Тақырып: Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары



бет4/7
Дата10.12.2022
өлшемі37,4 Kb.
#162205
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Тақырып Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің -engime.org

Андронов мәдениеті


  • Қола дәуірінің ерекше атап өтетін екі мәдениеті бар. Олар Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері.

  • Қазақстанда қола дәуіріндегі тайпалардан көптеген тұрақтар, кен ескерткіштер қалған. Бұларды Андронов мәдениеті деп атайды. Бұл мәдениет – Еуразиядағы ең ірі қола дәуірінің мәдениеті. Андронов мәдениетінің бірінші ескерткіші 1914 жылы Сібір жеріндегі Андронов қонысындағы Ачинск селосы маңынан табылған.

  • Андронов мәдениеті шығыстағы Минусинск шұнқырынан бастап солтүстік аса үлкен Батыс Сібір жазығынан Қазақстанның оңтүстігіндегі Памир тауларына дейінгі кең-байтақ аумақты қамтыған.

  • Қазақстандағы ескерткіштері Солтүстік-батыс және Орталық Қазақстанда орналасқан. Осылардың ішіндегі ең ірісі - Орталық Қазақстан. Бұл аймақта қола дәуірінің 150- ге жуық қабірі, 30-дай елді мекен тұрағы бар.

  • Шаруашылығы. Қазақстан территориясында қола өндіру ісі мыс пен қалайыны қорыту арқылы б.з.б. ІІ мыңжылдықта бастады. Андроновтықтарда, негізінен, отырықшы шаруашылық басым болған. Бұл әрине, егін шаруашылығының дамығанын көрсетеді. Жер тесемен өңделгендіктен, сол кездегі, егіншілік Андронов тайпаларында «теселі егіншілік» деп аталған. Көбінесе бидай, тары өсірген, бақшалық шаруашылық та дамыған.

  • Андроновтықтар жылқы, сиыр, қой, ешкі, кейіннен түйе өсірген. Жануарлардың терісі мен жүнін киім ретінде, еті мен сүтін тамақ ретінде және қосымша жануарларды көлік, күш ретінде пайдаланған.

  • Қола дәуірінде Қазақстанды мекендеген тайпалар қыш ыдыстар жасаған. Бұл көбінесе әйелдер ісі болған. Мұндай ыдыстарды жасағанда негізгі шикізат ретінде балшықты пайдаланған. Ыдысты жасау әдістері - таспалық және қалыпқа салып пішіндеу. Бұл әдістер б.з.б. XVII-XI ғасырларда қолданылған.

  • Андроновтықтарда үй кәсіпшілігі, әсіресе, тоқыма кәсібі жақсы дамыған. Киім тігуге қой жүнін, ешкі түбіті, малдың терісі, сүйек, тарамыс жіп және т.б. пайданалынған. Олар жүннен тоқылған бас киім, теріден тігілген құлақшын, өкшесі жоқ аяқ киім киген.

  • Андронов кеншілері. Қола дәуіріндегі Қазақстанның кен орындары: Жезқазғандағы мыс, Қалба мен Нарымдағы қалайы, Ақжал мен Степняктағы алтын кен орындары (б.з.б. ІІІ мыңжылдық).

  • Кен өндіру әдістері:

  • а) опыру әдістері;

  • ә) отпен үгіту әдісі;

  • б) үңгіп қазу әдісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет