Доминантты эпистаз деп доминантты бір геннің қызметін оған аллельді емес басқа бір доминатты геннің басып тежеуін айтады.
Тауық қауырсындарының түсінің кейбір тұқым қуалаулары доминанттық эпистазға жақсы мысал бола алады. Тауықтардың әр түрлі тұқымдарында қауырсындарының ақ болуын біренеше ген анықтайды. Мысалы, доминантты ақ түсті ССУУ гендері ал рецессивті ақ түсті ссуу гендері анықтайды. Сонда С гені пигменттің болуын яғни қауырсынның боялуын, ол оның с аллельі пигменттің болмайтын, соған сәйкес қауырсынның боялуын анықтайды.У гені С генінің әсерін тежегіш болып есептеледі де, у аллелі оны тежей алмайды. Құстардың генотипінде У генінің тіпті бір ғана дозасы болғанның өзінде де бояуды анықтайтын гендердің әсері байқалмайды