7-ші лекция тақырыбы. Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процесстер.
Жоспары.
Әлеуметтік институттар ұғымы, оның негізгі түрлері.
Әлеуметтік процесс қоғам дамуының негізі ретінде.
1. Өзіне тән білімдерімен бүкіл қоғамда әлеуметтік байланыстармен қатынастардың салыстырмалы тұрақтылығын қамтамасыз ететін әлеуметтік институттар болып табылады. Олар сыртқы, материялды құрылымы мен, сондай-ақ ішкі мазмұнымен де сипатталады.
Әлеуметтік институт сырттай нақты әлеуметтік функцяларды жүзеге асырушы, белгілі материалдық құралдармен жабдықталған мекемелер мен адамдар жынтығы ретінде көрінеді.
Мазмұны жағынан - бұл белгілі жағдайларда белгілі адамдардың мақсаты көзделген мінез- құлық үлгілерінің нақтылы жиынтығы.
Сонымен, юстицияны элеуметтік институт деп алсақ, сырттай қарағанда онда адамдар жиынтығы бар - прокурор, судья, адвокат т.б /, мекемелері бар / прокуратура, сот, тұрме т.б /, материалдық құралдары бар.
Әлеуметтік институт бұл әлеуметтік іс әрекет пен әлеуметтік қатынастардың белгілі ұйымы. Ол іс - әрекеттің мақсатты бағытталған стандарттарының өзара келісілген жүйесі арқылы іске асырылады.
Өз қызметтерін жүзеге асыра отырып, әлеуметтік инситуттар өздеріне қарасты адамдардың іс әрекеті стадартқа сәйкес келсе, оларды мадақтайды және бұл стандарт талаптарына сай келмесе, ауытқыса оны жояды, яғни индивидтердің іс әрекеттерін қадағалап, тәртіпке салып отырады.
Әрбір әлеуметтік институт өз іс әрекетінің мақсатымен, нақты қызметімен, берілген институтқа тән әлеуметтік позицияларды және рольдер жиынтығымен, сол сияқты ықыластыны мадақтауды, қабыл алмайтынды құруды қамтамасыз ететін санкциялар жүйесімен сипатталады.
Индивид қазіргі заманғы мәдениет элементтерін, оның ішінде іс әрекет нормаларына сай келетінін меңгере отырып жеке адам болады.
Әлеуметтік институттардың маңыздысы болып саяси өкіметті орнатып, қолдайтын саяси институттар, сол сияқты өндіріс процестерін қамтамасыз ететін және игіліктермен қызметтерді бөліп отыруды қамтамасыз ететін экономикалық институттар болып табылады.
Саяси институттар саяси өкіметті жүзеге асырады. Саяси өкіметтің қажеттілігі мынадай жағдаймен анықталады, индивидтерге, әлеуметтік топтарға меңгеруге қолайлы қорлар, байлықтар және басқада әлеуметтік маңызды обьектілерінің шегі жоқ, оларға қожалық аясын кеңейтуге табиғи ұмтылуға әлеуметтік анықталған шек қойылуға тиіс. Мұндай қорлар материалдық өзгешеліктерге ғана ие болмайды, оларға қауіпсіздік, мәртебе, өкімет, статус жатады.
Мұндай шектеулер болмаған жағдайда әлеуметтік өзара әрекеттестік тәртіпке келмеуі мүмкін және сөзсіз ерегісулер мен дау жанжалдар шығады, ол әлеуметтік жүйені анархиялық дезинтеграциялық қолайсыздыққа апаруы мүмкін. Шектеулерді қамтамасыз ету қоғамда өкіметтік қатынастарды біреулердің қалғандарға билік етуге құруды талап етеді.
Өкімет талас пен дау жанжалдың дамуын шеше алатындай соның нәтижесінде өкіметтік шешім қабылдайтындай және ол шешімді барлығы міндетті тұрде қабылдайтындай жағдайда болу керек.
Саяси өкімет әртүрлі жолдармен және түрліше болып бөлінуі мүмкін біртұтас немесе аралас болып. Мемлекеттік басқару формаларының дәстүрлік типологиясы өкіметті бөлу әдістерін қамтиды «автократия» яғни жеке билеуші мемлекет олигархия азғантай айрықша құқықтар адамдардың билеуі және демократия. Аристотель әрдайым автократиялық тиранияға «қатал» деспоттық басқару «олигархияның плутократияға «қылмыскерлердің өкіметі» және демократияның охлократияға «тобырдың билеуі» құлдырау феномендерінің пайда болатынын атап көрсетеді.
Қазіргі уақытта құқықтық мемлекет концепциясы даму мен оны тану дәрежесіне ие болады. Ол кез келген мемлекеттік істердің формалары заңға дәлірек айтсақ конституцияға бағыну идеясына негізделеді. Мемлекеттік өкіметті шектей отырып конституция сонымен қатар азаматтардың саяси құқықтары мен азаматтық құқықтарын қорғайды.
Экономикалық институттар әлеуметтік институттардың бір түрі ретінде қарастырады сондықтан да оларды сәйкес келетін әлеуметтік «құқықтық» моральді - этикалық нормалар системасымен сипаттайды. Экономикалық институттардың нормативті құрлымына нормалар системасы - жекеменшіктік қатынастарды көрсететін өндірірістің ұстем түрі типтік нормалардың және алмастырудың әдістерінің болуы сол сияқты басқада әлеуметтік қазыналар .«моральді этикалық» адамгершілік әдеп үлгілері және экономикалық ортада мінез - құлық нормалары кіреді.
Әлеуметтік институт сияқты экономиканың ерекшілігін табу үшін бұл жерде пайда болатын әлеуметтік өзара іс әрекеттерді қатынастардың екі түрлі негізгі типті тұрғысынан қарау керек.
«Мәртебе» категориясы көп мағаналы (латын сөзі статус- орнату, қондыру, істің хал жайы, болып аударылады). Ғылыми жағдайда «статус» субьектінің негізгі стасистикалық жағдайында көрсету үшін қолданылады.
Азаматтық құқықтық мағынада «статус» азаматтық жағдайы, дәрежесі деген мағынаға сай келеді. Мәртебелік жарлықтарға конституцялық нормалар жатады олар мемлекттік өкімет пен басқарудың структурасы мен заңдылығын анықтайды.
Мәртебеден тыс басқару жағдайында экономиканың тұрақты жұмыс істеуі мүмкін емес. Экономика байсалды жүйеге ие оның тұрақтылығы қаншалықты маңызды болса өзгеруге бейімділігі, шаруашылықтың жаңа жағдайына үйренуіде сондай маңызды.
Экономикада «шарт» категориясының рөлі ерекше. Экономика тарихи жағдайда не өнімді тайпалық отбасылық тұрде өндіру не құлдық еңбек институты түрінде өмір сүрді . Келе келе оның дамуы ерікті товар өндірушілермен шарт жасау қатынастарына негізделеді. Статустық қатынастардан шарт жасасу қатынастарына өту барысында жеке ынтаға (инициатива) еркіншілік берілді, өндіріс шапшаң дами бастады. Дегенмен өндірістің кұрделенуі, технологияның үзілді-кесілді бұйрықтың талабы шартты қатынастардың статустық реттелуін талап етті, ал өндірістік қоғамдық сипатының кұшеюі экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігін көрсетті, егер бұлай болмайтын болса бүкіләлемдік дағдарыс деңгейінде дисфункция көрініс береді.
Бұл сүрақтың жауабы екі түрлі болды. Бірінші (табысты түрі) экономиканың негізі жекеменшікті сақтау. Екінші (табыссыз түрі) жекеменшікті жою және оны мемлекеттік меншікке ауыстыру, бұл экономика мен мемлекеттік толық біріктіруге әкелді. Бұл вариант экономикалық системаны жаңаша дамудан айырды, экономиканың шапшаң дамуына мүмкіндіктің жолын тапты, ал оның едәуір бөлігін қамтыды.
Әлеуметтік институттар тек жоғарыда көрсетілген екі, саяси және экономикалық, түрін ғана қамтымайды.
Бұдан басқа элеуметтік институттарға семья (отбасы, отбасы), ғылым, білім беру системасы, денсаулық сақтау, мәдени-тәрбие мекемелері, құқық және әділет жатады. Әлеуметтік институттар әлеуметтік ортамен, қоғаммен
өзара бір-бірімен әрекет етеді. Бұл процесс дұрыс болуы
мүмкін, дегенмен кейде оның бұзылуы мүмкін. Әлеуметтік
институттардың әлеуметтік ортамен өзара бір-бірімен
әрекетінің негізі-қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыруда жатыр.
Қоғамда өтіп жататын процестер индивидтердің, топтардың, қоғамдағы қабаттар мен таптардың қажетін ұнемі өзгертіп отырады, сонымен қатар әлеуметтік институттар мен әлеуметтік ортаның қатынастарының сипатын да өзгертеді.
Кейде өзгерген әлеуметтік қажеттіліктерге сәйкес әлеуметтік институттардың құрылымында, қызметтерінде пара-пар келетін көріністерді таба алмауы мүмкін. Осындай сәйкессіздіктің нәтижесінде қызметтің бұзылуы көрініс береді. Ол әлеуметтік институттардың сыртқы ортасында, мазмұнында көрінеді.
Әлеуметтік институттардың қызметінің бұзылуы көрінісі сырттай мамандардың дайын еместігі яғни сапасыз мамандар, ұйымдастырудағы қажеттіліктер, материалдық қаржылармен көрінеді. Назар аударып қарасақ дисфункция сол институттың мақсатының анық еместігін, міндетінің айқын еместігін, беделі мен даңқының тұсуін көрсетеді. Институттың іс әрекетінің әлеуметтік қажеттіліктерге сай келмеуі оның қызметінің мәнінің төмендеуіне әкеледі.
Кез келген әлеуметтік институттың іс әрекетінің қызметтік өзгеруі оның қызметкерлерінің іс әрекетінің бұзылуынан көрінеді, олардың іс әрекеті маңызды орын алады. Қызметкерлердің іс әрекетінің бұзылуы мынаны көрсетеді: институттың барлық қызметтерін қамтамасыз етуде жеке адамның ерекшелігіне қарамайды, негізгі міндеттерді кімдер орындауы керек, оған кім жауаптылық қатысы болмайды.
Институт қызметкерлерінің іс әрекетінің бұзылуы институттың объективті қажеттілігіне сай емес, қойылған міндет-мақсаттарына сәйкес емес жұмыс жасайтынын көрсетеді, жекелеген адамдар мен олардың қызметінің сапасына қарай өз функциясын өзгертіп отыратынын көрсетеді.
2. Әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандырмау (әлеуметтік институттың дисфункциялануы) институт дисфункциясын белгілі нормалар мен ережелерді бұза отырып толықтыратын нормативті реттелмеген іс әрекеттің түрі стихиялы болады. Мұндай жағдайлардың соңы заңға қарсы іс әрекеттерде көрінуі мүмкін. Осындай экономикалық институттардың дисфункциялануы белгілі бір мұліктік, шаруашылық заң бұзылушылыққа әкеліп соғады.
Қылмыстылық, әлеуметтік институттардың
дисфункциялануынан пайда болған, көбіне инструментальды
(аспаптық) яғни белгілі мақсатқа жетуге бағытталған, және
құрылымдық, яғни іштей өзара байланысты, сипатқа ие
болады. Оның белгілері болып қылмыстық іс әрекеттің
жоспарлануы, жүйелілігі, ұйымдастырушылық элементтері
яғни қылмыстық рөлдердің бөлінуі т/б. болып табылады.
Мұндай қылмысты жағдай заңсыз жолмен объективті
қажеттілікті қанағаттандырады, осындай белгілі бір
әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру кең көлемдегі
элеуметтік жүйені дисфункциялауға әкеліп соғады.
Қылмыстың ең қауіптісі мынадай жағдайда, қоғам индивидтерге табысқа жетудің ортақ символдарын (байлық, материалдық тұрде ие болу) бергенде, оны сол қоғамның әлеуметтік құрылымы белгілі элеуметтік топтарға заңды жолмен иемденуге мүмкіншілік жасамауға тырысады. Осының нэтижесінде әлеуметтік ширығу пайдакұнемдік-зорлықтық, агрессиялық қылмысқа әкеледі.
Әлеуметтік топтар олардың сыртқы құрылымы жағынан да, функцияларының талдау позициясынан да анықталуы мүмкін. Олардың объективті мәліметтерінің сипатына демографиялық құрылым туралы, кәсіптік құрылым, оның мүшелерінің сауаттылығы т.б. туралы мәліметтер кіреді. Функционалды тұрғыдан қарағанда мұндай құрулар олардың мүшелерінің топтық мақсаттарының табысына бағытталған іс әрекеттермен сипатталады. Соныменен топ ішілік бірігудің жоғарылануына әкелетін сәйкес іс әрекеттердің ұйлесімділігін қамтамасыз етеді.
Осындай құрылулардың ішінде ерекше маңызы бар әр түрлі әлеуметтік бірліктер (тұрақты семья, еңбек коллективі, бос уақытын бірге өткізетін топтар), сол сияқты территориялық бірліктер (ауыл, село, қалашық, ірі қалалардың ықшам аудандар т.б.) бар.
Отбасы балаларға қоғамдық өмірдің нормативтерін меңгерте отырып жастарды социализациялауды қамтамасыз етеді, отбасы мүшелеріне қауіпсіздік сезімін хабарлайды, бірге қайғырғанда қажетті эмоциямен, көңіл-кұй сезімдерді ауыстырулармен қанағаттандырады, психологиялық қызбалықты болдырмайды т.б. Әлеуметтік топ сияқты отбасының табысты жұмысының нәтижелерінің бірі болып қоғамдық өмірдің басым бөлігінде әлеуметтік нормалардың талабынан ауытқып кетуін нәтижелі ескертуі табылады.
Тәртіпсіздік көріністері әлеуметтік бірліктердің сыртқы құрылымы сияқты ішкі, олардың функциональды сипатында да көрініс береді.
Әлеуметтік процестердің сыртында миграция, қалалардың өсуіне т.б. үлкен отбасылардың ыдырауына, өндірістік топтарда кәсібиліктің төмендеуіне, территориялық бірліктерде тұпкілікті халықтардың санында мигранттардың санымен өсуі, табиғи жастарының құрылымының бұзылуына әкеледі.
Жеке адамның тәртіпсізденуінің әлеуметтік себептерінің қатарына мыналарды атауға болады: 1) индивидтің бірнеше әлеуметтік топтарға қатысуы, олар бір-біріне қайшы әлеуметтік бағалар мен мінез-құлық үлгілерін зорлап береді; 2) индивидтің тәртіпсіз топтарға енуі, ол топтарға әлеуметтік ролдерінің айқын еместігі, қоғамдық бақылаудың жоқтығы, мінез-құлық критерилерінің анық еместігі тән.
Мұндай көріністер бірліктердің әлеуметтік-психологиялық нәтижелерінің әлсіреуіне байланысты.
3. Формасы жағынан құқық заң актілерінің жиынтығын, ал өзінше-әлеуметтік маңызы бар институт. Құқықтың негізгі және материалдық көзі болып әлеуметтік шындық табылады, егер де ол қоғамдық өмірдің сәйкес формаларының өсуі мен бекуін, шынайы қатынастарды реттеп отыратын аспабы болып табыла алса.
Құқықтың әлеуметтік маңызы оның шынайы іс эрекетінде көрінеді. Құқықтың әлеуметтік іс әрекеті екі жолға бағытталған: біріншіден қоғамдық ортада әлеуметтік институттардың объективті өзгеру процестеріне бейімделуі, қоғамның өмір сүруіндегі материалдық жағдайлар сипатындағы өзгерулер, экономика аймағындағы өзгерулер, екіншіден қоғамдық дамудың саналы тұжырымдалған мақсаттарына сэйкес элеуметтік институттардың өзгерісі мен жетілдірілулерін құқықтық тәсілдермен қамтамасыз ету.
Құқықтың іс әрекетінің шынайы нәтижесі мына кезде көтеріледі, егер оны пайдаланған кезде әлеуметтік және экономикалық заңдылықтарының заң нормаларымен жұмыс жасауын ауыстыру тықсыру тенденциясын тудырмаса.
Зерттеулерде құқық тәуелсіз боп қарастырылса, таптардың, әлеуметтік топтардың, жеке адамдардың сәйкес іс әрекеттері тәуелді боп қарастырылады. Құқықтың толық талдауына талқылау және кері тәуелділік енеді, егер өзгерулер жеке адамның немесе топтардың мақсаттарында, мотивтерінде болып ол әлеуметтік құқық сипаттарының белгілі өзгерулеріне әкеледі.
Құқықтық нормалардың іс әрекетке ықпалы біржақты процес болып табылмайды, онда заң шығарушыға белсенді іс әрекет етуге құқық беріледі.
Құқықтық тәртіптің жай-кұйі индивидтер мен әлеуметтік ортаның өзара ықпалындағы динамикалық тепе-теңдіктің сипатына, жай кұйіне қатысты, оның бір бөлігі құқықтық жүйе боп табылады. Орнықты құқықтық тәртіп әлеуметтік ортада, құқықтық жүйеде, немесе индивидтердің іс әрекетіндегі өзгерістер берілген типтермен индивидтердің әлеуметтік ортамен өзара іс әрекетін бұзбайтындығын дәлелдейді.
Индивидтердің іс әрекеті бұл кезде қайшылыққа келмейді. Индивидттердің мінезіндегі өзгерістер әлеуметтік ортаның эволюциясына, құқықтық нормасына қарама-қайшылық туғызбай-ақ, өзара іс - әрекеттестіктің тұрақты сипатын өзгертпей-ақ әсер етеді.
Құқықтың әлеуметтік шынайы өмір сүруі мыналарға байланысты айқындалады: біріншіден, индивидтердің, әлеуметтік топтар мен топтардың құқыққа қатынастарына байланысты; екіншіден, құқықтық нормалардың өзінің басқа кеңірек әлеуметтік құрылымдармен-қоғамдық құқықтық сана сезіммен, моральмен, идеологиямен қатынастарына байланысты; үшіншіден, берілген қоғамдағы билік етуші идеологиялық, саяси, құқықтық, моральды-этикалық басқа да нормалардың жиынтығымен қатынастарына байланысты.
Егер де құқықтық ғылымның міндеті сәйкес құқық салаларын оқыту болса, құқықтық социологияның міндеті құқықтық нормалардың өсуі мен пайда болу заңдылықтарын зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |