3 Экономикалық процестерді зерттеу әдістері 4 Экономикалық категориялар және заңдар - Экономикалық категориялар - қоғамның экономикалық өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық түсініктер. Мысалы, тауар, құн, ақша, сұраныс, ұсыныс және т.б.
- Экономикалық заңдар - қоғам дамуының түрлі сатыларындағы материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қатынастарын анықтайды. Олар қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланысын көрсетеді.
Экономикалық заңдар ерекше және жалпы болып бөлінеді: Позитивті және нормативті экономика - Позитивті, немесе дискриптивті экономика обьективті немесе ғылыми экономика қызметін іздейді. Позитивті экономика - фактілермен жұмыс істейді және субъективті талқылауға қатыспайды. Экономикалық әрекеттерді ғылыми түрде қалыптастыруға тырысады. Ол қазіргі уақытта бар немесе болуы керек құбылыстармен жұмыс істейді. Мысалы: егер мемлекет бір тауарға салықты өсірсе тауар бағасы өседі.
- Нормативті экономика субъективті негізделген, жеке бағалау әсерін ұсынады. Нормативті экономика экономикалық заңдарға сүйене отырып, экономика қандай болуы керек немесе қандай нақты саяси акцияны немесе құқықтық реттілікті ұсынуға болатынын талқылайды. Ол болашақта болуы керек құбылыстармен жұмыс істейді. Мысалы, бір экономист бюджетті толтыру үшін салықты өсіру қажет дейді. Бірақ салықтың өсуі, кәсіпкер ынтасының төмендеуіне әкеледі. Егер «тиіс» және «лазым» түсініктері кезіксе – ол нормативті тәсілге қатысты.
Экономикалық теорияның қызметтері Өздік жұмысы, дайындық сұрақтары: - Экономикалық теорияның пайда болу тарихы және негізгі этаптары.
- Экономикалық теория пәні, құрылымы.
- Экономикалық процестерді танып – білу әдістері.
- Экономикалық теория қызметтері
- Өндірістік қатынастардың мәні.
- Экономикалық категориялар және заңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |