Асқорыту жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс
Асқорыту жүйесінің қызметі бұзылған кездегі негізгі белгілері
І штің ауыруы бұл тек ауыру сезімімен ғана сипатталмайды, сонымен қатар асқазанның алдыңғы қабырғасына қысымның түсуімен байланысты болады. Себептері: асқазанның тағамға толып кетуі, кебуі, асқазанның кеңейуі және төмен түсуі. Ауыру сезімі үнемі немесе белгілі бір уақытта қайталанып тұруы мүмкін және ұстама тәріздес болады, үнемі болатын ауыру сезімі бірнеше күн, бірнеше ай болады, ауыру сезімі бірде күшейеді, бірде әлсірейді, бірде интенсивті түрде болады, бірде тұйықталып, сыздап ауырады. Сыздап ауыру сезімі асқазан обырымен байланысты болуы мүмкін.
Т енезм (грекше teinesmos – қатты іш) – қатты ауыру сезімімен жүретін, дәреттің жартылай немесе мүлдем болмауымен сипатталатын жалған толғақ сияқты ауыру сезімі.
Асқазан диспепсисы: дисфагия, қыжылдау, кекіру, тәбеттің бұзылуы, жүрек айнуы, құсу.
Асты қорыту ауыз қуысынан басталады, бұл жерде тағам бірнеше механикалық өңдеуден және уақталған түрде өңеш арқылы асқазанға түседі. Өңештің қорыту функциясы жоқ, оның атқаратын қызметі тағамды асқазанға өткізу. Өңеш зақымдалғанда тағамның өтуі қиындалады.
Д исфагия- өңеш арқылы астың өтуінің бұзылуы; дисфагия органикалық және функциональді болады.
Функцианальді - невроз кезінде, бұлшықет спазмы болғанда, өңештің шырышты қабатының қабынуында (эзофагит);
Органикалық- рак кезінде, өңештің әр- түрлі себептерінен тарылуында.
Тәбеттің бұзылуы асқазан секрециясының жоғарлауымен сипатталады. Жедел гастрит, асқазан обырымен ауыратын адамдар тәбеттің мүлдем болмауымен сипатталады.
Қ ыжыл – өңеште күйю сезімінің болуы – өңешке асқазанның қышқыл сөлінің түсуімен байланысты. Мейірбике науқасқа қыжылды шақыратын тағамдардан бас тарту керектігін айтады (қара нан, тәтті кисельдер, варенье, ашщы және қуырылған тамақтар).
Кекіру - ауыз қуысына асқазандағы немесе өңештегі тағамнаң кішкентай бөлігінің қайта шығуы. Кекіру ауамен (бос) және тағаммен кекіру болып бөлінеді.
Ауамен кекіру - кенеттен ауыздан ауаның шығуы, кейде дыбыс естіледі. Бұл асқазанда немесе өңеште жиналып қалған ауа.
Тамақпен кекіру - асқазан бұлшықетінің жиырылуы кезінде және асқазанның кардиальдік бөлігі ашық болған кезде.
Иісі бар кекірік - (шіріген жұмыртқа) привратник стенозы кезінде, секреторлық қызметінің төмендеген кезіндегі гастритте.
Ащы дәмі бар кекірік - он екі елі ішектегі өттің асқазанға түсу кезінде.
Қышқыл кекіру - асқазан секрециясы жоғары болғанда немесе ойық жара кезінде.
Бос ауамен кекіру кезінде мейірбике науқасқа тағамды асықпай, жай шайнап жеу керектігін, тағам қабылдау барысында кітап, газет, журналдарды оқымауды және сөйлемспеу керектігін, тағамды аз порциямен жеу керектігін айтып түсіндіреді.
Л оқсу-қабылдаған астың біраз бөлігінің ауызға қайта түсуі. Асқазанның алдыңғы қабырғасына қысымның түсуімен және ауыз қуысында жағымсыз сезімнің пайда болуымен қатар жүретін, терінің бозаруымен, аяқ – қолдардың жаурауымен, АҚ- түсуімен, әлсіздікпен, сілекейдің көп бөлінуімен жүретін құбылыс.
Қ ұсу – рефлекторлы акт. Асқазан рецепторларын сапасыз тағамның тітіркендіруі, сонымен қатар асқазан ауруында патологиялық түрде рецепторлардың тітіркенуімен сипатталады. Науқастар асқазан ауруларында жиі болатын құсуға шағымданады, кейбір науқастар аш қарынға таңертең құсады (түні бойы асқазан сөлінің және шырыштың жиналуынан, секрецияның жоғары болуынан). Кейбір науқастар тағамды қабылдап болғаннан кейін құсады (асқазанның шырышты қабатының қабынуымен байланысты). Ал асқазанның ойық жарасында науқас тағам қабылдап болғаннан кейін 1 – 3 сағ кейін құсады. Сонымен қатар кеш құсу – тағам қабылдағаннан кейін 6 сағ соң немесе кешке желінген тамақтан кейін болады (асқазан превратнигінің тарылуында және асқазанның бірдең созылып кетуінде).
Достарыңызбен бөлісу: |