Тақырып: Банк түрлері мен қызметтері. Жоспар


Банктің атқаратын қызметерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады



бет4/4
Дата13.12.2022
өлшемі23,47 Kb.
#162489
түріДиплом
1   2   3   4
Байланысты:
Банк түрлері мен қызметтері.

Банктің атқаратын қызметерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады:



  • Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;

  • Кәсіпорынға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу;

  • Ақша айналымын ретеу. Банк ─ әртүрлі шаруашылық субъектілердің төлемайналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады;

  • Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қана қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді;

  • Экономикалық және қаржылық кеңес беру.

Республикада екі деңгейлі банк жүйесі бар: жоғары (бірінші) деңгейдегі банк ─ Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі және төменгі (екінші) деңгейдегі банк ─ коммерциялық банктер жүйесі.
Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасының банк жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді.


Пысықтау сұрақтары:
1.

  1. Банк дегеніміз не?

  2. Банк жүйесі нещеге бөлінеді?

  3. І дәрежелі банк міндеттері?

  4. ІІ дәрежелі банк міндеттері?

  5. Коммерциялық банктің басты мақсаты?

  6. Несие беру шарты

  7. Несие принциптері

  8. Несиенің атқаратын қызметтері

2. «Банк» сөзіне экономикалық талдау, яғни берілген әріптерден басталатын экономикалық термин сөздер жазу..
Б —
А —
Н –
К –

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет