1918 жылы шілде айында Жетісу және Ақтөбе майданы құрылды.
Александр Васильевич Колчак
Борис Анненков
- 1918 жылы 29 мамырда «Міндетті әскери міндеткерлік негізінде еңбекшілерді мобилизациялау» туралы декрет жарияланды.
- 1920 жылы Түркістанда байырғы халықты әскерге тұңғыш рет күштеп жинау жарияланды.
- 1920 жылы мамырда 19 – 35 жастағы орыс емес ұлттардың 25 мың өкілі армияға шақырылды.
1919 жылы 22 қаңтарда Орынбор, ал 1919 жылы 26 қаңтарда Орал қаласы азат етілді.
Бұл Кеңестік Россияның Қазақ өлкесі және Орта Азиямен тікелей байланысын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. 1919 жылы көктемде Антантаның Кеңес еліне қарсы біріккен жорығы басталды.
1918 жылдың аяғында Дутов, Анненков, Колчак топтарына қарсы партизан соғысы өрістеді.
Партизандық астыртын жұмысты ұйымдастырушылар: Ә. Әйтиев, С. Арғыншиев, Ә. Майкөтов, М. Жәнібеков, А. К. Вайцеховский, А. В. Азаданов, К. М. Михалкович, В. В. Мей т. б.
Солтүстік Жетісуда партизан соғысы кең өріс алды. Мұндағы қорғаныс орталығы Черкасск селосы болды. Черкасск қорғанысы 1918 жылдың маусымынан 1919 жылдың қазан айына дейін созылды, яғни партизандар атаман Анненков тобына 13 ай бойы тойтарыс берді. 1919 жылы қазан айында анненковшылар Черкасскіні алып, 1800 адамды қырып тастады.
Черкасск қорғасының тарихи маңызы: - Колчакшылардың Жетісуға шабуылы тоқтатылды; - Сібір контрреволюциясының Орта Азия контрреволюциясымен бірігуіне жол берілмеді.
Партизан қозғалысының ең ірі орталығы Атбасар уезінің Мариновка қонысы болды.
Семей облысын ақ гвардияшылардан азат етуге құрамында 200 қазақ бар «Алтайдың қызыл тау қырандары» атты партизан полкі көмектесті.
Қазақ өлкесіндегі Майдандардың жойылуы. Қазақ жеріндегі Колчак әскерін талқандау Шығыс майданының Солтүстік және Оңтүстік топтарына жүктелді.
1919 жылы қолбасшы М. В. Фрунзе бастаған Қызыл әскер топтары Қазақстанның солтүстік аудандарында, ал Чапаев бастаған топтар оңтүстік – батыс аудандарда соғыс жүргізіп, Колчак әскерлерінің Деникин әскерлерімен қосылуына жол бермей, оларға күйрете соққы берді.
Достарыңызбен бөлісу: |