2-ші оқу сұрағы. Әртүрлі жағдайда ұрысты ұйымдастыру бойынша командир жұмысының жалпы тәртібі мен мазмұны.
Жергілікті жерде топографиялық және тактикалық бағдарлау тәртібі.
а)Әскери топографияның пәні және міндеттері. Әскери топография (грек. Іороз - жергілікті жер, §гарһо - жазамын) - жергілікті жерді зерделеу және бағалаудың әдістері мен құралдары, онда бағдарлану және әскерлердің жауынгерлік қызметін қамтамасыз ету үшін далалық өлшеулер жасау, командирлердің жұмыс карталарын жүргізу ережелері және графикалық жауынгерлік құжаттарды әзірлеу туралы арнайы әскери пән.
Заманауи әскери топография жергілікті жердің тактикалық қасиеттері, оны зерделеудің ең тиімді әдістері мен құралдары және ұрыс әрекеттерін жүргізу барысында ұйымдастыру және жүргізу барысында бағалау туралы білім береді.
Әскери топографияның пәні болып жергілікті жерді зерделеу және бағалаудың, онда бағдарланудың және ұрыс әрекеттерін жүргізу барысында далалық өлшеулер жасаудың әдістері табылады. Жергілікті жердің сипаты оның бедерімен, онда орналасқан жергілікті заттармен және басқа да географиялық объектілермен анықталады. Бұл элементтерді жергілікті жердің топографиялық элементтері деп атау қалыптасқан. Жергілікті жердің топографиялық элементтері - олардың өзара қалпы, координаттары, мөлшері, кескіні және басқа да сандық және сапалық көрсеткіштер - туралы ақпарат алудың ең маңызды көзі болып топографиялық карталар табылады.
Әскери топографияныц міндеттері.
Әскери топографияның ең маңызды міндеттерінің бірі - жауынгерлік жағдайдың кез-келген шарттарында карталармен (аэротүсірілімдермен) жұмыс жасаудың ең ұтымды әдістерін, далалық олшеулердің тиімді тәсілдерін іздестіру және тактика, топогеодезиялық қамтамасыз ету теориясы, картография, геодезияжәне басқа да пәндердің жетістіктерін пайдалана отырып, жинақталған тәжірибеге дер кезінде түзетулер енгізу.
Осыған орай, әскери топографияның әскери-ғылыми пән ретіндегі аталған міндетті шешу үшін қолданылатын әдісі, ең алдымен, әскерлердің карталар мен аэротүсірілімдерді пайдалану тәжірибесін жинақтаудан және зерделеуден, оны жергілікті жердің әскерлер әрекетіне тигізетін ықпалы және ұрыс техникасын қолдану туралы тактиканың теориялық ережелері негізінде талдаудан және жалпылаудан табылады. Тәжірибе қаншалықты бай болса, ақиқат соншалықты шынайы, әскери топография ашатын әдістер, қағидалар және ережелер соншалықты тиімді болады.
Достарыңызбен бөлісу: |