3. «Әскери коммунизм» саясаты Әскери коммунизм саясаты — 1918–1921 жылдары азамат соғысы кезіндегі Кеңес
одағының ішкі саясатының аты. Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан
қиындықтармен байланысты Кеңес ӛкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі
барлық материалдық ресурстармен, адам күштерін барынша жұмылдыру,
қалаларды, ӛнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Армияны азық-түлікпен
қамтамасыз ету, елде қатал еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери
коммунизм» саясатын енгізді. Бұл тӛтенше саясат экономикалық күйзеліс,
Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғаудың
қажеттілігінен туған еді. «Әскери коммунизм» саясаты негізінде азық-түлік
мәселесін шешу үшін тӛтенше шара азық-түлік салғырты енгізілді. Ол бойынша
елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлы астықтың кӛп бӛлігі
ешқандай қайтарымсыз алынды, бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан
қамтамасыз ету кӛзделді, ауыл шаруашылық ӛнімдерін ӛз еркімен сатуға тиым
салынды. «Әскери коммунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету
міндеттілігі талап етілді. Қазақстанда «әскери коммунизм» саясаты негізінде
ӛнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру, оны Қызыл Армияны
қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары
жүргізілді. Бүкілресейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамырдағы
жарлығымен әскерге ӛз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті әскери
борышты орындаумен алмастырылды. 1918 жылдың жазында ӛлкеде Қызыл
Армияның құрамында ұлттық әскери бӛлімдер құрыла бастады.
Ӛнеркәсіптің национализациялауымен пайда болған басқару жүйесі бірден шамадан
тыс орталықтанғандық белгілерге ие болып, бюрократизмге жол ашты. Маманданған
жұмысшылар жеткіліксіз болды. Басқару аппаратының жеке буындары арасындағы
үйлесімсіздік, шикізаттың тапшылығы, транспорттың берекесінің кетуі, кӛп жағдайда
саяси және әскери органдардың ӛндірістік істерге кәсіби емес араласуымен ұштасып
жатты. Тӛтенше шаралар қолдану, билікті шамадан тыс пайдалану әдеттегі іске
айналды.