Тақырып №20 «Асқорыту жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс. Асқазанды шаю» Оқытудың міндеттері



бет5/5
Дата14.12.2021
өлшемі0,81 Mb.
#127132
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ас қорыту қызметінің бұзылуы) (1)

Естеріңізде сақтаңыздар! Ацетилсалицил қышқылы, резерпин, кальций хлориді, преднизолон, бездің препараттары ас қорыту трактісінің шырышты қабатын тітіркендіреді

3. Қауіп факторларын анықтау.



4. Жалпы жоспар бойынша объективті және субъективті мәлімет жинау:

Объективті

Субъективті

-есі

-асқазан сөлінің бөлінуін және қышқылығын тексеру

-төсектегі қалпы

-нәжіс анализі (капрологияға, жасырын қанға, қарапайымдарға, дисбактериозға, құрт жұмыртқаларына)

-шырышты қабат пен терінің түсі

-қанның жалпы және биохимиялық анализдері

-терінің ылғалдылығы

-зерттеудің рентген әдістері-асқазан және он елі ішектің рентгенографиясы, ирригография, ирригоскопия

-ауыз қуысын қарау

-эндоскопиялық (фгдс, колоноскопия, ректороманоскопия)

-ауыздан жағымсыз иіс

-удз – ультрадыбысты зерттеу

-тіл (құрғақ, таңдақпен, жабылған, жарылған)




-алмалы- салмалы және бүлінген тістердің көрінісі




-жұтыну (ауырсыну, қиындықпен)




-дене қызуы




-тыныс алудың жиілігі, тереңдігі




-ақ , пульстің көрсеткіші, өзгеруі




-іші (көлемі жағынан ұлғайған, үрленген, кернелген, ұстап көрген кезде ауырсынулар)




-перианалдық аймақ (қабылған терісі геморройдалды түйіндердің ұлғаюы)




-нәжіс сипаттамасын көзбен бағалау (формасы, мөлшері, иісі, түсі, қоспалары)




-құсық масса сипаттамасына көзбен бағалау (мөлшері, құрамы, қоспалары)




Екінші кезең - мейіргерлік мәселелерді анықтау, диагнозды қою

Физиологиялық мәселелер:



Нақты-қазіргі мәселелер

Приоритетті мәселелер

Потенциалді мәселелер

жүрек айну және құсу

«кофе тәрізді» құсық

өмірге төнетін дәріжелі қауіп

Қыжыл

ішектен қансырау (мелена)

жұмысқа қабілеттіктік төмендеуімен байланысты бейімделу мәселесі

тәбеттің бұзылуы

Геморрой

жиі жарақаттану және нәжіспен былғанумен байланысты перианалды аймақ терісі бүтінгінің бұзылуына үлкен қауіп,психологиялық адаптациялық қиындықтары

диарея (іш өту)




пациенттің диеталық тамаққа және отбасы қамқорлығының аз болуы (жеткіліксіздігі, тапшылығы)

диета бұзылыстары







инфекциялы аурулармен байланысқан







күйзелісті жағдайлармен байланысқан







іш қату







Сусызданумен







Гиподинамиямен







дұрыс тамақтанбаумен байланысқан







метеоризм (іш кебу)







үлкен дәретті ұстай алмау







іштің қатты ауыруы







асқазан- ішектен қан кету







тагаммен улану








Ескерту! Әрбір жағдайда да мейіргер, әр мәселенің деңгейін бағалап, артышылықтарын таңдап алады (2-3 реттен аспайды).



Ескерту! Әр жағдайда мейіргер әр мәселенің маңыздылық дәрежесін анықтайды

Үшінші кезең- жоспарлау

Мейіргердің мақсаты: мейіргерлік күтім мақсаттарын қою және пациенттің қажеттіліктерін қанағаттандыратын жеке күтім жоспарын құрастыру, мерзімін анықтау.

Мысалы:

- пациенттің іш қату, диарея кезінде ас қорыту жүйесінің бұзылған қызметін екінші тәуліктің соңына қалпына келтіру

- пациент мейіргер көмегімен күнделікті дефекацияға әдеттенеді

-пациент іш қаптасына бейімділікте физикалық жаттығулардың сипаттамасы мен қажеттілігін түсіне біледі

-пациентте күнделікті таңертеңгілік уақытта үлкен дәрет болады

-пациент дәретке отыра алмау проблемасына қарамастан, жеткілікті психологиялық- физикалық ыңғайлылық сезімін дәлелдеп береді

-пациентің перианалдық аймақ терісі (гигиеналық күтім көрсету) ауруханада жатқан уақытында сақталады, қамқорлық көмекпен қамтамасыз ету (пациентің отбасы жанұясына үйрету)

ауруханадан шығарылу кезінде өз ауруның фактісіне психологиялық түрде бейімделген болады (бөлек уақытпен)

-Мейіргерлік стандарттарын қолдана отырып, бөлек мейіргерлік көмек жоспарын құрастыру
Жағдаяталық тапсырма ретінде мысалдар:

Пациент Евгений 24 жаста, автобус жүргізуші болар алдында денсаулығы жақсы болған. Жол апатынан қол- аяғын ауыр жараққатанып, 2 апта бойы төсекте жатқан. Көңіл- күйі біркелкі емес. Ұйқысы бұзылған, дұрыс тамақтанбайды. Өмір сүруге және қимыл- қозғалыс жағдайы орайлы (қанағаттандырарлық). Отбасы жағынан қамтамасыз етілген.



Пациентің мәселелерін анықтау:

1.Төсектік тәртіпті сақтау қажеттілігіне байланысты өзіндік күтімнің тапшылығы (жеткіліксіздігі).

2.Гиподинамия және тәбеттің төмендеуіне байланысты іш қатудың пайда болу қаупі

3.Ұйқының бұзылуы

4.Қозғалмау фактісіне психологиялық бейімділігінің қиындығы, осы уақытта туып жатқан мәселе: іш қатудың пайда болу қаупі.


I кезең: ақпаратты мұқият жинау


II кезең: мейіргерлік диагноз қою - жүрек айну, құсу


III кезең: Жоспарды құру

Қысқа мерзімдегі:

а)пациентке құсықпен аспирацияны болдырмауын және ағзыныңсусыздануын болдырмауын қамтамасыз ету (жекелеген уақыт)



Ұзақ уақытты: пациенттің құсуын азайту, тоқтату

Мейіргерлік кірісулері (тәуелсіз):

1.Дәрігерге хабарлау, жоспарланған күтімді пациентпен байланыстыра білу

2.Құсықпен аспирация болдырмайтын жағдайын орнату

3.Әр құсудан кейін ауыз қуысының гигиенасын қамтамасыз ету

4.Пациентке керекті мөлшерде сілтілі сусын қолдануды ұсыну

5.Жайлы жағдай жасау, бөлмені жиі желдету, киімді ауыстыру, құсықты жинау, психологиялық қолдау тәрізді жағдайлармен пациенті қамтамасыз ету

6. Құсықтың түріне назар аудару, мөлшерін анықтау, ао қажет болса зерттеуге алу

7. Қолданылған аспаптарды құсығымен қоса тазалау зарарсыздандыру

8.Пациентті психологиялық

қолдаумен қамтамасыз ету



:

Құсуға қарсы прапараттарды қолдануды қамтамасыз ету




IV кезең: Жоспарды жүзеге асыру


V кезең: Күтімнің нәтижесін бағалау

Есіңізде болсын! Мейіргер күту мақсаттарына жетуі үшін пациентінің түсінуін және қолдауын білу керек, ол үшін пациент пен мейіргер көмек жоспарының әрбір бөлімін қарастыру керек
2)

I кезең: ақпаратты мұқият жинау

II кезең: мейіргерлік диагноз қойылады- қыжыл


III кезең: Жоспарды құру

Қысқа мерзімдегі мақсат:

10 минуттан кейін пациенттің қыжылын азайту, жою. (жекелеген уақыт)



Ұзақ уақытты мақсат: пациентіш күюдің себептерін және онымен күресу әдістері туралы білімін көрсетеді

Мейіргерлік кірісулері (тәуелсіз):

1.Дәрігерге хабарлау, жоспарланған күтімді пациентпен байланыстыра білу

2. 1 стакан жылы сүт немесе газсыз, сілтілі минералды суды, 2 % сода ерітіндісін ішуін қамтамасыз ету

3.Қыжыл туғызатын тағамдарды: қара нан, варенье, тәтті сусындар, қуырылған тағамдарды шектеуді айту

4.Пациентті психологиялық қолдаумен қамтамасыз ету

Тәуелді кірісулер (дәрігер нұсқау бойынша көмек)


IV кезең: Жоспарды жүзеге асыру

V кезең: Күтімнің нәтижесін бағалау

Есіңізде болсын! Мейіргер күту мақсаттарына жетуі үшін пациентінің түсінуін және қолдауын

білу керек, ол үшін пациент пен мейіргер көмек жоспарының әрбір бөлімін қарастыру керек



3)

I кезең: ақпаратты мұқият жинау


II кезең: мейіргерлік диагноз қойылады- тәбеттің болмауы


III кезең: Жоспарды құру

Қысқа мерзімдегі мақсат: а)аптаның аяғына қарай пациент денсаулықты жақсарту үшін дұрыс тамақтанудың маңыздылығын түсінеді (жекелеген уақыт)

Ұзақ уақытты мақсат: пациентің ауруханадан шыққанша дене салмағы өзгермейді, азаймайды

Мейіргерлік кірісулері (тәуелсіз):

1.Дәрігерге хабарлау, жоспарланған күтімді пациентпен байланыстыра білу

2. Белгіленген диетаға және пациенттің тәбетіне байланысты мәзірді өзгерту, түрлендіру

3. Пациентті күніне 5-6 рет аз мөлшерде жылы тағаммен тамақтандыру

4.Тамақтанудың эстетикасына, дәміне, иісіне тамақ пісіргенде көп көңіл аудару

5.Пациентті психологиялық қолдаумен қамтамасыз ету



Тәуелді кірісулер (дәрігер нұсқау бойынша көмек):

1.Рационға дәмді шай, балық, ет сорпасын, қышқыл тағамдарды енгізу

2. Тамаққа дейін 30-40 минут таза ауада қыдырып, дене шынықтырумен айналасуды қамтамасыз ету

3.Пациентпен денсаулықты жақсарту үшін дұрыс тамақтану қажеттілігі туралы 1 апта бойы 10 минуттан әңгімелесу

4. Пациенттің үш күнде бір рет дене салмағын өлшеу

Тәуелді кірісулер (дәрігер нұсқау бойынша көмек)


IV кезең: Жоспарды жүзеге асыру

V кезең: Күтімнің нәтижесін бағалау

Есіңізде болсын! Мейіргер күту мақсаттарына жетуі үшін пациентінің түсінуін және қолдауын білу керек, ол үшін пациент пен мейіргер көмек жоспарының әрбір бөлімін қарастыру керек
4)

I кезең: ақпаратты мұқият жинау


II кезең: мейіргерлік диагноз қойылады- іш қату


III кезең: Жоспарды құру

Қысқа мерзімдегі мақсат: а) пациентке екі күнде 1 реттен аз емес үлкен дәрет болу керек, нәжіс түзелетін қызметін қалпына келтіру (жекелеген уақыт)

Ұзақ уақытты мақсат: пациентте ауруханадан шығу кезінде нәжіс түзелуі қалпына келеді, кеңес ретінде іш қатумен қалай күресу керегін үйрету

Мейіргерлік кірісулері (тәуелсіз):

1.Дәрігерге хабарлау, жоспарланған күтімді пациентпен байланыстыра білу

2. Қышқыл сүтті-өсімдік - № 3 диета бойынша қабылдауды қамтамасыз ету

3.Тәулігіне пациентінің 1,5- 2 литр сұйықтықты пайдалануын қадағалау.

4.Әрбір дәретке отырған сайын шат аралық терісінің гигиенасын тиянақты күту: дәрет алған соң перианалды аймақты вазелинмен өндеу, төсек орнын ауыстыру

5. Мейіргер күнде тәңертең аш қарыңға 1 стақан суды пациентке беру

6. Күннің белгілі бір мезгілінде пациентке дефекация шартты рефлекс тудыруда тырысу

7.Пациентті жеткілікті қимыл белсендігімен қамтамасыз ету

8. Дәреттің жиілігін күнде байқап, температуралық параққа белгілеп отыру

9.Күнде тәңертен пациентің ішіне 5 минуттай массаж жасау

10.Пациентті жеке дәрет ыдысымен қамтамасыз ету және дәрет ылдысын зарарсыздандыру

11. Пациентке тірек, жеңілдік беретін тәртібі, оның физикалық белсенділігі туралы- туысқандарымен кеңес жүргізу



Тәуелді кірісулер (дәрігер нұсқау бойынша көмек):

1.Іш айдайтын дәрілік препараттарды қабылдауын қадағалап отыру

2.Клизма қоюды қамтамасыз ету

3.Науқасты және оның туысқандарын өзіндік (жеке) гигиенаны сақтауға және тиімді тамақтану қағидаларына үйрету

4.Пациентке іш қату кезінде тамақтану ерекшеліктері туралы кеңес беру 5.Пациентке белгілі бір уақыт аралығындағы ақауға шартты рефлекстің пайда болуына үйрету


IV кезең: Жоспарды жүзеге асыру

V кезең: Күтімнің нәтижесін бағалау

Төртінші кезең- жоспарды жүзеге асыру

Мейіргерлік күтім жоспарының орындалуына барлық манипуляцияларды орындау (дәрігер нұсқау бойынша-симптоматикалық ем) :

Күтім бойынша жоспарда белгіленген шараларды мейіргер тәжірибеде іске асырады.


  1. Асқазанды жуу

  2. Клизмалар қою

  3. Жел шығаратын түтікті қою

  4. Дәрет ыдысын беру және оны дезинфекциялау

  5. АІТ- сын рентгенологиялық және эндоскопиялық әдіс арқылы зерттеуге дайындық

  6. Нәжісті жасырын қанға және копрологияға жинау

  7. Асқазан- ішектен қансырауларда шұғыл жәрдем көрсеьту

  8. Іш ауырсынуда көмек көрсету

9. Дәрілерді инъекция арқылы енгізу

Қамқорлық көмек көрсету:

Пациентке және оның туысқандарына қажетті кеңес беру, оларды күтім элементтеріне үйрету сияқты нақтылық, күтім жоспарын жүзеге асыруда маңызды орын алады

Бесінші кезең- күтімнің нәтижесін бағалау

Мейіргерлік күтімнің нәтижесін бағалай білу (алдында қойылған мақсатқа жету дегеніміз). Өзіміздің жұмысымызға баға қою. мейіргерлік кірісулердің нәтижесін бағалау, күтім мақсаттарына жетуді анықтау, қажет болса мейіргерлік көмекке коррекция жүргізу



Мейіргерлің үрдіс



Асқазанды шаю

Асқазан — ас қорыту жолынын көлемді ұлғаюы. Ол құрсақ қуысында көкет астында орналасқан. Пішіні сыйымдылығы 2—3 л алмұрт немесе ұзын қапшық тәрізді. Асқазанда өңештің кіреберіс саңылауы мен ұлтабар басталатын шығу саңылауын ажыратады. Кішкене қарынның сілемейлі қабығы қатпарлар түзеді, олар тамаққа толғанда асқазаннын созылуына мүмкіндік береді. Асқазан қабырғасының бірыңғай салалы бұлшық еттері асқазанды қозғалтатын сопақша, қиғаш және сақина тәрізді бұлшық еттерден тұратын үш қабат түзеді. Сақина тәрізді бұлшық еттер асқазанның ұлтабарға өтетін орнында сфинктер түзеді. Сфинктер тамақтың қоймалжың сұйық ботқасының асказаннан ішекке өтуін реттейді. Асқазанның ортаңғы белігінде бездер болады. Олар не ферменттер, не тұз қышқылын, не сілемей бөлетін жасушаның үш түрінен түзілген. Тамақ асқазаннан аш ішекке түседі.
Асқазанды шаю экзогенді (сапасыз тамақтар, у, арақ т.б) және эндогенді(уремия, бауыр жетіспеушілігі т.б.). улану кезіндегі емдік әдіс.

Мақсаты: сапасыз тағамды, шырышты шығару үшін, емдеу және диагностикалық мақсатта жасалынатын шара.

Көрсеткіштері: экзогенді улану (сапасыз тамақтар, у, арақ т.б.); эндогенді улану (уремия, бауыр жетіспеушілігі т.б.).

Қарсы көрсеткіштері: өңештің органикалық тарылуы; өңештен, асқазаннан қан кету;

ауыр жалпы жағдайлар (миокард инфарктісі; ми қан айналымының бұзылыстары және т.б.); 60-тан асқан адамдар; жүктіліктің екінші жартысы; асқазан ойық жарасы.


Стандарт__Құсқан_кездегі_науқасқа_алғашқы_көмек_көрсету__Мақсаты'>Стандарт




Талаптың мазмұны, шарттары

Іске асыру бойынша талаптар, орындау алгоритмі

1

Персоналдың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын медициналық талаптар


  • Процедураға дейін және кейін қолды

гигиеналық өңдеу

  • Процедура кезінде қолғаптарды пайдалану

2

Материалдық ресурстар







Медициналық құралдар, аспаптар, бұйымдар

  • Ұзындығы 1-1,5 м жуан асқазан зонды;

  • Ұзындығы 70 см резеңке түтік пен жалғастыруға қажетті шыны түтік ;

  • Жане шприці

  • Ауыз ашушы

  • Фонендоскоп

  • Тонометр




Дәрілік заттар

  • Сұйық вазелин майы немесе глицерин

  • Антисептик

  • Дезинфекциялық ертінді




Өзге де шығындалатын материал

  • Сыйымдылығы 1 л Воронка

  • Сүлгі

  • Пациентке және медициналық қызметкерге арналған клеенкалы алжапқыш

  • Стерильді қолғап

  • Бөлме температурасындағы (18°С-22°С) 10-12 л су

  • Тегене

  • Шөміш

  • Дезинфекцияға арналған Контейнер

  • Стерильді дәке салфеткалар

  • Су термометрі

  • Сабын

  • Сағат

3

Іс – әрекеттер алгоритімі

1. Науқасқа іс-шараның маңызын түсіндір;

2. Қолды жуып, құрғат;

3. Егер науқаста жасанды тістері болса, онда оны алып тастау керектігін ескерт;

4. Өзіңе және науқасқа алжапқыш кигіз;

5. Жуан асқазан зонды мен резеңке түтікті шыны түтіктің көмегімен жалғастыр ;

6. Науқасты орындықтың арқасына сүйеп, басын кішкене алға қарай еңкейтіп, кеудесінен сүлгімен жауып, отырғыз;

7. Зондттың ұзындығын кеңірсектен кіндікке дейін өлшеп алып, белгіле;

8. Зондттың соқыр ұшын оң қолда қаламсап сияқты ұстап тұрып, суға малып алып, науқастың тілінің түбіне қойып, науқастан мұрын арқылы дем алып жұтыңыз деп, жұтылған сайын зондтты белгіге дейін итеріп енгіз;

9. Зондтқа воронканы кигізіп, науқас тізесінен сәл төмендеу көлбеу қалыпта ұстап, су құй;

10. Воронканы жәйлап жоғарыға қарай көтер. Су воронканың мойына дейін келгенде, воронканы түсіріп, ішіне шайынды судың толғанын күт;

11. Воронкаға толған сұйықтықты тегенеге төк.

Шығарған сұйықтықтың мөлшері енгізілген судан кем болмауын қадағалау керек!

12. Воронканы қайта-қайта көтеріп түсіре отырып және шайынды су таза болғанша бірнеше рет қайтала (кейде 10-12 л дейін);

13. Воронканы зондттан ажыратып, зондтты сүлгі арқылы жәйлап шығар;

14. Науқасты бөлмесіне жіберіп, жағдайын қадағала.


4

Әдістемені орындау ерекшеліктері туралы қосымша мәліметтер

Егер науқас ессіз жағдайда болса, асқазанды интраназальды енгізілген жұқа зондпен шаюғада болады (0,3-0,5 см).

Бұл кезде Жане шприці арқылы

0,5 л көлеміндегі су асқазанға енгізіледі және сол шприцпен қайта сорылады.

Егер науқас санада болып зонд болмаса шаюды "стакан әдісімен" жасайды : 6-8 стакан су ішіп, тілдің тамырын тітіркену арқылы құсуды шақырады.










Стандартты операциялық рәсімдер

Асқазаннан қан кету

Асқазаннан,ішектен қан кету ерекше асқыну болып табылады.Көбінесе асқазан жарасы,қатерлі ісіктерді пайда болады. Қанның түсі-кофе тәрізді құсықтың қалдықтары араласады.Пациенттің өңі бозарып,қан қысымы төмендеп,тахикардия және есінен таңуы мүмкін .



Алғашқы көмек көрсету

Мақсаты:Пациенттің жағдайын жақсарту.

1.Пациенті жатқызып,асқазан аймағына мұздатқыш қойыңыз;

2.Дәрігерді шақырыңыз;

3.Лоток,леген,клеенка,сүлгі дайындаңыз;

4.Тұзды ертінділерді,аминокапрон қышқылын,децинон,викасол дәрілерін дайындаңыз;

5.Қан тобын,резус-факторын тексеріңіз;

6.Пациенттің жағдайын қадағалап отырыңыз.



Стандарт

Құсқан кездегі науқасқа алғашқы көмек көрсету

Мақсаты: емдік: жедел көмек көрсекту, науқастың тыныс жолдарына құсық түспеудің алдын алу.

Дайындаңыз:сүлгіні, лотокты, шылапшынды, электросорғышты, алмұрт тәрізді баллоншаны, клеенканы, шпательді, қайнатылған суды, салфеткаларды, стаканды, қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді, қолғапты, масканы, алжапқышты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

Ес-түсі бар науқас ( отыру қалпындағы)

1. Науқастың қал- жағдайы туралы дәрігерге хабарлаңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты, масканы, алжапқышты киіңіз.

3. Науқасты ыңғайлы орындыққа отырғызып, кеудесін клеенкамен жабыңыз. Жедел дәрігерді щақырыңыз. Науқасқа сүлгіні беріңіз. Оның аяғы арасына шылапшынды қойыңыз.

4. Науқастан алмалы- салмалы тіс протезін алып тастауын сұраңыз ( егер де олар болса)

5. Құсқан уақытта, өзіңіздің алақаныңызды науқастыңмайдайына қойып басын алдынан ұстаңыз.

6. Әрбір құсқаннан кейін науқастың ауызын таза сумен шайғызып, бетін және аузын салфеткамен сүртіңіз.

7. Науқасқа физикалық және психикалық тьыныштықты қамтамасыз етіңіз.

8. Дәрігер келгенше құсықты қарап, қалдырыңыз.

9. Белгісіз умен уланғанда құсықты контейнерге жинап, оның қақпағын тығыз жабыңыз.

10. Дәрігердің нұсқауы бойынша құсықты лабораториялық зерттеуге жіберіңіз.

11. Қолғапты шешіңіз. Салфетканы, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

12. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.



Стандарт

Әлсіріген немесе ессіз күйде құсқан науқасқа көмек көрсету

Мақсаты: емдік: жедел көмек көрсету, науқатың тыныс жолдарына құсық түспеудің алдын алу.

Дайындаңыз: сүлгіні, лотокты, шылапшынды, электросорғышты, алмұрт тәрізді баллоншаны, клеенканы, шпательді, қайнатылған суды, салфеткаларды, стаканды, қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа дәрігерді шақырыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты, масканы, алжапқышты киіңіз.

3. Дәрігер келгенге дейін науқасты қырына жатқызыңыз. Егер де бұл мүмкін болмаса, онда оның қалпын өзгертіңіз ( құсық тыныс жолдарына түспеу үшін) басын қырына қарай бұрыңыз.

4. Жастықты алыңыз. Алмалы- салмалы тіс протездерін алып тастаңыз ( егер де олар болса).

5. Науқастың мойнын және кеудесін сүлгімен жауып, ауыз бұрышына құсыққа арналған бүйрек тәрізді лотокты қойыңыз.



6. Ауыз және мұрын қуысынан құсықты электросорғышпен немесе алмұрт тәрізді баллоншамен сорыңыз. Егер де науқас өздігінен ауызын сумен шайқай алмаса, онда ауыз және мұрын қуыстарына күтімді жүргізіңіз.

7

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет