Тақырып бойынша лекцияны жазамыз,ссылкамен видеороликті карап, соңында берілген тапсырмаларды орындаймыз. Семинарға дайындаламыз!



Дата08.02.2023
өлшемі12,5 Kb.
#167921
түріҚұрамы
Байланысты:
лекция


Қазақ хандығының негізін қалаған Ақ Орда ХІІІ ғасырда пайда болған. Ол XV ғасырдың 20-шы жылдарына дейін өмір сүрген. Мемлекеттің негізін салған Жошы ханның үлкен ұлы Орда Ежен еді. Оның ұрпақтары мемлекет күйрегенге дейін билік жүргізген.
Ақ Ордада Орда Ежен (1226 – 1247/1250), Күн Қыран (1250/1251 – 1280), Қоныша (1289 – 1301), Баян (1301–1309), Сасы Бұқа (1309–1315), Сасы Бұқаның ұлы Ерзен (1315 – 1320), т.б. хандар билік құрған.
Ақ Орда аумағының құрамына Жетісудан басқа қазіргі Қазақстанның барлық аймағы кірді. XIII ғасырда оның орталығы Шығыс Қазақстандағы Ертіс өзені маңында болса, кейін ол оңтүстікке, Сырдария өзенінің бойында орналасқан Сығанақ қаласына көшірілді.
Алғашында Ақ Орда Алтын Орданың бір бөлігі болып есептелген. Уақыт өте Орда Еженнің кейбір ұрпақтары өз бетінше жеке өмір сүру үшін Алтын Орда билеушілерімен соғыс жүргізді.
Билік үшін күресте Алтын Орда әлсіреді. Бұл кезде, XIV ғасырдың екінші жартысында, Ақ Орда тәуелсіздікке қол жеткізді. Бірақ осыған дейін де Ақ Орда билеушілерінің кейбірі тәуелсіз хандар ретінде өздерінің теңгелерін соға бастаған.
XIV - XV ғасырларда Ақ Ордада өмір сүрген түркі және түркі тілдес моңғол тайпалары (арғындар, наймандар, қоңыраттар, қыпшақтар, керейлер, үйсіндер және т.б.) қазақ халқының негізін қалаған.
Ақ Орда іс жүзінде қазақтың алғашқы мемлекеті болып табылады.
Тақырып бойынша лекцияны жазамыз,ссылкамен видеороликті карап, соңында берілген тапсырмаларды орындаймыз. Семинарға дайындаламыз!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет