Тақырып: Эфферентті жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер (Холинергиялық дәрілер, Адренергиялық дәрілер.) Тапсырма №1


Дофаминергиялық дәрілер, қолдану көрсеткіші



бет5/7
Дата07.02.2022
өлшемі34,06 Kb.
#89774
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
e60ab95042dcacc0366f8f572d372f6f5f9ab20dee5c2

8.Дофаминергиялық дәрілер, қолдану көрсеткіші.
Дофамин - α-тирозиннен түзетін биогенді амин болып табылады. Ол норадреналиннің серігі. Нейромедиатор ретінде ол ОЖЖ-нің қызметінде маңызды қызмет атқарады. Дофаминергиялық процеске әсер етуі бірқатар нейротропты, соның ішінде психотропты препараттардың әсер ету механизмімен байланысты. Дофаминергиялық рецепторлардың әртүрлі подтиптері бар: Д1 және Д2. Д1 рецепторларының қызметі дофаминнің аденилатциклазаның белсенділігі мен циклді АМФ-тың түзілуіне қуаттандырғыш әсерімен байланысты. Д2-рецепторлар бұл әсермен байланысты емес. Дофамин шок жағдайында (кардиогенді, травмалық, эндотоксикалық, операциядан кейінгі, гиповолемиялық т.б. шокта) қолданылады. Тек көк тамырға тамшылатып енгізеді. Әсері тез басталып 5-10 мин. кейін (енгізіп болғаннан соң) аяқталады.
Dophaminum - дофамин (Б): 0,5%; 4% 5 мл еріт. амп.; 125 мл немесе 400 мл 0,9% NaCI, глюкоза ерітіндісімен араластырып, көк тамырға 2-3 сағат тамшылатып, 1-4 күн бойы енгізіледі.

Орталыққа әсер ететін тікелей дофаминомиметиктер- ОЖЖ-ң Д2 рецепторын қуаттандырады.


Бромокриптин (парлодел) - гипоталамустың дофаминді рецепторларын қуаттандырып, гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормонының әсіресе пролактин мен соматотропиннің синтезін тежейді. Лактацияны төмендету үшін, эндокринді ауруларында (акромегалия, Иценко-Кушинга), паркинсонизмде қолданылады.
Апоморфин гидрохлориді - сопақша мидың триггерлі аумағының дофаминді рецепторын қуаттандырып, қозуында күшті құстыратын әсері байқалады(«Асқорытужүйесіне әсер ететін дәрілер» такырыбына қараңыз).
Тікелей емес дофаминомиметиктер: мидантан (амантадин), глудантан - орталыққа әсер ететін дофаминомиметикалық препарат, деподан дофаминнің бөлінуін күшейтіп, дофаминге дофаминді рецепторлардың сезімталдығын жоғарылатады. Паркинсонизм ауруындақолданылады. Депренил (селегилин, юмекс)леводопаменбіргепаркинсонизмдеқолданылады.


Тапсырма №2Атропин сульфатына стандарт бойынша сипаттама беріп, дәрі мөлшерін есепте.



Сипатталады

Жауап

1

Латынша, орысша атауы

Atropine sulfate, Аторпина сульфат

2

Фармакологиялық тобы

Белладонаалкалоидттары, үштікаминдер

3

Әсер ету механизмі

Белладона алкалоидтарытегіс бұлшықеттердің, жүрек бұлшықеттердің, синоатриальды және атриовентрикулярлы түйіннің, эндокринді бездің және орталық жүйке жүйесінің м-холинорецепторларын бөгейді

4

Қолдану көрсеткіші

  • асқазанның және 12 елі ішектің ойық жаралы ауруында, ішек түйілулерінде, жедел панкреатитте, асқазан-ішек жолына рентгенологиялық зерттеу жүргізу үшін (ағзалардың тонусын және қозғалыс белсенділігін азайту)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет