Тақырып. Экономика және оның қоғамдағы ролі Тест тапсырмасы


Нарықтық экономикаға жалпы сипаттама



бет5/10
Дата11.11.2023
өлшемі54,69 Kb.
#191017
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
лекция - 1

3.Нарықтық экономикаға жалпы сипаттама
Дәстүрлі экономикалық жүйеде өндіру, бөлу және тұтыну қалыптасқан дәстүрлер мен ғұрыптарға негізделеді. Әміршіл-әкімшілік экономикалық жүйе бұл мәселелерді директивалық әдістермен, яғни жоғарыдан түсіріліп жататын бұйрықтармен шешеді. Ал нарықтық экономикалық жүйеде шаруашылықтың бағдары тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер арасындағы бәсекеге құрылады.
Қоғамның XX ғасырдағы дамуы экономикалық өмірді ұйымдастырудың екі жолы бар екенін көрсетті. Оның біріншісі – нарықтық экономика, екіншісі – жоспарлы - әкімшілік экономика.
Бұлар экономикалық қатынасты әртүрлі жолдармен шешеді: өнімді қанша көлемде шығару керек, қоғамдық өндіріс жүйесіндегі және өнімді бөлудегі адамның орны және оның адамгершілік құндылығы.
Нарықтық экономикада бұл қатынастарды нарық реттейді (өнімді шығару, тұтыну, бөлу, оған сұраныс, т.б.). Нарық – таурды бөлу саласы. Күнделікті өмірде сауда жүретін орындарды да (базар, жәрмеңке) нарық дейді. Алайда нарықты басқаша түсінуіміз керек. Нарық – өнім шығарушылар мен өнімді тұтынушылардың, сұраным мен ұсыныстың арасындағы қатынас, олардың өзара тығыз байоанысы.
Нарық адамдарды тиімді еңбек етуге, ынталылыққа бағыттайды. Нарықтық экономика
ғылыми техникалық прогресті, өнім өндірушілердің өзара бәсекелесуін және тұтынушылар үшін
бәсекеге күресін де өрістетеді.
Нарықты тауар ғана жасамайды, сонымен қатар дербестік алып, өзара бәсекеге түскен
тауар өндірушілер жасайды.
Нарықтық қатынас көп қырлы экономикалық қатынасты ғана емес, сонымен қатар
қоғамның саяси - әлеуметтік , рухани өмірін де қамтиды. Нарық - экономикалық өмірді демократияландырудың негізі.
Тұжырымдап айтқанда, нарық қатынастың экономикалық негізі – меншікті мемлекеттен ажыратып, көп түрлі меншікті қалыптастыру. Сонымен қатар тауар өндірушілердің дербестігі, өнімді тұтынушылардың белсенділігі, сұраным мен ұсыныстың арта түсуі. Бұл процестердің бәрі аймақтың, елдің немесе дүние жүзі көлемінде іске асырылады. Бұған дәлел нарықтық қатынаста өмір сүруші дамыған елдердің экономикалық және саяси өмірі. Олай болса, нарықтық қатынас – ғаламдық проблема. Қазір дүниежүзі елдері арасында осы саладағы жарыс қарқын алды. (кім көп шығарады, сапалы шығарады, көп таратады, т.б.). Жоспарлы - әкімшілдік экономикада өнімді өндіру мен бөлу орталық басқару (өкімет) органдарының билігінде болып келді. Тауарды өндірушілер мемлекеттік жоспарды міндетті түрде
орындайды. Қайсібір уақыттарда ол өнімді тұтынушылар қажет етпейді.
Нарықтық экономикада ұсынысты мемлекет реттемейді (өнім шығарушылар қанша шығарым десе де ерікті), сұранымды да ешкім реттемейді
(сатып алушылар өзіне не керек, қанша керектігін дербес шешеді). Ендігі мәселе – баға. Бағаны да сырттан ешкім реттемейді. Оны сұранысқа және ұсынысқа сәйкес өнімді шығарушының өзі шешеді. Сонымен, ұсыныс пен сұраным теңдңстіріледі. Осы белгілерге қарай халық шаруашылығын нарық реттейді.
Нарықтық қатынастың өзіне тән объективтік – экономикалық екі заңы бар: баға заңы, ұсыныс және сұрнаным заңы. Біріншісі – орта бағаны қалыптастырады, екіншісі – нарықты пайда болатын ақша мен тауардың қатынасын анықтайды.
Тауар нарыққа (базарға, жәрмеңкеге, екінші бір тұтынушыға, мемлекетке, не басқа өндіріске) түскеннен кейін оның бағасы ақшамен өлшенеді, оны тауардың бағасы дейміз.
Алайда тауардың ақшалай көрініс тапқан бағасы оның нағыз бағасы емес. Бұл баға
тауардың құнынан жоғары немесе төмен болуы мүмкін. Бұл сұраным мен ұсынымға байланысты. Егер де сұраным ұсыныстан жоғары болса (алушылар көп, бірақ тауар аз) – тауардың бағасы жогғары болады. Ал ұсыныс сұранымнан жоғары болса, онда баға
төмендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет