Электр зарядтарын өткізу қабілеттілігіне қарай заттар шартты түрде: электрөткізгіштер және электр өтқізбейтіндер болып бөлінеді. Зарядтар еркін қозғала алатын заттарды өткізгіштер деп атайды. Оларға — адамның, малдың денесі, ылғал жер - жатады. Барлық металдар, тұздар және кышқылдардың судағы ерітінділері электр зарядтарын жақсы өткізеді.
Электр зарядын өткізбейтіндерге немесе диэлектриктерге — пластмассалар, фарфор, шыны, эбонит, плексиглас, органикалық шыны, янтарь, резеңке, маталар, керосин, май, ауа, газдар жатады. Оларды окшаулагыштар (грек тілінен — оңашалану) деп атайды.
460. Зарядталған электроскоптың кішкене шарына қол тигізу арқылы разрядтаған. Осы кезде электроскоптың өзегінде ток жүреді деп айтуға бола ма?
461. Зарядталған электроскопты қосатын өткізгіште электр тогы қай кезде пайда болады? Өткізгіш арқылы қандай зарядталған: бөлшектер орын ауыстырады? Қай бағытта ?
Үй жұмысы: №5-үйде орындалатын эксперименттік тапсырма
Карапайым электроскоп дайындап, оның көмегімен өр түрлі денелердің электрлену кұбылысын зерттеңдер.
Кафедра меңгерушісі Ескендирова Т.Н.
Достарыңызбен бөлісу: |