Өткен тақырып бойынша білімгерлердің білімдерін бақылау мақсатында «Әріптерді сөйлетейік» (латын әріптерін біріктіріп формула құрастыру) әдісін қолдану. Құрастырылған формулаларды қолданып, есептер шығарамыз.
Топпен жұмыс:
І топ. Цилиндрдің осьтік қимасының диоганалы 26 см-ге, биіктігі 24 см-ге тең. Цилиндрдің бүйір бетінің ауданын табыңдар?
ІІ топ. Цилиндрдің осьтік қимасының ауданы 120 см2 , биіктігі 15 см-ге тең. Цилиндрдің толық бетінің ауданын табыңдар?
ІІІ топ. Цилиндрдің осьтік қимасының ауданы 24 см2 , биіктігі 15 см-ге тең. Цилиндрдің бүйір бетінің ауданын табыңдар?
Тақтамен жұмыс (жеке оқушыларға):
1) Цилиндр табанының диаметрі 1 м, ал биіктігі табанындағы шеңбердің ұзындығына тең. Цилиндрдің бүйір бетінің ауданын табыңдар?
2) Биіктігі 30 см, табанының диаметрі 20 см болатын цилиндр тәрізді шелек жасау үшін қанша метр квадрат қаңылтыр керек?
Жаңа тақырыпты пысықтау мақсатында «Басқыш» тапсырмалары (топтық жұмыс) әдісін қолданамыз. «Басқыш» тапсырмалары әдісінде тақырыпқа қатысты есептер болады, сол есептерді баспалдақ көтерілген сайын жай есептерден күрделі есептерге көшеміз.
1. Қабырғалары 6 см және 10 см тіктөртбұрышты кіші қабырғасынан айналдырғанда пайда болатын дене бетінің ауданын табыңдар.
2. Цилиндрдің биіктігі 10 см. Осьтік қимасының ауданы 84 см2. Цилиндр табанының ауданын табыңдар.
3. Цилиндр табанының ұзындығы 8 см, ал осьтік қимасының диоганалі 17 см. Цилиндрдің жасаушасын табыңдар.
4. Цилиндрдің толық бетінің және бүйір бетінің аудандары сәйкесінше 50 см2және 30 см2. Цилиндрдің радиусын және биіктігін табыңдар.
5. Цилиндрдің биіктігі оның радиусынан 12 см артық, ал толық бетінің ауданы 288 см2. Цилиндрдің радиусы мен биіктігін табыңдар?
Жауаптары: №1 Жауабы: Sт.б= 320 см2
№ 2 Жауабы: Sтаб= 17,61 см2
№3 Жауабы: H = 15 см
№4 Жауабы: R= см , H = 1,5 см
№5 Жауабы: R= 6 см, H = 18 см
А.Е.Абылкасымова, К.Д.Шойынбеков. Алгебра және анализ бастамалары. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-шы сыныбына арналған оқулық. Алматы: Мектеп, 2011. ІІ тарау §5,6,7 оқу. № 22-27 есептерін шығару. 52б .