3. Тауарларды, қызметтер мен жұмыстарды сату бойынша шығындардың есебі. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатуға байланысты жұмсалған шығындарды есепке алуға 7110 шот арналған. Бұл шотта сату бойынша жұмсалған кәсіпорын қоймасындағы өнім ыдыстарына және өнімдерді орауға жұмсалған шығындар көрсетіледі. Егер өнімдерді ыдысқа салу өнім қоймаға тапсырылғанға дейін өндіріс технологиясына сәйкес жүзеге асырылса, ыдыстардың құнын өнімнің өндірістік өзіндік құнына енгізеді, өнімді жөнелтетін станцияға дейін тасымалдау, оны көлік құралдарына сату бойынша жұмсалатын шығындар; комиссиялық алымдар немесе шарт бойынша өткізуші ұйымдарға өнімді өткізгені үшін төленетін шығындар; өнімді өткезген жерлерде қойманың ұсталуы;сатушылардың және басқа қызметкерлердің еңбек ақысы мен аударымдар; жарнамаға және өткізуге арналған шығындар; өткізушіге және делдалдық ұйымдарға төленетін комиссиялық алымдар; өнімдерді өткізумен байланысты басқа да шығындар.
Сатылатын өнімдердің шығындары сатып алушының есебінен өтелетін болса, бұл шығындар 7110 шотта көрсетілмейді, тек қана қосалқы және қызмет көрсететін өндірістер мен шаруашылықтардың қызметі ретінде кіріске алынады.
Өнімдерді сатуға жұмсалатын шығындардың баптары бойынша талдау есебін өнімді сатуға жұмсалған шығындар есебінің тізімдемесінде немесе машинограммада кәсіпорын бекіткен баптардың номенклатурасы бойынша жүргізіледі.
Өнімдерді өткізуге қатысы бар қызметкерлерге жалақы есептелгенде: Дебет шот 7110 Кредит шот 3350.
Жарнамаға, қойманың күтілуіне, комиссиялық және басқа да шығындарды төлеуге шот-фактура қабылданғанда: Дебет шот 7110 Кредит шот 3310, шотқа енгізілген қосылған құн салығы сомасына: Дебет шот 1420 Кредит шот 3310.
Өткізу процесінде пайдаланылған материалдық емес активтер және негізгі құралдар бойынша амортизация есептелді: Дебет шот 7110 Кредит шот 2741, 2421.
Есепті кезең соңында есепке алынған шығындар табыс (зиян) шотына көшіріледі: Дебет шот 5610 Кредит шот 7110.