4. Сатылған тауарлардың қайтарылуының есебі және сату мен баға шегерімдері. Сатылған тауарлардың қайтарылуы, сату және баға шегерімдері туралы ақпаратты жинақтау үшін келесі шоттар арналған: 6020 «Сатылған тауарлардың қайтарылуы», 6030 «Баға және сату шегерімдері».
6020 шотта тауарларды сатып алушылардың қайтаруы туралы ақпараттарды жинауға арналған. 6030 шотта сату шегерімдерінің есебі жүргізіледі. Нарықтық қатынастар дамыған елдердегі есеп айырысулардың қалыптасқан тәжірибесінде сату шегерімдерінің келесідей түрлерін жатқызуға болады:
-нақты төлем үшін шегерім шотты нақты ақшалай сатып алатын сатып алушыларға жасалады.
-сконто шегерімдері бағалық шегерулер шартта немесе жабдықтаушы шотында көрсетілетінмерзімнен бұрын төлеген сатып алушыларға жасалады.
-дилерлік шегерімдер тауарларды ұйымдастыратын агенттерге және делдалдарға жасалады.
-жабық шегерулер тұйықталған экономикалық бірлестіктерде айналыста болатын , өнімнің сатылған көлемінен шығатын тауарларды сатқанда жасалады. Қызмет барысындағы шегерулер өндіруші тауарларды сату , тасымалдау, сақтау, күзету, есепке алу қызметтеріне жасайды.
Сатып алушыларға жасалған сату шегерімдерінің барлық түрі шартта және басқа да құжаттарда айтылып, есеп айырысу-төлем құжаттарында көрсетілуі керек. 6030 шот бойынша жыл басынан жасалған айналымдар жинақталған тізімдемеде немесе машинограммаларда шегерімнің түрлеріне қарай талдау жүргізіледі. Жыл аяғында бұл шот жабылады, онда қалдық қалмауы керек.
Баға шегерімдерінің есебін жүргізуге 6030 арналған. Жеңілдіктер тауар бағасының жалпы немесе ұйғарымды бағасына қарағанда төмендетілуі болып табылады. Жеңілдіктер процент түрінде немесе белгілі бір сомада болады.
Шегерімдердің іс жүзінде келесідей түрлері қолданылады:
- алынатын тауарлардың санына байланысты баға жеңілдігі тауарды 1 жылға ұйғарымды көлеміне қарағанда көбірек сатып алушылар үшін жасалады;
- уақытпен байланысты жасалатын жеңілдіктер негізінен маусымдық сипаты көпшілік сұранысы бар өнім сауда саласында қолданылатын баға жеңілдіктері;
- сандық жеңілдік тапсырыстың көлеміне және саласына байланысты баға жеңілдігі;
- арнайы жеңілдік белгілі бір жабдықтаушымен көптен бері байланысы бар және басқа ерекше қатынастағы сатып алушыларға жасалатын баға жеңілдігі.
6030 шот бойынша сатып алушыларға жасалған жеңілдіктерінің түрлеріне қарай талдау жасалады. Талдау есебі үшін тізімдеме немесе машинограмма жүргізіледі, онда жыл басынан жасалған жеңілдіктердің түрлеріне дебеттік айналымдары бойынша жинақталады. Жыл аяғында 6030 шот жабылады.
Жасалған баға жеңілдіктері сатып алушылардың жазатын шот-фактурасында көрініс табуы керек және оның негізінде нақты экономикалық есептеудің есебі жасалады.