Тақырып 15. Әдістемелік жұмыстар және мұғалімдерді аттестациялау



бет1/2
Дата30.12.2022
өлшемі36,5 Kb.
#164907
  1   2
Байланысты:
Ta yryp 15 pedagogika
Диcc.Оқу процесінде оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру, 15-лекция

Тақырып 15. Әдістемелік жұмыстар және мұғалімдерді аттестациялау
Мақсаты – мектептегі әдістемелік жұмыстың мақсаты мен міндеттері, ұйымдастыру формалары туралы түсінік қалыптастыру
Мектепте әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың түрлері өзгермелі болып келеді. Олар төмендегідей факторларға байланысты болуы мүмкін:
- білім беру төңірегіндегі мемлекеттік саясат, заң актілері, құжаттар;
- мұғалімдерлдің педагогикалық мәдениетінің деңгейі, әдістемелік сауаттылығы;
- мектеп ұжымының моральдік-психологиялық ахуалы, әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудағы материалдық-техникалық мүмкіндіктер;
- мектептегі педагогикалық тәжірибені оқып-үйрену, мұғалімдердің инновациялық белсенділігі, мектеп басшыларының әдістемелік жұмысты кәсіптік деңгейде іске асыруға дайындығы;
- мектеп ұжымы арасындағы: мұғалімдер арасындағы, мұғалімдер мен оқушылар, мұғалімдер мен басшылардың арасындағы нақты жағдай.
Көптеген мектептерде әдістемелік жұмыстарды үйлестіретін әдістемелік кеңестер жұмыс істейді. Мектептің педагогикалық кеңесіне қарағанда әдістемелік кеңестің бір ғана функциясы бар, ол - әр бір мұғалімнің педагогикалық қызметінің ғылыми-әдістемелік деңгейін көтеру. Оның жұмысының тиімділігі екі жағдайға байланысты: кеңеске кімнің жетекшілік жасайтындығы және мүшелерінің құрамы. Әдістемелік кеңеске түрлі оқу пәндерінен сабақ беретін барынша тәжірибелі мұғалімдер енеді. Олар әр түрлі әдістемелік құрылымдардың жетекшілері болуы мүмкін. Көбінесе әдістемелік кеңеске оқу ісінің меңгерушісі басшылық етеді. Әдістемелік кеңес мұғалімдердің кәсіптік біліктілігін арттырудың стратегиясы мен тактикасын айқындайды. Ол бірлестікте, комиссияда қаралатын мәселелерді жоспарлайды. Мектептің әдістемелік жұмысының жалпы бағдарламасын, семинар, практикум, лекторийлердің бағдарламасын жоспарлайды.
Сонымен, әдістемелік кеңес мектептегі әр мұғалімнің кәсіптік-педагогикалық мәдениетін көтеру жұмысын басқарудағы сайланбалылық көрінісі.
Мектептегі әдістемелік жұмыстың әдістемелік кеңестен басқа көптеген түрлері бар. (Презентация)
Енді осылардың бірнешеуіне тоқталайық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет