калий және шлактар өзгеруі байқалады, қажет болса функциялық сынамалардағы мәліметтер коагулограммадағы өзгерістер, (гиперфибриногенемия, фибриндегидратация өнімдерінің артуы) негізінде қойылады.