Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі Н.Т.Теміржановтың
2015 жылы атқарған жұмысы туралы тұрғындар алдындағы есебінің
ТЕЗИСІ
Құрметті ауылдастар!
Округ әкімдігінің басты мақсаты Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» жолдауында және басқа да стратегиялық құжаттарда, мемлекеттік және салалық бағдарламаларда көзделген, елімізде жүргізіліп отырған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру болып табылды.
Былтырғы жылды қортындылай отырып, оның негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің біршама ілгерлеуінің әрі тұрақты өсу және даму нәтижелеріне қол жеткізілді.
Медицина саласы. Округте денсаулық сақтау саласына баса назар аударылады. Округ бойынша дәрігерлік қызмет көрсетумен 5 адам шұғылданады. Жоғары білімді 1 дәрігер, арнаулы орта білімді 3 медбике және 1 фельдшер. Азаматтарды жас шамасына қарай уақытылы тексеру, жас нәрестелерді, әйелдерді тексеру, скринингтер, оқушыларды тексеруден өткізу жоспарлы түрде жүргізілуде.
Білім саласы. Ауыл орталығында жалпы негізгі білім беретін 1 мектеп бар. Мектепте 74 оқушы, 10 бала мектепке дейінгі топта тәрбиеленуде. Оларға 20 мұғалім сабақ береді, оның ішінде жоғары санатты-4, бірінші санатты-8, екінші санатты-6 мұғалім бар.
Әлеуметтік сала. Округтегі 345 адамның 125 жұмысқа жарамды. Ауылда 2 еңбек ардагері сонымен қатар 1 «Алтын Алқа» иегері бар. Округте «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жастар жұмысқа алынып, өңірдің өркендеуіне өз үлестерін қосуда.
Ауыл әкімінің аппараты 7 штаттық бірлікпен 8 адамнан тұрады. Мамандар кеңсе құралдарымен, көлікпен қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылы 6635 теңге мүлік салығы, 9673 теңге жер салығы барлығы - 16308 теңге жиналып құйылды.
Мәдениет саласы. Ақбұлақ ауылдық клубы 2009 жылдың қазан айынан жұмыс жасайды, мекемеде 2,5 штаттық бірлікпен 4 адам жұмыс атқарады. Көркемөнерпаздар үйірмесі тұрақты жұмыс жасап, барлық мемлекеттік мерекелер аталып өткізіледі. Клуб 2 дыбыс күшейткіш, 2 – колонка және 6 микрофондармен жабдықталған.
Ауылшаруашылығы саласында өңірлерді дамыту бағытында 2015 жылы 5 шаруа қожалықтары асыл тұқымды мал сатып алу және селекциялық жұмыстарды жүргізу үшін 6404000 теңге көлемінде субсидия алды.
Оның ішінде:
|
Асыл тұқымды мал алуға/мың теңге/
|
Селекциялық жұмыстарға/м.т./
|
Қоғамдық табын /мың теңге/
|
Субсидия
|
304000
|
5580000
|
520000
|
Өткен жылмен салыстырғандағы округ бойынша мал басы саны және өндірілген өнім көлемі:
|
01.01.2014 ж.
|
01.01.2015 ж.
|
01.01.2016 ж.
|
%
2015/2014 ж.
|
Іріқара/бас/
|
1202
|
1540
|
2107
|
136,8
|
с.і.сиыр/бас/
|
360
|
748
|
810
|
108,2
|
Қой,ешкі/бас/
|
3634
|
3360
|
4788
|
142,5
|
шошқа/бас/
|
-
|
-
|
-
|
|
жылқы/бас/
|
881
|
1154
|
1606
|
139,1
|
құс/мың/
|
210
|
110
|
110
|
100
|
Өндірілген өнім
|
|
|
|
|
|
ет/т/
|
275,0
|
248,8
|
254,8,
|
24,2
|
сүт/т/
|
749,8
|
756,6
|
561,2
|
4,1
|
жұмыртқа/мың дана/
|
1,1,
|
1,1
|
0,5
|
36,8
|
жүн/т/
|
4,6
|
4,6
|
3,8
|
12,0
|
Мал басын бірдейлендіру және компьютерлік базаға енгізу жұмыстары атқарылуда.
Ауылдық округ аумағында малдарды асылдандыру жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. «Темірлан», «Әділет», «Рыспай» шаруа қожалықтары мал бастарын асылдандыру үшін 2015 жылы 7 бас асыл тұқымды бұқа сатып алған. Белгіленген жоспар бойынша малдәрігерлік шаралар толықтай атқарылып, малдан бруцеллез ауруы анықталған жоқ.
Ауыз су мәселесі. Су мәселесі ШҚО-ның БҰҰ-мен бірлескен бағдарламасы аясында 2015 жылдың жаз айларында 2 скважиналық құдық қазылып ауыз су мәселесі шешімін тапты.
Округ бойынша 60 номерлік абонент бар, былтырғы жылы спутниктік байланыс жүйесі іске қосылды. Алдағы уақытта мобильді байланыс жүйесін қосу жөнінде жұмыс жүргізуледі.
Абаттандыру мәселесі. Округтегі әлеуметтік маңызы бар ғимараттар есепті жылы ағымды жөндеуден өткізілді.
Округ әкімінің 2016 жылы іске асыратын жұмыстары:
3,0 млн. теңге мөлшерінде «Жарқын» шаруа қожалығы 50 басқа арналған жылқы малды бордақылау алаңын салу, 3,0 млн. теңге мөлшерінде «Темірлан» ш/қ 50 басқа арналған ірі- қара малды бордақылау алаңын салу; «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының 2 – бағыты бойынша мал шаруашылығын дамыту үшін 10,0 млн. теңге көлемінде шағын несие алу; дәрігерлік амбулаторияға жөндеу жұмыстарын жүргізу, құрылыс сомасы 500 мың теңге;
ұялы байланыс жүйесін қосу; округті абаттандыру бойынша іс-шараларды жүргізу, шаруа қожалықтарымен ауыл тұрғындарымен бірлесе ауылдағы саябақты ретке келтіру.
Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі:
Н.Т. Теміржанов
Достарыңызбен бөлісу: |