Сабақтың түрі: қашықтықтан оқыту. Пән аралық байланыс: биология,жаратылыстану, информатика



Дата29.03.2017
өлшемі13,47 Kb.
#12636
түріСабақ
  • Сабақтың тақырыбы:
  • Шөлейт және шөл зоналары.
  • 1.Оқушыларға Қазақстанның табиғат зоналарын қортындылай келіп, табиғат кешендерінің бір-бірімен байланысу, әрекеттесу заңдылықтарын түсіндіру.
  • 2.Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану арқылы жер табиғатына ғылыми көзқарастарын қалыптастыру, дамыту.
  • 3.Оқушыларға табиғат байлықтарын түсіндіре отырып, экологиялық мәселелерді шешу жолдарын таба білуге үйрету.
  • Әдіс-тәсілдері: интерактив тақтаны пайдалану.
  • Сабақтың түрі: қашықтықтан оқыту.
  • Пән аралық байланыс: биология,жаратылыстану,
  • информатика
  • Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы,
  • атлас-8-сынып,кескін карта кестелер, суреттер.
  • Күтілетін нәтиже.
  • Мұғалім үшін: 1.Ақпараттық технологияларды пайдалану
  • арқылы ізденіске жетелеу;
  • 2.Жаңа сабақ арқылы өзіндік білім жетілдіру;
  • Оқушы үшін:
  • 1.Оқушының өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік беру.
  • 2.Қызығушылығын ояту.
  • 3.Мағынаны ашу.
  • 4.Интерактив тақтамен жұмыс жасай алуы.
  • Сабақтың барысы:
  • 1.Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу,
  • көңіл-күйлеріне мән беру.
  • 2.Сабаққа дайындығын тексеру.
  • 3.Назарын сабаққа аудару.
  • 4.«Ой қозғау»
  • 5.Үй тапсырмасын кесте бойынша тексеру.
  • 6.Жаңа сабақтың мазмұнын ашу.\
  • 7.Кластер құру
  • 8.Кескін картамен жұмыс.
  • 9.Тест тапсырмалары.
  • 10.Қорытынды бөлімі.
  • 11.Бағалау.
  • 12.Бағыт бойынша үйге тапсырма.
  • Оқушының назарын сабаққа аудару.
  • (Табиғат әдемілігі мен әсемдігі бейнеленген суреттер таратам, оқушы ойына келген теңеулерді айтып шығады)
  • «Ой қозғау» өткен тақырыпты еске түсіріп, қайталау сұрақтары.
  • 1.Табиғат зонасы деген не?
  • 2.Табиғат зонасы қалай қалыптасады?
  • 3.Табиғат зоналары қандай ретпен ауысады? (Интерактив тақтаға жазу)
  • Үй тапсырмасын тексеру.
  • Сипаттама
  • Дала зонасы
  • Территориясы
  • Батыс сібір ойпаты, Сырт қыратының аз бөлігі
  • Батыс сібір ойпатының оңтүстігі, Мұғалжар тауы, Сарыарқаның солтүстік орталық бөлігі
  • Климаты
  • Қаңтарда т-19С, шілдеде+18С,+19С. Қар қалыңдығы 40см, жауын-шашын 300-400мм
  • Қаңтарда т-16,-18шілдеде+20С,+24С. Қар қалыңдығы 25см, жауын-шашын 300мм
  • Ірі өзендері
  • Есіл,Тобыл
  • Жайық,Есіл,Тобыл, Нұра, Ертіс
  • Топырағы
  • Қара және қызыл топырақ
  • Өсімдігі
  • Қайың, қарағай, құлпынай, жоңышқа, арпабас
  • Шалфей, бөденшөп, меңдуана, бетеге
  • Жануарлары
  • Қоян, елік, бұлан, құр, кекілік, балықшы, торғай
  • Сарышұнақ, қасқыр, түлкі, борсық, тырна, дуадақ
  • Жаңа сабақтың мазмұны
  • Кластер құру
  • (интерактив тақтаға дайын кестеге оқушылар кластер құрады)
  • 1-топ орманды дала және дала зонасын құрады
  • ( интерактив тақтаға дайын кестеге оқушылар кластер құрады)
  • Кескін картамен жұмыс.
  • Табиғат зоналарын бояу керек (тақтадан кескін картаны көрсетіп, шөл және шөлейт зоналарын географиялық орнын анықтау керек) видиеомен көрсету.
  • Тест тапсырмаларын орындау.
  • ( алдарынағы компютерге енгізу) оқулықты
  • пайдалана отырып жауап түзу.
  • 1.Дала мен шөл зоналары аралығында орналасқан зона
  • а)орманды дала зонасы
  • ә)өтпелі зона
  • в)шөлейт зонасы
  • 2.Республика аумағының 44℅ алып жатқан зона
  • а)шөл зонасы
  • ә)дала зонасы
  • в)орманды дала зонасы
  • 3.Шөлейт зонасының ірі өзендері
  • а)Ойыл, Жем,Торғай
  • ә)Сырдария,Есіл,Ертіс
  • в)Арыс,Арал,Теңіз
  • 4.Шөлейттің негізгі топырағы
  • а) Қара топырақ
  • ә)Ашық қара қоңыр топырақ
  • в)Сары топырақ
  • 5.Шөлейт зонасындағы таулы-төбелі гранитті сілем
  • а) Қызыларай
  • б)Қаратау
  • в)Кеңсарай
  • 6.Қой және жылқы шаруашылығы басым дамыған табиғат зонасы
  • а)Шөлейт зонасы
  • б)шөл зонасы
  • в)Дала зонасы
  • 7.Жауын-шашан көбіне көктемде түсетін зона
  • а)Шөл зонасы
  • б)орманды дала зонасы
  • в)дала зонасы
  • 8.Бұл зонада құмды және сазды шөлдер кең тараған.
  • а) шөлейт зонасында
  • ә)шөл зонасында
  • в)дала зонасында
  • 9.Сазды шөл
  • а)Үстірт, Бетпақдала
  • б)Нарын,Тайсойған
  • в)Қызылқұм, Мойынқұм
  • 10.Қазақстанның Қызыл кітабына енген дәрілік өсімдік
  • а)Қызғалдақ
  • ә)Дермене жусан
  • в)Адыраспан
  • Қорытынды :
  • Шөлейт зонасы- дала мен шөл арасындағы өтпелі зона. Қазақстан аумағының 10,8℅-ын алып жатыр.Шөлейт зонаның климаты құрғақ, шұғыл континентті. Бұл зонаның жануарлары- ашық кеңістікті мекендеушілер.Әсіресе кемірушілер үшін қолайлы. Негізінен мал жайылымы үшін пайдаланады, егіншілік тек суармалы жерлерде дамыған.
  • Шөл зонасы- республиканың 44℅- алып жатыр.Шөлдер үшін қары аз қыс және құрғақ ыстық жаз тән.қазқастанда құмды, сазды және тасты шөлдер кездеседі.Шөл зонаның көркі-қара және ақ сексеуіл, жантақ,шеңгел сынды өсімдіктерінің жапырақтары майда, тамырлары ұзын болады, бойында ылғалды ұзақ сақтау үшін. Қаратау бөктерінде «дермене жусан» өседі одан ішек құрттарын түсіретін сантонин дәрісі жасалады
  • Сабақты аяқтау.
  • Табиғатты бабамыз аялай білген секілді.
  • Даналықты қазаққа дала берген секілді.
  • Еркелікті ерікті желден алған секілді,
  • Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді, деп Қ.Мырза Әлі жырлағандай табиғаттың сұлулығын жырлай отырып, қоршаған ортамызды аялауды ұмытпайық.
  • Үйге тапсырма:
  • Шөлейт және шөл табиғат зоналарының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын кесте құру арқылы жазып келу.

Каталог: uploads -> doc -> 129f
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
129f -> Сабақтың тақырыбы: Қыс. Зат есім. Сабақтың мақсаты
129f -> Инновациялық технологияларды қолдану арқылы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
129f -> Сабақтың тақырыбы Революция кезінде және Кеңес билігінің алғашқы жылдарындағы Қазақстандағы ұлттық қозғалыстар


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет