Себептері:
- Зәр қышқылы синтезіне әкелетін пурин метаболизміне қатысатын ферменттердің генетикалық бұзылыстары.
- Бүйрек ферменттерінің гипофункциясы
- Пуриндік негіздерге бай тағамдармен артық тамақтану, етті тағамдар, ішімдік(сыра, шарап), , сүтті, балықты, уылдырықты, кофе, какао, шоколадты көп қолдану
бүйрек қызметінің бұзылысы, липидті алмасу бұзылысы, лейкоз
Гиподинамия
Ішімдік
Аяққа түскен жарақаттар
Хирургиялық араласулар
Кейбір дәрілік заттарды қолдану — цитостатиктер, салуретиктер, туберкулезге қарсы заттарды ұзақ уақыт қолдану
Подаграның дамуының 4 сатысы бар:
Подагралық артрит
Тофустар ( жұмсақ тіндерде және шеміршектерде, сүйекте натрий кристалл ураттарының жинақталуы)
Подагралық нефропатия
Уратты тастардың түзілуімен жүретін нефролитиаз
Клиникалық белгілері:
Типті жедел ұстама ( 3-10 күн ) – кенет басталады, продромальды кезең болуы мүмкін (әлсіздік, субфибрилитет, бастың ауруы, артралгиялар). Ұстаманы шақырады: майлы тағам, алкоголь, суық тию, жарақат. Бірінші бақайдағы кенеттен басталған қатты ауырсыну, ауырсыну түнде басталады, буын ұлғаяды, терісі қызады, көкшіл –қызыл түсті болуы мүмкін тері түсі, түзілген томпаюлар (тофустар) тығыз болады. Ауырсыну кезінде дене қызуы 38-39° С дейін жоғарылайды. Подаграның негізгі белгілерінің бірі тофустар болып табылады. Тофустар дегеніміз – ураттар немесе жиналып қалған тұздар, дәнекер тіндерінен тұратын подагралық түйіндер. Орналасуы – құлақ қалқаны, білезік буыны, өкше, тізе, аяқтың бірінші бақайында , табанда, өкшеде, мұрынның шеміршегінде, қол басында -ұсақ буындар айналасында, саусақтың жұмсақ бөлігінде, бұдан басқа өкше сіңірі аймағында, синовиальді қапшықтарда кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |