Байланысты: Та ырып 1 Кросс-м дени психология а кіріспе Ма саты
Н.Миллер, Д.Доллард және Л.Берковицтің фрустрацияны болжауы бойынша агрессиялық адам немесе топ фрустрацияға тап болғанда пайда болады. Агрессияның объектісі болып топтың белгісімен бірлескендер шығуы мүмкін. Мұндай белгі ретінде этностық немесе нәсілдік түрі болады. Бұл фрустрация – агрессия туралы көзқарас кейіннен нақты орын алған көптеген нәсілдік көтерілістерді зерттеулерде расталған.
Адамның басқа топтармен қарым – қатынасын және айырмашылығын талдағанда, «өз беделін орнықтыруға ұмтылатын тұлға» концепциясын құрған Т.Адорно көзге түседі. Оның пікірі бойынша басқа топқа деген қарым – қатынасы отбасына, сонымен қатар, баланың балалық шағындағы әлеуметтенуіне байланысты. Егер адам қатаң тәртіптегі отбасында тәрбиеленсе, оның агрессиясы өзіне сай келмейтін адамдарға жұмсалады. Мұндай «өз беделін орнықтыруға ұмтылатын тұлға» жат халыққа агрессиясын, жарамсыз қатынасын көрсетеді.
(М.Шериф) Қақтығыстардың теориясы, топаралық қақтығыстар топтардың бір-бірімен келіспеушілігі нәтижесінен пайда болады, орнығады, бір топ екіншіге залал келтіріп жеңіске жетеді. Этностық топтардың бәсекелесі алааусыздыққа келтіреді. Осы теорияның қисынына келсек, топаралық алаусыздық осы топтық іс - әрекеттің ең маңызды себебі болып табылады деп шешім шығаруға болады. Осы концепция көзқарасы негізінде топаралық қатынасты зерделеуге әлеуметтік – психологиялық қалыптасуы дамыды.
Әлеуметтік ұқсастыру теориясы (А.Тешфел) топаралық қақтығыстардың пайда болуына мақсаты және мүддесінің келіспеуімен қатар, кейде өзінің сол топқа жататынын сезінуі де себеп болатынын дәлелдейді.
Американдық ғалым Дж.Бертон 90 жылдары ұсынған «адамдардың қажеттілік теориясында» этностық қақтығыстар адам құқығын шектен тыс қорғаумен байланысты деп дәлелдейді. Мұның арасында ерекше орын алатын этностық қажеттілік, этностық топтың тіршілігімен байланысты. Осы қажетіліктерді шектен шығарғанда қайшылық пен қақтығыс шығады.
Сонымен, жоғарыда келтірілген психологиялық концепцияларды талдау нәтижесі бойынша, этностық қақтығыстар топаралық қарым-қатынастардан пайда болады.
В.А.Тишковтың түсіндіруі бойынша, этностық қақтығыстың келесі деңгейлері бар:
латенттік деңгей, қақтығыстың аздығын білдіреді.
қақтығыстың басталу деңгейі, даудың латенттік сатыдан ашық қақтығысқа көшуі;
Г.У.Солдатова, Ю.Платонов қақтығыстың 4-фазасын атайды: латенттік, фрустрациялық, қақтығыстық және дағдарыстық.
Т.Стефаненко әлеуметтік – психилогиялық феномен ретінде қақтығыстың дамуын есептей отырып, ең алдымен қақтығыс тудыратын жағдайды анықтайды. Сондай–ақ ол әлеуметтік бәсекелестік түрінде көрінуі мүмкін. Өте маңызды болып қақтығыстың туу және күшею кезеңі саналады. Қақтығыстардың митингтерден соқтығысқа, одан әрі қанды және әскери қақтығыстарға көшетіні ең жоғары саты болып саналады
Этностық қақтығыстың ең соңғы сатысы оның шешілуі, реттелуі.