Тақырып Қаржының мәні мен маңызы, қоғамның үдемелі үрдістегі ролі



Дата07.02.2022
өлшемі14,79 Kb.
#96727
Байланысты:
№1 апта тапсырмасы


Садуакасова Анель
Тақырып 1. Қаржының мәні мен маңызы, қоғамның үдемелі үрдістегі ролі
1.Қаржы түсінігі, пайда болу алғы шарттары.
Қаржы – жалпы қоғамдық өнімді үлестіру және қайта үлестіру барысындағы ақша қорларын қалыптастыру, пайдалану жөніндегі ақшалай қатынастар. Қаржы жалпы базистік қатынастар түрінде қарастыруға болады. Оның мәнін түсіну үшін алғашкы жағдайда жалпы алғанда ұдайы өндіріс процесінде немесе жеке кәсіпорынның өндірістік қорларының жеке-дара айналымында құнды бөлу және дайындалған өнімді өткізу барысындағы ақшалай форманың біршама дербес қозғалысының басталу сәтін есеп нүктесі ретінде қабылдауға болады.
Қаржының пайда болу тарихи шарттарына мемлекеттің пайда болуы мен оның дамуы және тауар өндірісінің дамуы мен тауар өндірісіне ақша қатынастарының енуі тікелей әсер етеді.


2.Қаржы- экономикалық категория.
Экономикалық категория ретінде қаржыға тән сипаттар:

  • Ақшалы сипат;

  • Тарату сипаты;

  • Қор құру сипаты;

  • Мақсатты сипат;

  • Эквивалентті сипат.



3.Қаржы функциялары.
Қазіргі уақытта қаржының бөлушілік және ұдайы өндірістік функциясы бойынша қаржы: бөлу және бақылау сияқты екі қызмет атқарады.
Бөлу функциясының көмегімен қоғамдық жиынтық өнім және оның маңызды бөлігі – ұлттық табыс, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігі бөлінеді және қайта бөлінеді. Қайта бөліс қоғамдық өнімді сала және аймақ бойынша шаруашылық жүргізу субъектілеріне бөлудің көп жақты процесін қамтиды. Соның нәтижесінде ұдайы өндіріске қатысушылардың өнімді натуралдық – заттай формада түпкілікті тұтынуын қамтамасыз етуге арналған ақшалай қаражатқа деген алуан тұрлі қажеттері қанағатандырылады.
Бақылау қызметі қаржылық бақылаудан көрінеді, бірақ бұл екі ұғымды ұқсастыруға болмайды. Бақылау қызметі – қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бакылау – қаржыға тән объективті мазмұн ретінде бақылау қызметінің іс жүзінде пайдаланылуы. Бақылау қызметі жеке – дара емес, басқа қызметтеріменде тығыз байланыста әрекет етеді.


4.Қаржы ресурстары: құралу көздері және олардың өсу факторлары
Қаржы ресурстарында пайда түріндегі таза табыс, қосылған құнға салынған салықтар акциздер мен амортизациялық аударымдар негізгі орын алады. Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар.
Қаржы ресурстары орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәртіпте қалыптасады.
Қаржы ресурстары өсімнің маңызды факторы – қоғамдық еңбек өнімділігін арттыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет