Тақырып: Қан айналысына әсер ететін шаралар. Қарапайым физиотерапиялық емшараларды қолдану. Жылытқышты қабылдау Мұзды мұйықты қабылдау Қыша қағазын қолдану Компресстерді қолдану Жылы көрпе қолдану Жылытқышты қолдану



бет5/9
Дата17.06.2020
өлшемі36,37 Kb.
#73783
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
17.06 202

Ыстық ылғалды компресті қою
Мақсаты: емдік, қабынуды қайтару, сіңдіріп тарату және ауыруды басу.

Қолдану көрсетілімдері: бас сақинасы (мигрень), талықсу (коллапс), ішек, өт жолдарының түйіліп ауыруында, бронхиальдық астма, бұлшық ет пен буындардағы ауырулары.

Қарсы көрсетілімдері: іш пердесінің қабынуы.

Дайындаңыз: ыстық (t-60-700С) суы бар ыдысты, су термометрін, 2 салфетканы, клеенканы, мақтаны, сүлгіні.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның рұқсатын алыңыз.

  2. Компресс қоятын жердің тері қабатын тексеріп алыңыз.

  3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

  4. 8 қабатты салфетканы ыстық суға салып сулап, оны сығыңыз.

  5. Дененің тиісті учаскесіне ылғалды салфетканы тығыз 5-10 минуттай басыңыз.

  6. Салфетканы клеенкамен, сосын үстінен қалың жүннен тоқылған матамен жабыңыз.

  7. Бірнеше минуттай компресті қолыңызбен ұстап тұрыңыз, оны салқындаған сайын ауыстырыңыз (бинт салмайды).

  8. Терінің ылғалды бетін сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

  9. Науқасты жылы жабыңыз.

  10. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.


Ескерту: клеенка үстіне жылытқыш қоюға немесе қалың тоқылған матаны жабуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет