Тақырып 10. Білім және әлеуметтік теңсіздік



Дата07.02.2022
өлшемі18,76 Kb.
#91229
Байланысты:
Тақырып 10


Тақырып 10. Білім және әлеуметтік теңсіздік
Тапсырмалар
1. Жаһандық перспективадағы білім беру
2. Білім берудің қолжетімділігі, мәдени капитал және теңсіздік
3. Білім берудің әлеуметтанулық перспективалары
ХХІ ғасырдағы білім беру кез келген қоғам мен мемлекет дамуының маңызды стратегиялық ресурстарының бірі, бұл ретте жаһандану, аймақтандыру және интернационалдандыру мемлекет пен білім берудің әлемдік жүйесі дамуының көкейкесті үрдістері болып табылады. Жалпы, жаһандану феномені экономикаға, саясатқа, мәдениетке, бұқаралық ақпарат құралдарына әсерін тигізе отырып, білім беруге де, әсіресе жоғары білім беру жүйесіне ықпал етеді. Бұл жағдай ЕҰУ-нің даму стратегиясында ескерілді, себебі университетіміз өзін мамандарды кәсіби даярлау мен ғылыми зерттеу саласында халықаралық әріптестікке бағыт алатын зерттеу университеті ретінде қарастырады. Сондай-ақ жаһандану үдерісі білім беру жүйесі мен мемлекеттер дамуының аймақтық ерекшеліктерін жоққа шығармайды, мысалы, бұл үрдістің жарқын бейнесі Болон үдерісі аясындағы жоғары білімнің интеграциясында байқалады. Сонымен қатар жоғары білімнің интернационалдандыруы білім алушылардың, оқытушылардың және зерттеушілердің академиялық ұтқырлығы және барлық деңгейлерде кәсіби мамандарды дайындау бағыттары бойынша білім мазмұнын үйлестіру арқылы жүзеге асырылады. Жаһандану, аймақтандыру және интернационалдандыру жоғары білім беруді дамытудың әлемдік трендтері ретінде көптеген түйінді үдерістерді анықтайды. Олар: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, әсіресе ең маңыздысы ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялары; университеттік білімнің маңызын бейнелейтін және оның іргетасын сақтайтын білім мен ғылым интеграциясының ұштасуын тереңдету; академиялық еркіндікті кеңейту мен басқару жүйесін өзгерту арқылы университеттердің автономиясын дамыту; қосымша білім беру қызмет түрлерін ұсыну, оның ішінде «өмір бойы білім алу» принципін жүзеге асыруға байланысты.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.
Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.
Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет