Тақырып: Экономика және оның қоғамдағы ролі” Білімділік мақсаты



бет4/5
Дата11.03.2022
өлшемі20,68 Kb.
#135075
1   2   3   4   5
Байланысты:
Экономика және оның қоғамдағы ролі

2 сұрақ.
Экономикалық ресурстар - бұл өндіріс үдерістерінің мүмкіндіктері, қаржылары, көздері. Олар материалдыққа, еңбек және қаржылық ресурстарға бөлінеді. Материалдық ресурстар өндіріс үдерісінде қолдану мен өңдеуге арналған заттық элементтер кешенінің барлығын көрсетеді. Нақты құрамы бойынша олар өзіне шикізатты, негізгі және қосымша материалдарды, жанар-жағар майды, энергияны, сондай-ақ өндірістегі өңдеуі бітпеген жартылай фабрикатты қосады. Еңбек ресурстарына қоғамдық пайдалы еңбекке жарамды елдің тұрғындарын қосады. Қаржылық ресурстарға - мемлекеттің қарауында болатын ақшалай қаржыларды, кәсіпорындарды, мекемелерді, тұрғындарды қосады.
Барлық экономикалық ресурстар маңызды ерекшеліктерге ие: олар сирек және шектеулі көлемде болады. Бұл ерекшелік әр түрлі өнімдер арасындағы шектелген ресурстарды бөлу қажеттігі алдында және қатаң шектелген қызмет төңірегіне өндірістік жүйені қояды. Осыған байланысты өндірістік қызмет түрлері бойынша ресурстарды мақсатты дұрыс бөлу мәселелері пайда болады. Сонымен бірге экономикалық ресурстар қол жететін, өндіретін, айырбасталатын тәрізді ерекшеліктерге ие. Қол жетімділігі деген сөз өндіріс үдерісіне қажетті уақытында сол немесе басқа ресурстардың белгілі бір көлемін тарту мүмкіндігін білдіреді. Ресурстарды қайта өндіру сапаны көтеру мен олардың санын көбейту мүмкіндігімен байланысты. Тіпті өнімділігін толық жоғалтқан жер төлемдерін жер өңдеу технологиясын пайдалану жолымен қайта қалпына келтіруге болады. Экономикалық ресурстардың айырбасталымы, бір ресурстардың жетпей қалған кезінде, оны басқамен айырбастауға болатынын көрсетеді. Мысалы, станоктардың шектелген көлемінде көп жұмысшылар күшінің іске қосылатынын көрсетеді.
Іске қосылған өндіріске берілген экономикалық ресурстар өндірістің факторын анықтайды. Өндірістің негізгі факторлары еңбек, жер, капитал және кәсіпкерлік қабілет болып табылады. Еңбек (жұмыс күші) - бұл материалдық игілік пен қызметті құру үшін өндірісте қолданылатын адамдардың ақылы мен барлық физикалық қабілеті жиынтығы. Жұмыс күшін жүзеге асыру еңбек үдерісінде өтеді, сондықтан өндірістегі адам ресурстары ретінде, «жұмыс күші» және «еңбек» деген түсінікті жиі теңдестіреді. Еңбекті өмірдегі жақсылықты құру үшін мақсатты бағытталған адамның қызметі ретінде бағалауға болады. Уақыт бірлігіндегі өнім көлемімен өлшенетін еңбек өнімділігі оның маңызды көрсеткіштері болып табылады.
Өндіріс факторы ретіндегі капитал - бұл өндіріс құралы, еңбек құралының және еңбек затының жиынтығы. Еңбек құралы - бұл адамдар көмегімен белгілі бір игілікті жасайтын, заттарды өндіретін (құралдар, машиналар, жабдықтар, өндірістік ғимарат және кешен). Еңбек заттары - бұл неден өндіреді, яғни, адамдар еңбек үдерісі кезінде ықпал ететін және келешектегі өнімнің материалдық негізін құрайтын заттар (кен, мұнай, шикізат, материалдар және т.б.). Өндіріс құралы - бұл шынайы капитал. Сондай-ақ, ақшалай капиталды да яғни, өндіріс құралын сатып алу үшін ақшаны бөледі.
Жер өндіріс факторы ретінде - жер қойнауын, ормандарды, ауа мен суды қосқандағы табиғи ресурстардың барлық түрі өндіріске тартылады.
Кәсіпкерлік қабілеті адамның бизнесті немесе кез келген уақытта істі ұйымдастыруға дайындығы мен істей білуіне, соған байланысты шығынды, тәуекелді және жауаптылықты өзіне қабылдауына байланысты қорытындыланады. Әрбір адам мұндай қабілеттілікке ие бола бермейді.
Нағыз кәсіпкерді үлкен еңбек сүйгіштігі, ұсынысшылдығы, жаңашылдығы, шығармашылық рухы, іскерлік қасиеті, адамдармен араласа білуі, көзін жеткізе білуі, оларға ықпал ете білуі ерекшелендіреді.
Осы классикалық өндіріс факторларымен бірге қазіргі уақытта өндірісті ұйымдастыру, өндіріс технологиясы, өндірістің ақпараттық факторы, ғылым, энергетикалық, экологиялық факторлар тәрізді, қазіргі заманғы өндіріс факторларын бөлу қажеттілігін айтып келеді.
Өндірісті ұйымдастыру - бұл барлық өндіріс үдерістерін тәртіптейтін және бірлігін қамтамасыз ететін ішкі өндірістік байланыстардың құрылысын анықтаушы құрылым. Өндірістің технологиясы еңбек затын өңдеудің нақты әдісін, өндіріс үдерістерінің белгілі бір тәртібін көрсетеді. Ақпараттар осындай немесе басқадай білімнің, деректердің және әр түрлі белгілердің ағымдарын көрсетеді. Ғылым - бұл өндірісте пайдалануға тиісті теориялық жүйеленген объективті білім. Энергия - бұл өндіріс құралдарын кажетті қозғалысқа келтіретін осындай немесе басқадай күш.
Экологиялық фактор - қорғау, сақтау және табиғатты қайта гүлдендіру қажеттілігіне қатысты, қоршаған орта мен адамдардың өзара қарым-қатынастарына байланысты барлық кешенді мәселелер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет