Тақырып: Экономика және оның қоғамдағы ролі” Білімділік мақсаты



бет5/5
Дата11.03.2022
өлшемі20,68 Kb.
#135075
1   2   3   4   5
Байланысты:
Экономика және оның қоғамдағы ролі

3 сұрақ.
Өндіріс - бұл олардың тұтынушылығын қамтамасыз етуге бағытталған, адамдардың мақсаттылықты қызметі. Материалдық өндіріс пен материалдық емес өндірісті бөледі.
Материалдық өндіріс мыналарды өзіне қосады:

  • материалдық игіліктерді өндіру жөніндегі кәсіпорындар мен салалар (өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы, құрылыс);

  • материалдық қызметтер көрсететін кәсіпорындар мен салалар (көліктер, сауда, коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызметтер).

Материалдық емес қызметтерге мыналар жатады:

  • материалдық емес игіліктерді жүзеге асыратын кәсіпорындар мен салалар (кино, театр, тұтастай өнер);

  • материалдық емес қызметтер көрсететін кәсіпорындар мен
    салалар (денсаулық сақтау, білім беру және т,б)

Қоғамдық өндіріс екі бөлімге бөлінеді: І-бөлім - өндіріс құралдарын шығаратын салалар, кәсіпорындар; ІІ-бөлім - тұтыну заттарын шығаратын салалар мен кәсіпорындар.
Қоғамдық өндірістің байлық, көрсетілетін қызметтер және заттар түрінде көрінетін нәтижесі қоғамдық өнім болып табылады. Заттар - өмір сүрудің тұрақтылығымен қалыпты тәуелсіздікке ие болатын материалдық баршылықтың белгісі. Қызмет көрсету белгілі бір тұтынушылықты қанағаттандыруға бағытталған адам немесе кәсіпорынның пайдалы қызметінің нәтижесі. Өндірістің ерекшелігі мен қызметтерін өткізуі көп жағдайда өзара айырбасталмайтын, жинау, сақтау, жеткізудің мүмкін еместігіне орай, материалдық игіліктермен салыстырғандағы тұтыну мен өндіріс үдерістерін қатар алып жүрумен қорытындыланады. Байлық - бұл еңбекпен құрылған және жиналған материалдық игіліктердің жиынтығы. Ол мыналарды өзіне қосады: а) негізгі өндірістік қорлар (ғимарат, машиналар және құралдар) және өндірістік емес (тұрғын үй, ғимарат және білім мекемелерінің құралдары, мәдениет және денсаулық сақтау); ә) материалдық айналымдық құралдар; б) азаматтардың жеке мүлкі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет