Қанды биохимиялық зерттеу (қан сары суындағы ақуызды билирубиннің құрамын және оның қызметін, ферметтерін т.б анықтау) және бауырды көк бауырды радиоизотопты зерттеу , бауырды ультрадыбыспен зерттеу,бауыр (биопсияға) пункциясы.
Емдеу: Емдәм 5, витамин В, липо қышқылын немесе липомид, сонымен қатар «эссенциале» препараты, преднизолон немесе иммуно-депресанттар ( делагил, плаквенил) курсын жүргізеді,антибиотиктер тағайындалады.
Алдын алу: жедел гепатиттің таралуын сақтандыру (А гепатит- вирусты гепатит және В гепатит сары су). Диспансерлік тіркеуге алынады. Алдын алу мақсаты, аурудың пайда болатын басты себептерін болдырмау (ауыр металдармен, гепатотропты улармен байланысты жою). Ішімдік шектеу, құнарлы тамақтану (құрамында ақуыз, витамині көп тамақтарды қолдану)
Бауыр циррозы- бауыр паренхима стромасының дистрофиялық және некроздық зақымдауынан, бауырда регенерация және дәнекер тінінің жайылмалы өрбуін тудыратын бауырдың созылмалы және үдемелі ауруы. Сонымен қатар, бауыр паренхимасы мен тамыр жүйесінің құрысылы өзгеріп, портальды гипертония дамиды. Бауыр тінінің дәнекер тінмен алмасуы, бауыр функцияларының бұзылуына себеп болады.
Этиологиясы: бауыр циррозы себептері:
Инфекция (гепатит вирустары т.б)
Алиментарлы фактор (маскүнемдік, тамақта белок және витамин жеьіспеуі)
Токсико –аллергиялық фактор (иммундық өзгерістер , көтеріңкі сезімталдық)
Холестаз
Уланулар (организмге сырттан келетін улар)
Конституциялық генетикалық факторлар
Клиникасы : Оң жақ қабырға астынан не төс астынан сыздап ауырады, майлы тамақтан кейін көп сұйықтық қабылдағаннан кейін және дене қызметінен кейін күшейеді. Диспепсиялық шағымдар, жүдеу, қызу көтерілуі, сарғаю, қан кету және терінің қышуы,жалпы әлсіздік, ұйқы қашу,тез шаршау болады, тәбеттің төмендеуі, лоқсу, құсу, іштің кебуі және іш өту Өңештің варикозды веналары мен геморрой веналарынан қан кету – порталды гипертоникалық синдром белгісі.
Қарау: Циррозбен ауыратын адамның жалпы ерекшелігі: бұл аурудың бет терісінің түсі сұрғылт тартқан, не сарғыш, еріндері мен тілдерінің ұшы қызарған, аяқтары жіңішкеріп, іші өскен. Цирроздың «ұсақ» белгілері:
-«Тамыр жұлдызшалары»
-Алақанның қызаруы
-Ерін , ауыз іші, тілдің түсі ашық қызыл болуы.
-Ксантоматозды түймелер ( билиарлы циррозға тән)
-Саусақтар «дабыл таяқшасына» тырнағы «сағат әйнегіне» ұқсас болуы.
-Ішті қарағанда: іштің өсуі.
-Бауыр қызметінің жетіспеушілігі синдромы
Бауыр гепатоциттерінің дистрофиясы немесе жойылуы бауыр жетіспеушілігіне алып келеді.
Бауыр жетіспеушілігінің түрлері:
1) Жедел
2) Созылмалы
Жедел бауыр жетіспеушілігі тез арада ( 3-4 сағаттан 2-3 күн арасында ) дамиды.
Созылмалы бауыр жетіспеушілігі бірте-бірте бауырдың созылмалы ауруларынан кейін пайда болады(гепатит, бауыр циррозы) бауыр жетіспеушілігіне бауыр комасы мен энцефалопатиясы жатады. Бауыр комасы - бұл бауыр қызметтерінің толық тоқтағандығынан пайда болған организмнің өзін-өзі уландыру.
Достарыңызбен бөлісу: |