Асқазаннан және ішектен қан кету- ас қорыту трактінің тесігіне (құысына) қан тамыр шеңберінен қанның шығуы
Іш теспесі- белгісіз генезді іштегі интенсивті ауырсынулар
Мелена- қара май тәрізді сұйық үлкен дәрет
2. Пациентпен әңгімелесу, қажетті ақпарат жинай білу (anamnesis morbi, vitae,status praesens)- сұрақтарды қою:
-Сіз алғашқы рет асқазан ауырсынуын қашан сездіңіз?
-Ауырсынудың сипаты қандай болды: ұстама түрде әлде жай, қалай ауырды: қақсайтын, тесетін?
-Ауырсынудың пайда болуына не әсер етеді,(тамақпен немесе аш қарынға) басталуын сіз немен байланыстырасыз?
-Сіз өзіңіздің тәбетіңізді қалыпты деп есептейсіз бе? Тәбетіңіз жоғары ма, төмен бе?
Соңғы күндері сіздің салмағыңыз өзгерді ме? Егер өзгерсе , қалай?
-Сіздің күнделікті тамақтану тәртібіңіз және рационыңыз, тамақтың сипаты, көбінесе қандай тамақты қалайсыз : ащы, майлы, етті, сүтті тағамдарды?
-Тамақтануда қандай да бір шектеулер бар ма және неге?
-Қай тағамдарды, мысалы: жидек, шоколадты жегенде бөртпедер, қышыну, өзін жайсыз сезіну сезімдері болды ма?
-Тәулігіне орташа есеппен қанша сұйықтық мөлшерін қолданасыз ба? Көбіне не ішесіз: кофе, шай, минералды су?
-Сізде дәретке отыра алмайтын кездер бола ма? Дефекацияның ауырлығы және жиілігі қандай?
-Бөлінген нәжістің мөлшері қандай? Нәжіс қалпы, іш қатпасы, іш өту, ұстамау?
Сіз ішектің өтуін немен байланыстырасыз? Дұрыс тамактанбау, отырып істейтін ж жұмыс, жүктілік, басқа себептер ме?
-Сізде, нәжістің түсі өзгеше түсте бола ма, ақшыл не қара? Патологиялық қоспалар (қосындылар)-шырыш, қан, ірің нәжіспен аралас бола ма?
-Сіз, өзіңізді қашан жаман сезінесіз, Сіз өзіңізге көмектесуге, жеңілдік әкелуге тырысасыз ба және қалай? Жасанды жолмен шақырылған құсу бола ма? Ас содасын, сүт, дәрілерді қабылдайсыз ба? Клизма қолданасыз ба?
-Сіз күнделікті немесе ұзақ уақыт қандай да болсын дәрі-дәрмектер қолданасыз ба? Олардың әсері немесе Сіз оларды қалай көтердіңіз?
-Сіз медициналық, терапевт, гастроэнтеролог- дәрігердің көмектерін жиі талап етесіз бе?
-Туысқандардың ішінде осы аурумен біреу ауыра ма?
-Құрсақ қуысы мүшелеріне операция жасалды ма? Ішектік инфекциялар болды ма?
Ішектік инфекциялар болды ма? Сіз ас қорыту трактісінің ауруларымен ауырдыңыз ба?
-Жұмыстағы зиянды факторлар: гиподинамия, күйзелістер, улану...?
-Сіз темекі шегесіз бе? Қанша темекі тәулігіне шегесіз?
Достарыңызбен бөлісу: |