Май жасушаларының жалпы саны өзгермей олардың іштеріндегі май тамшыларының көлемі ұлғайып кетуімен көрінеді. Қалыпты жағдайда олардың көлемі 0,3 мкл шамасында болса, гипертрофиясы кезінде 1,0 мкл-ге дейін жетеді. Содан адипоциттердің көлденең диаметрі үлкейеді.
Гиперплазиялық семіру
Май жасушаларының жалпы саны қалыптыдан көбейіп кетуімен көрінеді. Дене салмағы өте үлкен мөлшерге жетеді. Семірудің бұл түрі гипертрофиялық түріне қарағанда ерте жаста байқалады. Ол іштегі бала туылмай тұрып және емшектегі балалық шақ кездерінде кездесуі мүмкін.Тұқым қуалаушылық маңызы зор. Ересектерде де кездеседі.
Гиноидтық семіру
Майдың бөкседе, жамбаста, санда, дененің төменгі жақтарында, негізі әйелдерге тән жиналу. Өйткені еркектер мен әйелдердің жыныстық гормондары май тінінің әр түрлі бөліктерінде а2-катехоламиндік рецепторлардың бөлінуіне әрқилы әсер етеді. Май тінінің әр түрлі бөліктерінде әртүрлі гормондар өндіріледі. Мәселен, гиноидтық семіру кезінде апидоциттерде эстрогендер артық өндірілуінен анти атерогендік әсер байқалады, ал андроидтық семіру кезінде андрогендер артық өндірілуіден, керісінше атеросклероз дамуына қауіп төнеді. Гиноидтық семіру жартылай гиперплазиялық түрде болады. Сондықтан оны емдәммен емдеу онша болмайды.
Андроидтық семіру- майдың дененің жоғарғы бөліктеріне, іште және іш құрылыстарында жиналуы. Ол еркектерге тән семіру.
Андроидтық семіру- майдың дененің жоғарғы бөліктеріне, іште және іш құрылыстарында жиналуы. Ол еркектерге тән семіру.
Араласқан семіру- андроидтық және гиноидтық түрлері біріккен түрде кездеседі және андроидтық түрге тән атеросклероз және оның асқынуларына көтеріңкі қауіп-қатер сақталады.