6.Клофеллиннің фармакологиялық тобы, қолдану көрсеткіші. Гипотензивті дәрі. Орталықтық α2-адренорецепторларын ынталандырады, сопақша мидың тамырқозғалтқыш орталығының тонусын және тамырларға және жүрекке импульстің берілуін шеткергі жүйке жүйесінің симпатикалық звеносында пресинаптикалық деңгейде төмендетеді. Гипотензиялық әсері тамырлардың жалпы шеткергі кедергісінің төмендеуі, жүректен шығарындының және жүрек жиырылу жиілігінің азаюы салдарынан дамиды. Апиындық және алкогольдік абстиненцияның соматовегетативтік біліністерін әлсіретеді, тыныштандыратын әсері бар, қорқу сезімін және жүрек-қантамырлары бұзылысын азайтады, орташа анальгетикалық әсер көрсетеді. Ұзақ уақыт қолдану организмде сұйықтықтың іркілуімен қатар жүреді. Ең жоғарғы әсеріне 2-4 сағаттан кейін жетеді және 5 сағатқа жуық сақталады. Әсер ету ұзақтығы 6-12 сағатты құрайды.