Тақырып. ҚАзақстан соғыстан кейінгі жылдарда: кеңестік реформалардың Қайшылықтары мен зардаптары



бет1/2
Дата10.11.2022
өлшемі38,63 Kb.
#157551
  1   2
Байланысты:
Дәріс 8. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда

  1. ТАҚЫРЫП. ҚАЗАҚСТАН СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРДА: КЕҢЕСТІК РЕФОРМАЛАРДЫҢ ҚАЙШЫЛЫҚТАРЫ МЕН ЗАРДАПТАРЫ





    1. Соғыстан кейінгі экономикалық даму проблемалары

Кеңес Одағы соғысты орасан зор шығынмен аяқтады. Соғыс жылдарында 1710 қала, 70 мыңдай ауыл, 32 мың өнеркәсіп орыны қирады. 25 млн адам баспанасыз қалды. Соғыстың тікелей шығыны ұлттық байлығымыздың 30 пайызын құрады. Экономика саласындағы қиыншылықтар жұмыс қолы жетпегендіктен,одан әрі ауырлай түсті. Өндірістегі жұмыс күшін толықтыру мақсатымен 1945-1948 жылдары 8,5млн. адам Қызыл Армия қатарынан демобилизацияланды.
КСРО экономикасы бейбітшілік жағдайға сәйкес қайта құрыла бастады. Бұрын соғыс қажетін өтеп келген онеркәсіп орындары бейбіт тұрмыс өнімдерін шығару (конверция) үшін қайта құрылды.
1946 жылдың наурызында КСРО Жоғарғы Кеңесі экономиканы дамытудың төртінші бесжылдық жоспарын (1946-1951жж.) қабылдады. Онда тек халық шаруашылығын қалпына келтіріп қана қоймай, ең алдымен ауыр өнеркәсіпті жедел қарқынмен дамыту міндеті қойылды. Өнеркәсіп өнімдерін өндіруді соғысқа дейінгі деңгеймен салыстырғанда 48% арттыру көзделді. Халык шаруашылығына 250 млрд сом (соғысқа дейінгі үш бесжылдықта жұмсалған мөлшерде) қаражат салу жоспарланды.
Соғыс кезінде бүкіл өнеркәсіп әскери өнім шығаруға көшкендіктен халық тұтынатын тауарлар өндіру мүлдем тоқтап қалған еді. Соған байланысты халықтың қолында тауармен қамтамасыз етілмеген біраз қаражат жинақталып қалды. 1947 жылы ақша реформасы жүзеге асырады. Халықтың қолындағы ескі ақша 10:1 қатынаста жаңа ақшаға алмастырады. Ақша реформасы согыс кезінде еңгізілген карточка жүйесін жоюға да мүмкіндік берді. Халық арасында мемлекеттік займ жүргізілді. Осы қатаң шаралар елдің қаражат жағдайын жақсартуға жағдай жасады.
1947ж. желтоқсанда азық-түлік және өнекәсіп тауарларына карточка жүйесі алынып тасталды.
Қираған шаруашылықты қалпына келтіру тез қарқынмен жүзеге асырылды. 1946 ж. конвенцияға байланысты даму қарқыны біраз төмендегенімен, 1947 ж бастап тұрақты өсіп отырды. 1948 ж өнеркәсіп дамуының соғысқа дейінгі деңгейі қалпына келтірілсе, бесжылдықтың аяғына қарай 1940 ж деңгейінен артты. Өсім жоспардағы 48 пайыздың орнына 70 пайызды құрады. Бұған фашистік оккупациядан босаған аудандарда шаруашылықты қалпына келтіру арқылы қол жеткізді.
Соғыс зардаптары Қазақстан үшін де жеңіл болған жоқ. Зауыттар мен фабрикаларда, сол сияқты ауыл шаруашылығында жұмыс күші жетіспеді. Оның көптеген себептері болды: соғыс кезінде Қазақстанға көшіріліп әкелінген мамандар өздерінің туған өңірлеріне оралды, жүз мыңдаған қазақстандықтар майдан даласында мерт болды,ал тірі қалғандарының бір бөлігі республикаға қайтпады. 30-жылдары жүзеге асырылған күштеп ұжымдастыру кезінде халықтың аштан қырылуы мен ата-мекендерін тастап басқа жаққа ауа көшуі де қатты әсер етті. Сонымен қатар зауыт-фабрикаларда еңбек еткен жұмысшылардың кәсіби даярлығы да төмен болды. Жұмысшы қатарын маман кадырларымен толықтыру, жұмыс күші жетіспеушілігін жою үшін республикада еңбек ресурстарының мектептері мен училещелері (ФЗО) құрыла бастады. Әскер қатарынан қайтқандар есебінен де еңбеккнрлердің қатары толықтырылды.
Еңбекшілердің қажырлы еңбегі нәтижесінде 1946-1960 жылдары республикада болат прокатын өндіру, қара және түсті металлургия, тау- кен және көмір өнеркәсібі қарышты қадаммен дамыды. Жаңа кәсіпорындар іске қосылды.Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты 1947 жылы алғашқы өнімін берді. Балқаш мыс қорыту зауытының өндірістік қуаты екі есе артты, Жезқазған мыс балқыту комбинатының өндірістік нысандары іске қосылды, Қарағанды мен Екібастұздың көмірі тез қарқынмен игерілді. Маңғыстауда жаңа

мұнай кәсіпшіліктері қатарға қосылды, соның нәтижесінде 1950ж. мұнай өндіру соғысқа дейінгімен салыстырғанда 50 пайызға өсті.
50 – жылдардың бірінші жартысында 200 – ге жуық жаңа кәсіпорын салынып, пайдалануға берілді. 3 258 миллион сомның негізгі қорлары іске қосылды, мұның өзі бұрынғы бесжылдықтан 2,5 есе көп еді. Бұл жылдары республикада Зыряновск қорғасын комбинатының байыту фабрикасы, Балқаш шаң сорғыш фабрикасы пайдаланылуға берілді. Зыряновск қорғасын комбинатында қорғасын – мырыш концентратын, ал Балқаш мыс қорыту зауытында тазартылған мыс өндіру жолға қойылды.Жезқазғанда бес қуатты шахта және байыту фабрикасы іске қосылды. Шымкент қорғасын зауыты өндіріс процессі тоқталмастан түбегейлі түрде қайта құрылды. Республика түсті металлургиясын бесжылдық ішіндегі жалпы өнімі 2,1 есе өсті. Еліміздегі ең ірі объектілердің бірі – Қарағанды металлургия зауытының (Қазақстан магниткасы) құрылысы басталды. Ферросплав-химия комбинаты, Жамбылда суперфосфат , Қостанайда жасанды талшықтар зауыттары салынды. 50-жылдардан бастап минералды тыңайтқыштар өндірудің көлемі артты.
Ауыр өнеркәсіптің даму қарқынымен салыстырғанда жеңіл және тамақ өнеркәсібінің дамуы біршама төмен болды. 50-жылдардың басында Қазақстанда барлығы 65 кәсіпорын болды. Мақта, жүн және тері шикізатын өндіруден Одақтағы алдыңғы орындарда болғанына қарамастан, дайын өнім шығарудағы республиканың үлесі өте төмен болды. Мақта матасының одақтық өндірісінің тек 0,1%, жүн матасының 1,4%, тері аяқ киім өндірудің 1,7 % шығарды.
Республикада аса бай өнеркәсіп шикізатының болуы және орталыққа тартып алу қажеттігі көлік пен байланыс жүйелерін дамытуға әсер етті. 1945 ж. теміржол желілерінің ұзындығы 8212 шақырым болса, 1960 ж. 11470 шақырымға жетті. Бұл кезде жүк айналымындағы теміржолдың үлесі 91,7 пайызды құрады.
Экономика инфрақұрылымында ауыр өнеркәсіпке баса назар аударылуы соғыстан кейінгі кезде қалыптасқан халықаралық жағдайға да байланысты болды. Ұзаққа созылған соғыстан кейін де адамзаттың үміті мен жеңіс қуанышы ақталмады. Соғыс уақытының өзінде-ақ Ұлы державалардың арасында Еуропаның соғыстан кейінгі құрылым мәселелері бойынша алауыздықтар біліне бастады. Өзара сенімсіздік пен идеологиялық тәртіп «қырғи- қабақ соғысты» шиеленістіруде үлкен рөл атқарды. Атом қаруы құпиясының иеленушісі болған АҚШ Екінші дүниежүзілік соғыс нәтижелерін өз пайдасына шешу үшін «асыра ойнау» әрекетін жасады. Желтоқсанда-ақ американ президенті Гарри Трумэн (1945-1953 жж.) — «АҚШ дүние жүзіне әрі қарай басшылық жасауға жауапты» деп ашық мәлімдеді. Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі У. Черчилль американдық Фултон қалашығындағы (Миссури штаты) университетте сөйлеген сөзінде «ағылшын тілді халықтардың» негізінде халықаралық қарулы күштерді қалыптастыра бастауға, осылайша коммунизмге қарсы тұруға шақырады. «Трумэн доктринасы» мен «Маршалл жоспары»
«қырғи-кабақ соғыс» арасындағы АҚШ-тың әскери-саяси жоспарларын жүзеге асыру құралдары болды және жанталаса қарулануға жол ашты.
Осындай жағдайда КСРО-да өзінің әскери қуатын нығайту мақсатында ауыр өнеркәсіпке баса назар аудара бастады. АҚШ-тың атом қаруына монополиясын жою мақсатымен С. Королев бастаған ғылыми топтың жұмысын жандандыруды талап етті. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, 1949 жылы Семей ядролық полигоны ашылды. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. Соғыстың аса ауыр салдары мен 1946 ж. ауыл шаруашылығындағы табиғи апат жағдайды одан әрі ушықтырды. 1891 және 1921 жж. апаттан да күшті қуаңшылық сол жылдың көктемі мен жазында Молдавия, Украина, Орталық Ресей, Төменгі Волга бойы,
Приморье өлкесі және елдің басқа аудандарын қамтыды. Егістік көлемінің 4,3 млн.га қурап қалды. Жүздеген мың гектар жерден жиналған астықтың көлемі жұмсалған тұқымдық астықтың орнын да жаба алмады. Ел бойынша егін шығымдылығы небәрі 4 ц/га (Қазақстанда
5 ц/га) құрады. Жалпы астық өнімін жинау соғысқа дейінгі деңгеймен салыстырғанда Орталық Ресей мен Поволжьеде 17,9 пайызды құраса, Украина мен Солтүстік Кавказда – 30,6, Сібір мен Қиыр Шығыста – 54,1 пайызға ғана жетті.Қазақстанда бұл көрсеткіш 94 пайызды құрады. Жалпы ел бойынша астық жинау соғысқа дейінгі деңгейдің тек 36,9 пайызын құрады.
Молдавия, Украина және басқа аудандар ашаршылыққа ұшырады. «Ұлы аштық»т кезіндегідей (1932-1933жж.) адамдар өздерін және балаларын аштықтан сақтап қалу үшін бірнеше масақ кесіп алатын, бір уыс астықты тығып алып шығатын немесе даладан бір- екі кесек картофель алып келетін болды.
Көп күттірмей мемлекеттің осындай әрекеттерге қарсы қарақшы әрекеттері басталды. 1946ж. екінші жартысында КСРО Министрлер Кеңесі мен БКП(б) ОК астықты сақтап қалу үшін « Астықты сақтап қалу, оны талан – таражға түсіруге және құртуға жол бермеудің шаралары туралы » (27 маусым) және «Мемлекеттік астықты сақтауды қамтамасыз ету туралы» (25 қазан) қаулы қабылдады. 1946ж. күзінде-ақ астық ұрлады деген желеумен 55369 адам сотталды. Мысалы: 1932 ж. 7 тамызындағы осындай заң бойынша сотталғандар саны 1146 адамды құрап, оның 37 ату жазасына кесілген болатын.
1947 ж. 4 шілдесінде, аштық шырқау шегіне жеткен кезде, аса қатыгез екі заң қабылданды. «Мемлекеттік және қоғамдық меншікті ұрлағаны үшін жауапкершілік туралы» қаулы бойынша 5 жылдан 8 жылға дейін, екінші – «Азаматтардың жеке меншігін қорғауды күшейту туралы» қаулы бойынша 10 жылдан 15 жылға дейін лагерге айдау жазасы белгіленді. КСРО Министрлер Кеңесінің құпия бұйрығы бойынша бұл қаулылар ұсақ – түйек ұрлықтарға да байланысты қолданылды. Ұрылар мен мемлекет мүлкін қымқырушыларға қарсы бағытталған қаулылар іс жүзінде аштықтан азап шеккен халыққа ауыр соққы болды.
1946-1947 жж. сотталғандардың 50 пайызын жасы кіші балаларымен бірге айдалған әйелдер құрады. 1947 ж. 1 маусымында, қаулы шыққанына бір ай жетер – жетпес уақыт ішінде колониялар мен лагерлерге жасы 4-ке толмаған 18790 бала мен 6820 аяғы ауыр әйел айдалды. Ерлері соғыста қайтыс болған әйелдердің жасы 7-ден асқан балаларын, туыстары болмаған жағдайда, балалар үйіне жіберді. Барлығы 1947ж. аяғына қарай 4 шілдедегі қаулы бойынша түрмелер мен лагерлерге 300 мыңнан астам адам қамалды. Ауыл шаруашылығындағы дағдарыстық жағдайға қарамастан, мемлекет ұжымшарлардың астығын тартып алу саясатын жалғастыра берді. 1946ж. мемлекетке міндетті астық тапсыру жоспары бойынша жиналған өнімнің 51,5 пайызы өткізілді. Қазақстанда бұл көрсеткіш 56 пайызды құрады.
Осы астық аштыққа ұшыраған аудандарға жіберілуі тиіс еді. Алайда мемлекет басшылығы идеологиялық кейбір мәселелерді өз халқының қайғы – қасіретінен жоғары қойды. Елдің мүмкіншілігінің шектеулі екендігіне қарамастан Шығыс Еуропаның халықтық
– демократиялық режимдері орнатылған ердеріне кең көлемде азық – түлікпен көмек көрсете бастады. Астық тиелген ондаған мың вагондар аштықтан қырылып жатқан украин және молдаван ауылдарын басып өтіп, Болгария, Румыния, Венгрия Чехословакия, Германияға жол тартты.
Республиканың мал шаруашылығы да ауыр жағдайда болды. 1951ж. ірі қара малдың саны 4,5 млн. бас (1928 ж. - 6,5 млн), 1,5 млн. жылқы (3,5 млн.), 127 мың. түйе (1млн.) құрады. Тек қойдың саны жағынан 1928ж. деңгейге жақындады.
Кейбір қалыптасып қалған көзқарастарға қарамастан соғыстан кейінгі жылдары халықтың тұрмыс жағдайында игі өзгерістер бола қойған жоқ. Ақша реформасы жүргізіліп, карточка жүйесінің жойылғандығына қарамастан баға 1940 ж. салыстырғанда үш есе жоғары болды. 1948 – 1954 жж. бағаның төмендеуінің жалпы деңгейі 2,2 есені құрады, яғни 1940 жылдың деңгейіне жеткізілген жоқ. Жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы соғыстан кейін екі есеге жуық қана көтерілді.
1940 ж. бөлшек сауда бағасы 1928 ж. салыстырғанда 6,4 есе жоғары болды. Осы жылдары жалақы да шамамен осынша өсті, яғни соғысқа дейінгі он екі жыл ішінде халықтың сатып алу қабілеті де бір деңгейде қалды.
Сонымен қатар, 1948-1954 жж. бағаның төмендетілуі халықтың қомақты қаржы қорын күштеп мемлекеттік займ сатып алуға мәжбүрлеу және жалақының деңгейінің тым төмен болуымен қатар жүрді. Сол кезде көптеген орталық дүкендердің сөрелері небір таптырмас деликатестерге толы болғанымен, ең қажетті деген нан мен қант жетіспеді: сол кезде Қазақстандағы жұмысшылардың орташа айлық жалақы 64 сомды құрады, ауыл еңбеккерлерінің жалақысы одан төрт есе кем болды.
Ұлы Отан coғысындағы жеңic кеңес халқының психологиясына үлкен өзгерiстер әкeлдi. Ұлы жеңicке қол жеткізуде соғыстың барлық таyқымeтi мен қиыншылығын майдан мен тылда бipдей көтерген халық шешушi рөл атқарғандығы күмән туғызбады. Миллиoндаған кеңес адамдары Қызыл Армия құрамында шетeлдерде болып, ондағы өмip салтын өз көздерімен көрді, салыстыруға мүмкіншілік алды. Халық әлеуметтік бағдарламаларға бетбұрыc жacay қажеттігiн анық түсіне бастaды. Өзгерген өмірдің жаңа талаптарына қарамaстан мемлекеттің насихат аппараты халықты төзiмдi болyғa, қандай қиыншылықтар болса да ешбip наразылықсыз көтeруге шақырды.
Coғыстан кейiнгi жылдарда елдегi қоғамдық-саяси ахуал жұрттың ой-пiкipiне қатаң бақылay opнaтy, коммунистiк идеологияның ықпалын күшейтіп басқaшa oйлаумен бітіспес күрес жүргізу, демократияны барынша шектeумен сипатталды. Халықты қатал тәртіппен ауыздықтап ұстау үшін сәл ғана тәртіп бұзу ауыр жазаланып отырды. Соғыс жылдарында немістерде тұтқында болғандар түрмеге қамалып, лагерлерге жіберілді. Елде тыңшылық жұмыс күшейтілді.
1946 жылы 26 тамызда «немiстердiң пайдaсына жаппай сатқындық жасағаны үшін» шешендерді, ингуштерді, қырым татарларын депортациялады, Шешен-Ингуш автономиялық республикасын қойып, Қырым татаpлар республикасын Қырым облысына aйналдыру жөнiнде жарғы жарияланды. Шын мәнінде шешендер, ингуштер, Қырым татарлары, сондай-ақ қалмaқтар, қарашайлар, балкаpлар қоныcтарынан «немic басқыншыларымен байланыc жacағaны үшiн» соғыс жүрiп жатқан кезде, 1944 жылы күшпен көшipiлген бoған. Л. Берия қорғaныc комитетiне, Сталингe берген баяндay хатында
«бұл жұмысты жүргiзуге НКВД, НКГБ Смерштен 19 мың оперативтiк қызметкеpлеpмен 100 мыңға дейiн офицер, жаyынгерлер қатысты... үш операциясының барысында СССР- дiң шығыс аудaндарына 650 мың шешен, ингуш, қалмақ, қарашайлар жер аударылды» деп жaзады 1944 ж. 7 наyрызда. Бұл шаралар Сталинге орыс емес ұлттарды қорқытып, оларды ноқталап ұстаy үшiн керек болды.
Соғыстан кейінгі жылдары елдегі түрме – лагерь жүйесі одан әрі кеңейтілді. Жаңадан лагерлер салына бастады. КСРО территориясында осындай 12 лагерь болды, оның төртеуі Қазақстанда ұйымдастырылды: №4 - «Степной лагерь»; №8 - «Песчаный лагерь»;
№9 - «Луговой лагерь»; №11 - «Дальний лагерь». Репрессиялардың «үшінші толқыны» басталды. 1953 ж. басына қарай ГУЛАГ-қа 2 млн 468 мың адам жабылды. Арнайы қоныс аударылғандардың саны 2 млн 753 адамға жетті, оның 900 мыңға жуығы Қазақстан территориясында орналастырылды.
Сталин соғыс біткеннен кейінгі алғашқы күндерден бастап орыстарды айрықша дәріптеуге кірісті. 1954 жылғы 24 мамырда Жеңіс салтанатында сөйлеген сөзінде ол орыс халқы үшін тост көтеріп орыс халқы жеңісте жетекші күш болып, шешуші рөл атқарды. Ол
«айқын ақылы», «табандылығы» мен «шыдамдылығы» арқасында Кеңестер Одағындағы барлық ұлттардың ішіндегі ең бір еңбегі көп, жұрт мойындайтын көсем болу құқығына лайық болып отырған ұлт деп көрсетті. Әрине, Кеңестер Одағындағы бірде-бір ұлт орыс халқының Ұлы Жеңіске қосқан үлесін, оның маңызын кеміткен емес. Бірақ, жеңіске барлық халықтар бірдей ат салысты, құрбандыққа барды, оны да жоққа шығаруға болмайтын еді.
Осыдан кейін тарихшыларға адамзатты дамытуға орыс халқының қосқан тарихи үлесінің прогрессивтік жақтарын баса көрсетуге тапсырма берілді. Халықтардың ұлттық
фольклор үлгілерін,оның ішінде қазақтың «Қорқыт ата», «Алпамыс», «Ер сайын», «Шора батыр», қырғыздың «Манас» сияқты эпостарын айтуға тиым салынды. Қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының басшысы Кенесары Қасымұлы өз басының қамы үшін хан болуды көксеген адам деп танылып, ол бастаған қозғалыстың халықтық сипаты жоққа шығарылды. 1950 жылы 26 желтоқсанда «Правда» газетінде «Қазақстан тарихының мәселелері марксистік – лениндік тұрғыдан жазылсын» деген мақала жарияланып, қазақтың көрнекті тарихшысы Е. Бекмахановқа «Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында» деген еңбегінде буржуазияшыл
–ұлтшылдық қате жіберді деген айып тағылды. 1952 жылы ол жалған айыппен 25 жылға сотталды. Е. Бекмахановпен бірге республиканың Б. Сүлейменов, С. Исмағұлов, Қ. Жұмалиев т.б. белгілі ғалымдары қудалауға ұшырап, Қазақстаннан тысқары жер аударылды.
Қоғамдық ғылымдар сталиндік дәуірде партия комитеттерінің қатаң қадағалауы жағдайында дамыды. Қоғамдық ұйымдардың жұмысын киындатуда БК(б)П Орталық Комитетінің 1946 жылғы тамыздың 14-індегі «Ленинград», «Звезда» журналдары туралы қаулысы ерекше әсер етті. Осы журналдардың көрнекті авторлары А. Ахматова, М. Зощенко бейидеялық шығармалар жариялады деп айыпталды. Белгілі ғалым, өнер, әдебиет қайраткерлеріне жеккөрінішті атақ-айдар тағылды. Одақтың белгілі музыка қайраткерлері Мурадели, Хачатурян, Прокофьев, Шестакович, Мясковский тағы басқалары эстетикалық тәрбие беруде талғамсыздық танытты деп айыпталса, осындай кінә Қазақстанда көрнекті сазгер А. Жұбановқа тағылды. Жаратылыс тану ғылымы қатты соққыға ұшырады. Лысенконың «жаңалықтары» ауыл шаруашылығы дақылдарынан өнім алуын күрт төмендетті. Ауыспалы егіс жүйесінің тәртібі бұзылып егістік жерлердің құнарлылығы кеміді. Мал шаруашылығына да қырсық зиянын тигізді.
Космополитизмге қарсы күрес деген желеумен шетелдік авторлардың шығармаларын бастыру, театрларда қою, тіпті шет елдік тауарларымен әуестену айыпталды. Қазақ халқының өткеніне байланысты жарық көрген басылымдардың авторларына буржуазиялық- ұлтшыл деген айып тағылды. Осындай желеумен сыңға ұшырап, қуғынға түскен Қ. Сәтбаев, М. Әуезов Қазақстаннан кетуге мәжбүр болды.
Саясат деп идеология саласындағы айырмашылық әлемдік аренада капиталистік және социалистік елдер арасындағы қарым-қатынасты да мықтап шиеленістірді. Олардың арасында қоқан-лоққы, күш көрсету саясаты күшейді. «Қырғи қабақ соғыс саясаты» басталды. Мұның өзі онсызда жеткіліксіз қаржы қорынан орасан зор қаражатты соғыс шығынына жұмсауға мәжбүр етті. Халық шаруашылығын дамытуға, халықтың әл-ауқатын, әлеуметтік жағдайын көтеруге кері әсерін тигізді. Сөйтіп, елдегі саяси-қоғамдық ахуалда дағдарысқа апаратын жағдайлар қалытасып белең ала бастады.
Соғыстан кейінгі кезеңде жекелеген жағымды өзгерістер де орын алды. Олардың біріне 1946 жылдың маусымында КСРО ҒА-ның Қазақстандағы филиалы негізінде ҚазКСР Ғылым Академиясының негізі қалануы жатады. Ұлтты ҒА-ның құрылуы Қазақстандағы ғылымның өз дамуында жаңа сапалы деңгейге көтерілгендігін, республикада көптеген ғалым кадрлардың өскендігін, ғылыми мекемелердің нығайып, кеңейе түскенін дәлелдейді.
Ғылым академиясының алғашқы президенті болып Қазақстандағы көрнекті ғалым, ғылымды талантты ұйымдастырушы тұлға – Қаныш Имантайұлы Сәтбаев сайланды. КазКСР ҒА жүйесінде 1950 жылдың аяғына қарай 50 ғылыми-зерттеу мекеме, соның ішінде 19 институт, 13 сектор, 2 музей, обсерватория, 3 ботаникалық бақ және 8 ғылыми база қамтылды.
40-50 жылдар аралығында Өскеменде 2 ғылыми-зерттеу институты құрылды: Алтай тау-металлургиялық және Бүкілодақтық түрлі-түсті металдар институты. Олардың зерттеу ауқымы кең болды: геология, металлургия, химия, энергетика, құрылыс материалдары мен балқытудың түрлі әдістері мен рудаларды кешенді қолдану экономикасын зерттеу.
Қазақстанның мәдени құрылысындағы бірқатар жетістіктерді бағалай отырып, бұл жағымды өзгерістер тоталитарлық режимның әкімшіл-әміршіл жүйесінің жағдайында жасалғандығын ескерген жөн.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет