Тақырып: Балалардағы ауа-тамшылы жұғатын инфекциялар



бет4/5
Дата26.10.2022
өлшемі13,93 Mb.
#155092
1   2   3   4   5
Байланысты:
6 сабак Султан Р

Салыстырмалы диагностика

Қызамық емі.
Асқынбаған қызамық кезінде патогенетикалық, симптоматикалық терапия жүргізіледі. Асқынулар дамыған кезде синдромды терапия стандартты ереже бойынша жүргізіледі. Артрит дамығанда хлорохин (делагил) 0,25 г, тәулігіне 2-3 рет, 5-7 күн ішінде беріледі, сонымен қатар антигистаминді препараттар ұсынылады. Геморрагиялық синдром дамығанда – преднизолон (20-25 мг, 7-10 күн), гепарин – 20-30 мың бірлік, тәулігіне және витаминдер жинағы қолданылады

Эпидемиялық паротит кең тараған жұқпалы ауру. Эпидемиялық паротитте өлім жағдайы өте сирек болғанымен бедеулік, керендік, диабет, панкреатит және т.б. әлеуметтік маңызы бар аурулар шақыруымен қауіпті.
Эпидемиялық паротит ауа — тамшылы инфекциялардың ішінде белсенді иммунизацияға жұргізгенге дейін 3-ші орынды алған (қызылша және желшешектән кейін).
Этиологиясы және эпидемиологиясы. Эпидемиялық паротит немесе паротитті инфекция — Рагоtitis epidemica — сүзбелі вируспен шақырылатын, ауа — тамшылы жолмен берілетін және шықшыт (құлақ маңы) безінің және басқа да безді ағзалардың қабынуымен, сондай-ақ жүйке жүйесінің зақымдануымен жүретін жедел жұқпалы ауру.
Клиникалық түріне байланыссыз паротит вирусы организмнен тек сілекеймен бөлінеді. Вирус тек қана сілекейде ғана емес, сонымен қатар жұлын сұйықтығындада, қанда,
Патогенезі
  • Ену қақпасы: ауыз қуысының, мұрынның, жұтқыншақ, көз конъюктивасының, бадамша бездердің шырышты қабаттары.
  • Вирус ауыз қуысынан сілекей бездерін зақымдайды, көбейеді, қанға түседі, вирусемия байқалады.
  • Қанмен айналып, аталық безді,қалқанша және ұйқы безді, миды зақымдайды.

Эпидемиологиясы
  • Инфекция көзі: ауру адам.
  • Жұғу жолы: ауа-тамшылы.
  • Көбінесе 5-15 жас аралығында, ер балалар ауырады.
  • Контагиозды индекс 50-85%.
  • Қайталанған жағдай өте сирек, 0,4-1,1%.
  • Аурушаңдық жиі қысқы және көктемгі мезгілде кездеседі.

Клиникасы
  • Ерекшелігі: инфекциялық процестің дамуы инкубациялық кезеңнің циклділігімен сипатталады.
  • Продормнан кейін клиникалық симптомдары дамып жазылуымен аяқталады.
  • Инкубациялық кезең орташа 18-20 күн, 11 күнге дейін қысқарып 23 күнге дейін ұзаруы мүмкін, продромсыз өтуі мүмкін.
  • Продормальды кезеңнің ұзақтығы әркелкі, жиі 1-2 күн, симптомдары да әр түрлі.
  • Аурудың басы 38-39С-қа дейін көтерілуімен және шықшыт безінің алдымен бір жақтық, кейін екінші жағының ісінуімен сипатталады. Алдымен ісіну құлақтың артында және төмен яғни емізікті ісікпен төменгі жақ тармағының арасында орналасады.
  • Құлақ қалқаны жоғары және артқа ығысады, сырғалық қалқияды, бастың пішіні алмұрт тәрізді болады. Ісіну жұмсақ қамыр сияқты, пальпацияда онша сезімтал емес. Бұғанаға дейін ісіну байқалады. Терісі бозғылт, қабынулы өзгеріссіз. Шайнағанда ауырады. Естуі төмендейді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет