Ауырсыну синдромы
Aуыруы эпигастрий аймағында басталып,кейін оң жақ қабырға астына ауысады.Кейбір науқастарда іштің ауыруы өт қабы және өт жолдарының тұсында басталып,жоғары немесе іштің оң жақ жартысына тарайды,өте қатты шыдатпайтын ауырсыну болады.Пайда болуы:
қобалжу, диета бұзылуы, тоңазумен, майлы тағам ішу, көп тамақтану. Өттас ауруында, селкілдететін жолда көлікпен жүру,секіру,ауыр зат көтеру кезінде пайда болуы мүмкін.
Иррадиациясы
Ауыру сезімі оң жақ иыққа,жауырын астына,арқаның оң жақ жартысына,мойынға, желкеге,төс сүйегінің ішкі бетіне,жүректің орналасқан аймағына тарайды. Төс – бұғана – шықшыт бұлшықеттерін саусақпен басқан кезде ауырсыну болады(Мюсси симптомы) немесе өт қабының тұсы ауырады (Георгиевский симптомы). С.П.Боткиннің айтуы бойынша холециститтің «стенокардиялық» түрінде иррадиация жүрек аймағына,төстің артқы жағына берілуі мүмкін.Диспепсиялық көріністер:жүрек айну;ауамен кекіру;ауызда ашты дәм сезу; құсу, тәбет төмендеуі, кей тағамдарды көтере алмау(майлы , қуырылған, уксусы бар). Құсу жеңілдік әкелмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |