Өт жолдары дискинезиясының гиперкинетикалық түрінің клиникасына тән белгілер;
Оң қабырға астының кенет өткір шаншып, түйіп, ұстамалы ауыруы. Ұстамалар бірнеше минуттан бір сағатқа дейін.Шаншудың себебі- Одди Люткенс сфинктерінің және өтқабының бір-бірімен келісімсіз, яғни бір уақытта түйілуі, осыдан өтқабыішілік қысымның кенет биіктеуінен өтқабы қабырғасының керілуі.Ауру сезімі оң иыққа, жауырынға, кейде кеуденің сол жағына тарайды. Күніне бірнеше рет қайталанады. Кейде жүрек айну, құсу, нейровегатативтік синдромдар (терлеу, тахикардия, гипотания, әлсіздік, бастың ауру) байқалады. Дене қызуы қалыпты, лейкоцитоз жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |