Тақырып. ҚАзақстан соғыстан кейінгі жылдарда: кеңестік реформалардың Қайшылықтары мен зардаптары


Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында



бет2/2
Дата10.11.2022
өлшемі38,63 Kb.
#157551
1   2
Байланысты:
Дәріс 8. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда

Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында.


1953 ж. наурызында Сталин қайтыс болғаннан кейін елде билік үшін күрес күшейді. Мамыр айынан бастап социалистік қоғамдағы қайшылықтар, жеке тұлға мен халықтың тарихтағы рөлі, Сталинның жеке басына табыну мәселелері төңірегінде алғашқы пікірлер айтыла бастады. Қоғамды қайта құрудың қажеттілігін саяси биліктің барлық мүшелері түсінді, бірақ та қажетті қайта құрудың басымдылықтары мен мазмұнын әркім өзінше бағалады. Билікке талас негізінен консервативті және реформаторлық бағыттағы басшылар арасында жүрді. Күрес барысында Мемлекеттік Қауіпсіздік Халық комиссариаты мен Ішкі Істер Халық Комиссариаттарын біріктіріп, басқаруды өз қолына алған Берия тұтқындалып, желтоқсанда ату жазасына кесілді. 1954-1957 жылдар аралығында Сталиннің жеке басына табыну және Молотов, Каганович, Маленковтің «партияға қарыс тобның жікшілдік әрекетін» айыптаудан кейін мемлекет басшылыған Н. Хрущев келді.
1956 жылы ақпан айында өткен КОКП-ның ХХ съезі Сталиннің жеке ьасына табынушылықты айыптады. Сталин туралы мәселені съездің алдына академик П.Н. Поспеловтың басқаруымен арнайы құрылған комиссия дайындаған болатын. Комиссия Сталиннің мемлекетті басқарудағы көптеген өрескел қателігін ашады. Комиссия есебінде:
«1965-1940 жылдары біздің елімізде кеңес азаматтарын жаппай тұтқындау жылдары болды. Осы жылдары антикеңестік қызметі үшін 1 млн 920 мың 635 адам тұтқындалып, оның 688 мың 503-і атылды», - деп көрсетілді.

  1. жж. орта шенінен бастап жеке адамға табынушылықтың зардаптарын жоюға, зандылықты қалпына келтіруге бағытталған бірсыпыра шаралап іске асырылды. 1956 ж. ақпан айында өткен партияның XX съезі Сталиннің жеке басына табынушылықты айыптап, оның зардаптарын жою, партия тұрмысының нормаларын қалпына келтіру, ішкі партиялық демократияны өрістету бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды құптады. Хрущев басқарған, тарихқа «жылымық» жылдары деген атпен енген 50-жж. екінші жартысынан былайғы кезде көптеген игі істер атқарылды:

    • басшылықтың ұжымдық принципі енгізіліп, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі босаңси басталды,

    • сталиндік лагерлерде отырған саяси тұтқындарға реабилитация жарияланды,

-экономика саласын реформалауға талпыныстар жасалды,

    • ұлт мәселесіндегі бұрмалаушылықтар түзетіле басталды,

    • қоғамдағы кеңес органдарының рөлі артты,

-кеңес қоғамының тарихын шыншылдық тұрғысынан баяндау, оның жүріп өткен жолына сын көзбен қарау мүмкіндігі туды.
50-ші жылдарда әлемдегі жалпы қоғамдық жағдайларға байланысты, кейбір демократиялық өзгерістердің ықпалымен Кеңес өкіметі шамадан тыс орталықтандыру босаңсытуға және одақтас республикалардың шаруашылық, саяси-мәдени құрылыс саласындағы құқықтарын кеңейтуге бағытталған кейбір шараларды жүзеге асыруға мәжбүр болды. Қоғамдағы кеңес және қоғамдық ұйымдардың рөлі біршама өсті. Мыңдаған кінәсіз сотталған адамдар лагерлерден босатылып, партияның көрнекті қайраткерлері ақталды. Тұтқындағылардың ісін сол лагерлерде қарау үшін 90 арнайы комиссия құрылып, 1956-1957 жылдары жарты миллионнан астам адам ақталды. Олардың қатарында С. Асфендияров, О. Жандосов, О. Исаев, Л. Мирзоян, С. Меңдешев, Н. Нұрмақов, М. Масанчи, А. Розыбақиев және т.б. партия, мемлекет қайраткерлері болды.
Сталиннің жеке басына табынушылығын айыптау және оның зардаптарын жою рухани мәдениет саласында халықтың әлеуметтік белсенділігін едәуір өсірді. С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров және т.б. қазақ әдебиеті мен өнерінің қайраткерлерінің ақталуы ерекше қуанышпен қарсы алынды. Республикадағы шығармашылық жұмысқа М. Әуезов, Қ. Жұбанов, Е. Бекмаханов, т.б. оралды.
Қазақ жастары кеңестік тоталитарлық билікке қарсы бағытталған жұмыстарын ұйымдастыра бастады. 1963 ж. Мәскеуде оқитын қазақ жастары Мұрат Әуезов, Б. Тайжанов,
А. Қадыржанов, С. Ақатаве, М. Тәтімов басқаруымен студент жастардың «Жас тұлпар» ұйымы құрылады. Ұйымның мақсаты қазақ жастарының ұлттық санасын ояту болды. «Жас тұлпар» ұйымының географиясы бірте-бірте кеңейіп, Ленинград, Киев, Одесса, Рига қалаларында да қанатын жаяды. Қазақстанда Алматы, павлодар, Ақмола және Шымкент қалаларында оқитын студенттер арасында ұйымдастырылп, Қарағандыда «Жас қазақ», Семейде «Тайшұбар» деген аттармен жұмыс істейді. Ұйым ұзақ уақыт жұмыс істей алмағандығына қарамастан мыңдаған қазақ жастарының санасында ұлт-азаттық идеясын тұтандырды.
50-60 жылдардың басында тоталитарлық жүйе қоғамдық өмірдің барлық жағын идеологияландыру саясатын жүргізе отырып, қоғамның кез келген бөлігінің мүддесін мемлекет мүддесімен тығыз ұштастыруды басты мақсат етіп қойды. 1961 ж. өткен партияның XXII съезінде қабылданған Коммунистік партияның жаңа бағдарламасында ғылыми тұрғыдан негізделмеген «коммунизмге өтудің мерзімі мен міндеттері» жария етілді, ол үшін «жиырма жыл қажет» деген утопиялық тұжырым жасалды.
Ұлт саясатында да келеңсіз жағдайлар орын ала бастады. Н. Хрущев ұлттық ерекшеліктердің тезірек жойылуына және оның негізінде Кеңестер Одағының барлық ұлттары мен халықтарының қосылуына баса назар аударды. «Кеңес халқы» деген жалпылама ұғым қалыптаса бастады.

1963 ж. 18 наурызында Н. Хрущев өз атынан бүкіл интеллигенцияны шығармашылықта партиялық принципті қатаң басшылыққа алуға шақырады. Бұл үндеу, шын мәнінде,


«жылымықтың» аяқталғандығының белгісі болды. Барлық билік Коммунистік партия қолына қайтадан жинақталды. Іс жүзінде қоғамдық өмірдің барлық салаларына қатаң бақылау орнатыла бастады. Шығармашылық өкілдерін қудалаулар басталды.
Қалыптасқан жағдайды түзету және орын алған қателіктерді жою мақсатында 1964 жылы қазан айында КОКП ОК-нің кезек күттірмейтін пленумы шақырылды. КСРО жоғары билік басшыларының бір топ қайраткерлері Н. Хрущевті орнынан түсіруді құпия түрде әзірлеген болатын. Пленум шаруашылық мәселелерін шешуде Хрущев тарапынан жіберілген субъективизм мен волюнтаризмді, әкімшілікті айыптап КОКП ОК-нің 1-хатшы қызметіне Л.Брежневті сайлап, Министрлер кеңесінің төрағасы етіп А. Косыгинді тағайындады. Олардың ізін ала Қазақстан КП ОК-нің 1-хатшысы болып Д. Қонаев сайланды.
Сонымен, қарастырылып отырған кезеңде елдің қоғамдық өмірінде біраз игі бастамалар қолға алынып, реформалар басталды. Алайда, бұл реформалардың басым бөлігі сол кездеі саяси басшылық тарапынан жіберілген қателіктер нәтижесінде аяқсыз қалды.
50-жылдары Қазақстанның экономикалық күш-қуатының өсуі үшін алғышарттар жасалды, бұл жылдары халық шаруашылығының материалдық-техникалық базасын нығайту, шаруашылық айналымға жаңа қорларды тарту, өндірістің техникалық дәрежесін арттыру шаралары жүзеге асырылды. Бірақ та КСРО-да экономикалық саясаттың орталыққа тәуелді болуы болуы, республика өнеркәсібінің біржақты даму процесін жалғастыра берді. Жеңіл және тамақ өнеркәсіп салаларына тежеу жасалып, оның есесіне шикізат және отын өндіретін салаларға басымдық беріп, оларға өнеркәсіп саласына жұмсалған қаржының шамамен оннан тоғыз бөлігі жұмсалды.
Республикалардың бюджет құқықтары едәуір кеңейтілді. Қазақстан бюджетінің шығыс көлемі 1953-1960 жж. 7 еседен аса ұлғайды; 434,9 млрд. сомнан 3 млрд. 53млн. сомға дейін жетті.
Республикадағы министрліктердің құқықтары бұрынғыға қарағанда едәуір өсіп, 1954- 1956 жж. одақтық министрліктерден республика қарамағына 144 ірі кәсіпорын берілді. Жергілікті Кеңестердің шаруашылық және мәдени құрылыс істерінде, оның ішінде халыққа білім беру, сауда, халыққа коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы құқықтары кеңейтілді. Кеңестерге жергілікті өнеркәсіп өндірісін жоспарлау және олардың өнімін бөлу, тұрғын үй салуды ұйымдастыру, қаржы бюджет мәселелерін шешуде үлкен міндеттер жүктелді.
1960 ж. қарай Қазақстанда 83 ірі кәсіпорын пайдалануға берілді. Әсіресе, отын- энергетика саласы қарқынды дами басталды. 50-ші жж. екінші жартысында республикада қара және түсті металлургияның жаңа кәсіпорындарын, электр станцияларын салу, өнеркәсіптің басқа салаларын одан әрі өркендету міндеті қойылды. Бұл міндеттерді іске асыру барысында республиканың көптеген өндіріс орталықтарында ірі индустриялық кәсіпорындар салынды. Павлодар алюминий, ферросплав және комбайн зауыттарын, прокат жабдықтары машина жасау зауытын, Жамбылда химия зауытын, Семей мен Шымкентте жаңа цемент зауыттарын салу қолға алынды. 1940 жылмен салыстырғанда 1960 ж. өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі 732 пайызды құрады.
Осы кезде Қазақстанда бүкіл еліміздегі сияқты өнеркәсіпте ғылыми- техникалық прогреске бет бұрыс жасалды. Өндіріс жүйесін электрлендіру, комплексін механикаландыру және автоматтандыру, мол өнімді жаңа станоктарды, машиналар мен аппараттарды еңгізу, өндіріс технологиясын жетілдіру, отын қуатын бейбіт мақсаттарға қолдану негізінде өнеркәсіптің барлық салаларында техниканы жетілдіру қарқынын арттыруға айрықша көңіл бөлінді.
1957 жылы еліміз бойынша, соның ішінде Қазақстанда да бірқатар шаруашылық ұйымдастыру шаралары іске асырылды. Өнеркәсіп пен құрылысты басқару территориялық принцип бойынша ұйымдастырылды. Олардың әрқайсысында халық шаруашылығы кеңестері құрылды. Өнеркәсіп пен құрылысты басқарудың ұйымдастырылуын одан әрі жетілдіру туралы Республика Жоғарғы Кеңесі қабылдаған (1957 ж.) заңға сәйкес республика территориясында 9 экономикалық әкімшілік ауданы ұйымдастырылып, одақтық- республикалық және республикалық шаруашылық министрліктер таратылды. Халық шаруашылығы кеңестерінің қарамағына өнеркәсіп пен құрылыстың әр түрлі салаларының 2 мыңнан астам кәсіпорны берілді.
Алайда, өмірдің өзі көрсеткендей, өнеркәсіптің басқарылуын жер аумағы бойынша ұйымдастыру ісі жетілмеген болып шықты. Өнеркәсіптің жеке салаларына өндірістік- техникалық басшылық ету экономикалық аудандарға бөлшектелді де, халық шаруашылығы кеңестерінде кәсіпорындарды басқару арнайы мамандырылған көп салалы басқармалар арқылы жүзеге асырылды. Бұл Кеңестер ғылыми-техникалық прогрестің жеделдетілуіне байланысты кеңейген жұмыс көлемін игере алмады, жаңа техниканы пайдалануға жеткілікті бақылау орнатуға қабілетсіз болды.
50 жылдардың басында бүкіл ел бойынша ауыл экономикасының даму дәрежесі едәуір төмендеді. Ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау бағасының арзан болуы азық түлікті көп өндіруге ынталандырмады, колхоздардың шығынын өтей алмады. Село экономикасын дамытудың мүмкіндіктері жете пайдаланылмады. Дәнді дақылдардың шығымдылығы төмендеп кетті. Тіпті ауа райы қолайлы болған жылдардың өзінде республика небәрі 100-150 млн. пұт (шамамен 1,6-1,4 млн.т.) ғана тауарлы астық өндірді. 1953 ж. 31 млн. тоннаға жетер жетпес астық дайындалды, ал бірақ 32 млн. тоннадан астам астық жұмсалды. Әсіресе, азық- түліктік дақыл - бидай өте тапшы болды.
Мал шаруашылығының да жағдайы мәз болған жоқ. 1951 ж. бар болғаны 4,5 млн. бас ірі қара (1928 ж. 6,5 млн. болған), 1,5 млн. жылқы (3,5 млн.), 127 мың түйе (1 млн.) болды. Тек қой саны жөнінен ғана, олардың тез өсетіндігі есебінен, 1928 ж. дәрежесіне жақындай алды. 1951 ж. 18036 мың қой болса, ал 1928 ж. 18566 мың қой болған еді.
КОКП Орталық Комитетінің 1954 ж. ақпан-наурыз Пленумында қабылданған шешімде қысқа мерзімде Қазақстанда, Сібірде (Алтай, Краснояр өлкелерінде), Оралда, Поволжье және Солтүстік Кавказдың, Қиыр Шығыстың кейбір аудандарында жаңа тың және тыңайған жерлердің есебінен астықты дақылдар егістігінің көлемін кеңейту көзделді.
1954-1960 жылдары республикада тың игеру есебінен астық өндірудің жалпы көлемі 106 млн. тоннаға жетті, осы жылдар ішінде астықтың жылдық орташа өнімі 1949-1953 жж. көрсеткіштерімен салыстырғанда шамамен 3,8 еседей артты. Қазақстан бұл жылдардың ішінде мемлекетке 63,4 млн.тонна астық тапсырды.
Тың игеру Қазақстанды тауарлы астық өндіруде Одақ бойынша алдыңғы қатарға шығарды. Соның нәтижесінде республика әрбір тұрғынға шаққанда екі мың кило астық өндіретін дәрежеге жетті. (Азық-түлік мәселесін түбегейлі шешу үшін әр адамға шаққанда бір мың кило астық өндіру жеткілікті деп есептелінді.) Іс жүзінде Қазақстан өз қажеттерін ғана өтеп қоймай, оның әлемдік астық рыногына экспортер ел ретінде шығуға да мүмкіндігі пайда болды. Қазақстанның тың игерілген солтүстік аудандарында астықтың орташа жылдық жалпы түсімі 1949-1953 және 1959-1963 жж. Көрсеткіштерін салыстырғанда 500 пайызға өсті. Қазақстан біртіндеп елімізде өндірілетін бидайдың аса бағалы қатты және күшті сорттарының 60 пайызын беретін аймаққа айналды.
Қазақстанда Ресей мен Украины, Белоруссияның және басқа да одақтас республикалардан тыңды жаппай игерудің бірінші кезеңінде(1954-1956 ж.ж.) 640 мың ауыл шаруашылық механизаторлары, 50 мың құрылысшы, 3 мың денсаулық сақтау қызметкерлері, 1,5 мыңдай мұғалім, 1 мыңнан астам сауда қызметкерлері және басқалар болды. Бұлардан басқа республикадан механизация училищелерін бітіріп келген 66,7 мың адамға және Қазақстанның училищелерінен келген 19,8 мың адамға республика совхоздарында жұмыс істеуге жолдама берілді.
50-ші жж. Аяғына қарай Қазақстанның ауыл шаруашылығының материалдық- техникалық негізі де едәуір нығайды. Совхоздар мен колхоздар 169 мың трактор, 98 мың комбайн, 73 мың жүк машинасын және басқа да көптеген ауыл шаруашылық техникасын алды.
Тың игеру барысында Қазақстанда көптеген жаңа қалалар бой көтерді. Өнеркәсіп кәсіпорындары көптеп салынды. Жаңа темір жол, тас жол желілері тартылды. Тың игеру республиканың экономикалық күш-қуатын бұрын – сонды болып көрмеген дәрежеге ілгерілетті.
Тың және тыңайған жерлерді игерудің сонымен бірге зардаптары мен көлеңкелі жақтары да болды. Тың игеру қарабайыр әдіспен – егіндік көлемін ұлғайту арқылы жүргізілді. Ал сол кездің өзінде дамыған өркениетті елдерде астық өндіруді интенсивтендіру, яғни әр гектардан алынатын өнімді арттыруға баса назар аудара бастаған болатын.
Тың белсенді игерілген 7 жылда (1954-1960 жж.) Қазақстанда 25,5 млн. гектар, ал Ресейде – 16,6 млн. гектар тың және тыңайған жерлер игерілді. Бұрын болып көрмеген көлемде жерді жыртып тастаудың салдарынан алғашқы жылдардың өзінде, 1957-1958 жж. Павлодар облысының жеңіл топырақты жерлерінде шаң бораны тұра бастады,ал 60-шы жж. Басында жер қыртысын ұшырып кету тек жеңіл топырақты ғана емес,ауыр топырақты жерлерді де қамтыды.Жер эрозиясының салдарынан 30 млн. Гектар жердің үштен бір бөлігінде астық өсіруге аса қажет қарашірік екі пайыз-ақ болса, ал осы аймақтың тек 4 пайызында ғана ол жақсы сақталған болып шықты. Республикасының солтүстігінде бір миллион гектардан астам жер айналымнан шығып қалды.
Игерілген жерлердің біразы жоспарсыз,шамадан тыс артық жыртылған жерлер. Қазақстан тәрізді бұрыннан мал шаруашылығы ата кәсіпке айналған, шұрайлы мал жайылымдары мекенінде мұндай асыра сілтеушіліктің ауыр зардаптары болды.«Астық-астық деп, миллиондаған гектар жерді жыртып тастадық, жайылымнан айрылып қалдық,-деген еді Н.Назарбаев бір сөзінде. –Әрине, астық та керек.1920 жж. салыстырғанда, Қазақстанда жылқының саны 3 есе, түйенің саны 5 есе азайды. Хрущевтің кезінде малды, әсіресе, жылқыны құртып алдық». Айта кететін салыстырмалы бір жайт, дәл осы тың игеру жылдары шошқа саны шұғыл көбейіп, 4 еседен астам өсті. Кезінде тұлпар тұяғы дүбірлеткен қазақтың ең даласын шошқа шаруашылықтары жайлап алды.
Тың республика табиғатын да түлете алмады. Керісінше, мүлде тұралатты, республиканың солтүстігінен жабайы аңдар мен құстардың алуан түрлері ығыстырылды,өзен-көлдер тартылды.
Тың игерілген аудандардың географиялық, ұлттық, этнографиялық бейнесі басқаша бола бастады. «Тыңға көмек» деген сылтаумен республикадан тыс жерлерден 2 млн-нан астам адам көшіріліп әкелінді. Атап айтқанда, басқа республикалардан келгендердің саны
қазақ халқының санынан асып түсті. 1961 ж. Республикада қазақтардың үлес салмағы 29 пайызға дейін төмендеді. Жергілікті жерлерде ұлттық мектептер жабылып, қазақ балалары ірілендірілген мектеп-интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігіне оқу орыс тілінде жүргізілді. Мұның өзі бір жағынан қазақ жастарының өз ұлтының тілінен, салт- дәстүрі мен мәдениетіне қол үзіп, мәңгүрттенуіне жол ашса, екінші жағынан жергілікті халықты орыстандыру саясаты қолпашталып, ашық жүргізіле бастады. Жер-су аттары орыс тіліне көшірілді. Мұндай орыстану процесінен халықты республиканың егемендігі мен тәуелсіздігі ғана құтқарды.
Қазақ жерлерінің тұтастығын сақтап қалу да үлкен мәселеге айналды. Н. Хрущевтың бастамасымен қазақстанның тың игерілген 6 облысыныі аумағы Тың өлкесінің құрамына біріктірілді, оның орталығы - Ақмола қаласының атауы Целиноград болып өзгертілді. Қазақ жерін бөлшектеуді жүйелі жүргізген Н. Хрущев бастаған КСРО Саяси Бюросындағылар ұлтымыздың тілін, салт-дәстүрін аяқ асты етіп, қазақтардың ұлттық рухын жаншып, орыстың озбырлығын мойындатып барып, халықтың келісімін алмай-ақ, Тың өлкесін 1960 ж. – Ресейге «Алтай өлкесі» дәрежесінде қосып алмақшы болды. Алайда Ж. Тәшенов сияқты республика басшылығының табанды қарсылығы бұл әрекетті жүзеге асыртпай тастады.
50-жж. екінші жартысына бастап бүкіл еліміздегі, оның ішінде Қазақстанда іске асырылған экономикалық, әлеуметтік және идеологиялық шаралар нәтижесінде дамудың жаңа көкжиектері ашыла бастады.Бірақ бұл мүмкіндіктер толығынан пайдаланылмай қалды. Оған кінәлі Н.С.Хрущев бастаған басшылық қызметіндегі субъективтік әдістер болды. Экономика басқару ісі ойдан шығарылған әрекеттердің ырқына түсіп кетті. Сол кездегі басшылықтың волюнтаристік идеялары мен әрекеттері қоғамның берекесін кетіре бастады. Өр көкіректік, жалған уәделер негізсіз болжамдар сөз бен істің арасын алшақтата түсті. Халықтың әл-ауқатын жақсартуда да елеулі өзгерістер бола қоймады.
«Жылымықтың» шектеулі межелеріне қарамастан Қазақстан мәдениеті, ғылымы мен білімі де біршама табысқа жетті. Республика әдебиеті С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, Ә. Нұрпейісов, Т. Ахтанов, Б. Момышұлы, ақындар Қ. Аманжолов, Х. Ерғалиев, Х. Бекхожин, драматургтер Ә. Әбішев, Ә. Тәжібаев және басқалардың жаңа шығармаларымен толықты. 1955 жылы М. Әуезов «Абай жолы» роман эпопеясын аяқтап, әлемге танылды. 1959 ж. оған Лениндік сыйлық беріліп, 1961 ж. Әдебиет және өнер институты құрылып, оған М. Әуезов есімі берілді. 1961 ж. сәуірде «Комсомольская правда» газетінде Гагариннің ғарышқа ұшуының құрметіне жазылған О. Сүлейменовтың «Адамға табын, жер енді» өлеңі жарияланып, кейіннен ол поэмаға ұласты.Ж. Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасында болмыстың философиялық проблемалары көтерілді.
М. Төлебаевтың «Біржан мен Сара», Е. Брусиловскийдің «Дударай», Қ. Қожамияровтың «Назугум» опералары Қазақстан мәдениетінің алтын қорына енді. Қазақстан музыка өнерінің қайраткері, ғалым әрі композитор А. Жұбановтың халық композиторларының шығармашылқ стиль ерекшелігі, әншілер мен аспата ойнаушылардың мектебі, олардың жеке орындау шеберлігіне арналған «Ғасырлар пернесі» атты монографиясы ұлттық музыканы тереңдете зерттеуде қол жеткізген ірі табыс болды. Қазақстан музыкалық фолклоры мен қазақтың кәсіби музыкасын зерттеуге белгілі музыкатанушы Б.Г. Ерзакович үлкен үлес қосты.
1954 ж. Алматы киностудиясы «Махаббат туралы поэма», «Дала қызы» атты көркем фильмдерді шығарсы, 50-жылдардың екінші жартысында 20-ға жуық фильм шығарылды. 1958 ж. Қазақ КСр Министрлер кеңесінің қаулысымен Ш. Аймановтың басшылығымен Кинемотография қызметкерлері одағының ұйымдастыру бюросы құрылды. 1960 ж. Алматы көркем және хроникалы фильмдер киностудиясы «Қазақфильм» киностудиясы болып қайта құрылды.
Соғыстан кейінгі жылдарда мәдени-ағарту мекемелерінің жағдайы онша болған жоқ. Олардың соғыс кезінде құлдырап кеткен материалдық-техникалық базасын нығайтып, білікті
кадрлармен нығайту, күрделі жұмысқа қаржы бөлініп жаңадан мәдени-ағарту мекемелерін ұйымдастыру алда тұрған келелі міндеттердің бірі болды.
Кітапхана, клуб, оқу үйі, мектеп үшін үйлер салына бастады. Сол жылы 440 клуб, 500 мектеп іске қосылды. Мұндай жаңа құрылыстардың саны жыл санап көбейе берді. Мәдени- ағарту мекемелері үшін кадрлар даярлау, бұрынғыларын қайта оқыту сияқты жұмыстар жолға қойылды.
Соғыстан кейінгі жылдарда мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту, оқудың сапасын жақсарту ісіне ерекше мән берілді.
Қазақстанда тың жерлерді игеріп, индустрия алыптары бой көтеріп, халықтың саны едәуір көбейген 50-ші жылдары халыққа білім беру ісі біраз жанданды.Тың игерілген аудандарда көптеген жаңа мектептер ашылды. 50-жж.педагогикалық жоғарғы оқу орындары көбейді. Дегенмен, Қазақстанда, әсіресе, солтүстік облыстарда қазақ мектептері азайып кетті. Оның басты себебі демографиялық өзгерістермен байланысты болды. Қазақтар балаларын орыс мектептеріне көптеп бере бастады. Осының салдарынан 700 қазак мектептері жабылып қалды.
1951 жылдан 1955 жылға дейін республикада 8 жаңа жоғарғы және 22 арнаулы орта оқу ашылды. 1950-53 жылдары Қарағандыда екі жоғарғы оқу орны медицина және кен институттары ашылды.Семейде 1952-53 жылдары мал дәрігерлік – зоотехникалық және медецина институттары жұмыс істей бастады. Жаңа жоғарғы оқу орындарының:Ақтөбе меицина (1957), Целиноград ауыл шаруашылық (1958), Өскемен құрылыс жол (1958) институттарының ашылуымен бірге бұрыннан бар жоғары оқу орындары көбейіп, оларда жаңа факультеттер пайда болды.
Республика мәдени өміріндегі елеулі оқиға 1958 ж. желтоқсанда Мәскеуде қазақ өнері мен әдебиетінің декадасы болып табылады. Ш. Айманов, Р. Жаманова, Қ. Қуанышбаев, Е. Серкебаев, М. Төлебаев сияқты Қазақстан өнер қайраткерлері КСР-ның халық артисі атты құрметті атаққа ие болды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет