Жоспар:
1. Халықаралық экономикалық қатынастар- заманауи мемлекеттердің негізі.
2. Қазіргі әлемдегі мемлекеттің халықаралық экономикалық ұйымдары және интеграциялық бірлестіктері.
Халықаралық экономикалық қатынастар- заманауи мемлекеттердің негізі. Әлемдік шаруашылықтың даму ерекшеліктерінің бірі тұйықталған ұлттық шаруашылықтың жүргізу тәжірибесінің бірте-бірте сыртқы нарыққа бағытталып, ашық экономикаға көшу. Көптеген саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер нәтижесінде дүниежүзілік шаруашылықта өзгерістер болды. Соған байланысты бүкіл дүниежүзілік шаруашылық бір тұтас жүйе ретінде қалыптаса бастады. Бірақ елдердің даму деңгейлері бірдей емес.