Тақырып №12. Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынастар


Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар



бет2/3
Дата25.03.2022
өлшемі28,86 Kb.
#136769
1   2   3
Байланысты:
№12 cеминар саясаттану Жуман Молдир

Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар
Әлемдік саясат деп мемлекеттердің және басқа халықаралық субьектілердің әлемдік сахнадағы іс- әрекетінің жиынтығын айтады. Ол әлемдік қауымдастықтың өміріне қатысы шешімдерді шығару, қабылдау, және оларды жүзеге асыруды, мемлекеттердің түбегейлі мүдделеріне сәйкес ұстанымдар мен мақсаттарды қамтиды.
Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүргізген іс — әрекеттері жатады. Халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар және т.б. арасындағы қоғамдық қатынастар кіреді. Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси , экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатынастарының жиынтығын айтады.
Мемлекеттердің халықаралық қатынастар-ындағы жағдайы, ондағы орны көптеген себептерге байланысты. Солардың ішінде ең бастысы – мемлекеттің күшінің арақатынасы, арасалмағы. Ғасырлар бойы мемлекеттің күші оның әскери қуатында деп саналды.Сондықтан мемлекеттер жан- жақты қаруланып, көрші елдерді жаулап алуға тырысты. Елдің әскери қуаты қәзір де жоғары бағаланады. Дегенмен, соңғы кезде экономикалық артықшылықты, байлықты ұлғайтуды басқа елдердің қазынасын зорлықпен жаулап алу арқылы жасауға болмайтындығы анықталды. Өйткені қандай ел болмасын қазір халықтардың сана – сезімі өскен, өз басын біреудің құлдығына бере қоймайды. Оның үстіне қазіргі қару- жарақ негізінен қай елде болмасын бар, ал болмаса, оны қайткен күнде де қолына түсіріп, өз елін қорғау үшін толығымен пайдалануға тырысады.
Қазақстанның сыртқы саясаты.
Сыртқы саясат – мелекеттің халықаралық қарым – қатынаста ұстанған бағыты. Ол осы мемлекеттің өз қағидалары мен мақсаттарына сәйкес басқа мемлекеттермен жасайтын қарым – қатынастарын реттейді. Сыртқы саясаттың негізгі өзегі – ұлттық мүдде. Ол ұлттың еркін және тәуелсіз мемлекет есебінде сақталуын, өмір сүруін, сыртқы қауіптен қорғануын, ұлттық әл – ауқаттың өсуін, халықаралық аренада мемлекеттің экономикалық және саяси позициясын қорғауды қамтиды.
Сыртқы саясат мемлекеттің ішкі саясатымен тығыз байланысты. Мемлекеттің саяси жүйесі, билік тұтқасының бағыт – бағдары, алға қойған мақсаты, саяси құрылымы, даму деңгейі — бәрі сыртқы саясатпен ұштасып жатады. Сондай – ақ, мемлекеттің географиялық жағдайы, оның стратегиялық маңызы, этнодемографиялық құрылымы, тарихи қалыптасқан дәстүрлері, жер қойнауының байлығы сияқты факторлар да оның халықаралық қауымдастықтағы беделі мен мәртебесін, сыртқы саясаттың қадау принциптерін анықтауда шешуші роль атқарады
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жолына түсіп, өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыруға бағыт алғаннан бергі уақытта дүниежүзілік қоғамдастықта ылайықты орын алуға барынша қызмет істеп келеді. Бүгін таңда әлемнің 150- ге жуық мемлекеті оның тәуелсіздігін танып, 100 – ден астам елмен дипломатиялық қарым қатынасқа түсіп, экономикалық, ғылыми- техникалық, мәдени байланыстар дамытуда. Қазақстанның тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне ұлы державалардың тарапынан кепілдік берілді. Оның Еуропа мен Азияның түйілісіне орналасуы, табиғи байлықтар, ұлан – асыр аумағы, көп ұлтты этнодемографиялық құрылымы – сыртқы саясатты анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет