5-лекция тақырыбы. Қоғам - әлеуметтік жүйе ретінде
Жоспары.
Қоғам ұғымы және оның әлеуметтік құрылымы, негізгі қағидалары.
Қоғамды зерттеудегі құрылымдық, жүйелі, функционалды бағыттар. Қоғам типтері.
Қоғамның ұш сатылы даму теориясы. Р. Арон, У. Ростоу.
Қазақстандық қоғамның дамуының негіздері.
1. Қоғам деген не, оның адам өміріндегі рөлі мен орны қандай деген сүрақ барлық әлеуметтанулық ағымдар үшін басты сүрақ болып келеді. Әлеуметтану ғылымында «қоғам деген не?»- деген сүраққа екі бағыт қалыптасты: тар әлеуметтанулық және кең философиялық. Екі бағытта өз бетінше өте күрделі құбылыс қоғамды өздігінше түсіндіріп жаңалықтар енгізуде. Солай болған кұннің өзінде, түсінікті болу үшін оларды ажырату керек, неге десеңіз қоғамға деген әртүрлі көзқарас оны талдауға әртүрлі методологияны талап етеді.
Қоғамның күрделі ұғым ретінде дұрыс түсіну үшін ұш ұқсас ұғым-ел, мемлекет, қоғамды бір-бірінен айыру керек. Ел-планетамыздың белгілі бір мемлекетке қатысты шекарасы бар географиялық территорияда тұратын халықты айтады. «Мемлекет»- елдің саяси системасының басты белгілерін бейнелейтін ұғым. «Қоғам»- елдің әлеуметтік құрылысын сипаттайтын ұғым, әлеуметтік құрылым оның негізін қалайды. Елді-география, мемлекетті-саясаттану, қоғамды-әлеуметтану зерттейді.
Қоғамды мемлекет шекарасында төңірегінде қарастырып түсіндіру тіпті оңай. Француз қоғамы Франция елі мен мемлекетіне дәл келеді. Тура осындай қалыпта американ, орыс, қазақ, өзбек қоғамы жөнінде айтуға болады.
Алайда, қоғам мемлекеттік – аймақтық принцип негізінде қарастыруға көне бермейді, мысалы, дұниеде Люксембург қоғамы деген құрылым жоқ.
Қоғам-елдің, сонымен бірге ұлттың, халықтың, тайпаның әлеуметтік ұйымы. Бір елді екінші елден бөліп тұратын саяси немесе мемлекеттік шекаралар болмаған уақыт болды. Қазіргі түсініктегі ел ұғымы болған жоқ. Үлкен елдер мен тайпалар кеңістікте еркін көшіп-қонып, жаңа аймақтарды игереді. Халықтардың қоныс аударуы аяқталған кезде мемлекеттік суверинитетпен шектелген жерлер пайда болды. Сонымен, елдер - әлемді аймақтық бөлістің нәтижесі.
Алайда мемлекет пен ел болмаған дәуірде қоғам болды. Яғни, «қоғам» ұғымын қандайда болмасын тарихи дәуірге, адамдардың сандық мөлшері бар ұғымдарға қолдануға болады.
Танымал американ әлеуметтанушысы Э.Шилз қоғам деп атауға болатын қандай да болмасын әлеуметтік бірлесстікке қажетті белгілердің толық тізімін көрсете алды.
•ұйым қандай да болсын ірі жүйенің бөлімі болмауы керек
•неке тек осы бірлестік мүшелері арасында ғана болады
•ол негізінен осы бірлестікке кіретін танылған өкілдердің ұрпағының есебінен толықтырылып отырылады
•бірлестіктің меншігі болып табылатын аймағы бар
•оның өз есімі және өз тарихы бар
•оның өз басқару жүйесі бар
•оны мәдениет деп аталатын ортақ құндылықтар (дәстұр, салт, ереже, заң, ар-ождан) біріктіреді.
Бұл белгілерді қазіргі ірі державалардан да, ежелгі тайпалардан да табуға болады. Мұнда да онда да қандық туысқандық жүйе (некеге тұру мен жаңа мүшелерді қабылдау), өз аймағы, есімі, мәдениеті, тарихы, басқару жүйесі – олар басқа жүйенің құрамындағы бөлшек емес.
Сонымен қоғам дгеніміз бір-бірімен сан - алуан тұрақты әрекетпен байланысқан, ортақ территориясы, тарихы мен мәдениеті бар адамдардың ең үлкен бірлестігін айтамыз.
Адамзат тарихында қоғамның екі негізгі кезеңі ерекшелінеді: 1) Адамдардың әлеуметтенуге дейінгі тіршілігі және 2) әлеуметтік өмір кезеңі .
Қоғам күрделі және қарапайым түрлерге бөлінеді. Қарапайым қоғам ғалымдардың айтуына қарағанда 50-40 мың жыл бұрын қалыптасып, жоғарыда келтірілеген белгілермен ерекшіленеді. Кейіннен, адамдар аңшылықпен, терімшілікпен, жер шаруашылығына өтуі; көшпелі өмірдің отырықшылыққа ауысуы, өндірістің өсуі мен қосымша өнімнің және жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның жіктеліп топтардың пайда болуы мен мемлекетке бірігуі күрделі қоғамды қалыптастырып, әлемде жеке елдер пайда болды.
Қарапайым және күрделі қоғамның басқа әлеуметтану оны бірнеше түрлерге бөледі. Мысалы, жазба деректерге байланысты, жазба деректерге дейінгі және жазба деректер қоғамы. Әлеуметтік-саяси қатынастардың демократиялығы мен сыртқы әлемге қатысы жағынан – ашық және жабық болып бөлінеді.
2. Әлеуметтанушыларды ерекше қызықтыратыны қоғамды әлеумттік – экономикалық белгілері бойынша айыру. Мұнда көпке танымал екі тәсіл бар: маркстік (формациялық тәсіл) және қазіргі батыс социологтарының ұш сатылы теориясы (өркениеттік тәсіл).
Маркістік формациялық жүйенің негізгі өлшемі-өндіріс құрал-жабдықтарына меншіктің формасы мен қоғамның таптық құрылымы. Осы өлшем бойынша қоғамның бес тарихи даму сатысы, бес қоғамдық экономикалық формация, немесе қоғамның түрі ерекшелінеді.
Мұнда құл иеленушілік, феодалдық және капиталистік қоғамдар таптық-антогонистік, қанаушы , тоқыраудағы, еңбек адамына қарсы қоғам ретінде қарастырылады. Ал коммунистік -әділетті, ұйлесімді, мұнда адамдарды бөлетін жекемншік жоқ, тең, әркім өз дәрежесіне қарай еңбек етеді, толық еркіндік пен демократияға ие және жоғарғы дәрежелі тұрмыс, әл-ауқат жасалған. Алайда қоғамның ХХ ғасырда дамуы капитализм мен социализм арасындағы бәсекелестік бұл қорытындыларды жоққа шығарды. Кеңестік социализм және басқа елдерге таратылған экспорттық варианттағы социализм «казармалық» болып шықты. «Социалистік құрылыстың көптеген жылғы» тәжирибесі жақсы жақтарымен бірге мынаны анықтады: 1) Ұлы мақсаттармен бағдарламаларды ресми тұрде жариялау және оның жүзеге асырылмауы; 2) Жалпы адамдарды бақылауға алу, бюрократиялық жұгенсіздік және қарапайым адамның құқығының жоқтығы; 3) Бұл экономиканың өнімсіздігі мен халықтың әлауқатының төмендігі; 4) Жеке меншіктің жоқтығы, адамдардың еңбекке, шығармашылыққа, бәсекелестікке деген ынтасын аяқ асты ету; 5) Жеке адамның рөлін үлкен мемлекеттік машинаның винтігі мен «жарқын болашақ-коммунизмді» орнату құралына айналдырады.
Бұған қарама-қарсы ХХ ғасырда Батыс елдеріндегі қоғам (капитализм) дамып, жетіліп, экономикалық гұлденіп, демократиялық нығайып, гуманизм нақты орын алып, бәрі үшін әлауқаттың өсуі орын алды. Бұл капиталистік өндіріс тәсілінің жалпы өнімді екендігінің куәсі, олай болатын себебі, жеке меншік, еркін кәсіпкерлік пен нарық өндірушілерді рационалды, нәтижелі, тұтынушылармен байқап әрекет етіп, қимыл іс-әрекетін ұйымдастыруды қатаң талап етеді. Алайда капитализм мұндай жетістікке бірден қол жеткізген жоқ, оның да өзінің жақсы және жаман жақтары болды. Осыған орай капимтализмнің төрт негізгі түрін айыруға болды.
Алғашқы капитализм-капитализмнің алғашқы қорлануы мен нарықтық жүйенің стихиялы қалыптасу кезеңінде алға белсенді азғана кәсіпкерлер шығады. Мұнда меншікті қайта бөлу, біреудің есебінен баю, қоғамның кенет жіктелуі мен әртүрлі зиян әрекеттрдің көбеюі орын алады.
Бұл кезеңді терең зерттеген К.Маркс пен Альфред Маршалл қарама-қарсы тұжырымдарға келді. К.Маркс капитализмнің болашағы жоқ деген пікірде тоқталса, ал ағылшын экономисі А.Маршалл, бұл өтпелі кезең, капитализмді артықшылықтарын пайдаланып, кемшіліктерін жойып реформалауға болады деген ой-тұжырымды алға тартты.
Қалған капитализмнің ұш түрі экономикалық және саяси биліктің тізгіні кімнің қолында және қоғамдағы ол биліктің формасы (бюрократиялық, олигархиялық немесе демократиялық) қандай екендігіне қарай ажыратылады.
Бюрократиялық капитализм (немесе мемлекеттік капитализм) экономикалық және қоғам өмірінің басқа да сфераларын мемлекет, яғни бюрократиялық аппарат, чиновниктер басқарып реттейді деп ұйғарады. Міне осыдан кейін мемлекеттік органдардың азамттардың іс-әрекетіне шектен тыс араласуы, шенеуніктердің зарлығы, коррупция бюрократтардың қылмыскерлер мен ірі бизнесмендрмен ауыз жаласуы т.б. орын алады.
Олигархиялық капитализм де осындай сипатта болады. Мұнда экономика мен билік «олигархтар» деп аталатын шағын топтың қолына шоғырланған. Олар- ірі банкирлер, биржа саудагерлері, сауда т.б. магнаттар. Олар мемлекеттің жоғарғы аппаратын, саяси партияларды БАҚ (Бұхаралық ақпарат құралдары) басшыларын өздеріне қаратып, парамен сатып алады. Халықтың тұрмыс дәрежесі төмендейді.
Демократиялық капитализм (өркениетті, халықтық капитализм) пісіп жетілген және таза демократия жағдайында болуы. Мұнда халық қоғамдағы билікті өзі сайлап және қадағалап отырады, адамдардың құқығы мен еркіндігі сақталып, қорғалады. Көп укладты және әлеуметтік-нарықтық экономика (нарық барлық азаматтарды әлеуметтік сақтандыру) кәсіпкерлікке кең жол ашылып, үлкенді-кішілі бизнес жұмыс істейді. Орта жол (жоғарғы білімді, нақты жұмысы бар, салыстырмалы табыспен қамтамасыз етілген қабат) қоғамда халықтың 60-80% қамтиды. Мемлекет меншік иелерін бюрократтардың озбырлығы мен кұш көрсетушілерден қорғайды.
ХХ ғасырдың соңында бастапқы бюрократиялық, олигархиялық, капитализмнің белгілері араласып жатты.
3. Қоғам бір орында тұрмайды ол не дамымайды, не кері кетеді, оған тарих куә. Әлеуметтанушылар қоғам дамуының екі бағыты мен ұш негізгі формасын ерекшелеп көрсетеді.
Алдымен прогресс пен регресс бағыттарының мәнін ашайық. Прогресс (латын сөзі progresus – алға қозғалу, жетістік), жоғары өрлеу даму тенденциясын көрсетеді, жетілгеннен жоғары, жетілгенге төменнен жоғары қарай қозғалысты дамуды бейнелейді. Ол қоғамды жағымды өзгерістерге жетелейді. Мысалы, өндіріс тәсілі мен жұмысшы күшін жетілдіру.
Регресс (латын сөзі, regresus – кері қозғалыс), дамудағы төменге құлдырауды көрсетеді, кері қозғалыс, жоғарыдан төменге қарай кету, жағымсыз зардаптарға жетелейді. Мысалы, өндірістің өнімділігі мен халықтың әл-ауқатының төмендігі секілді көрініс беруі.
Адамдардың қарым-қатынастарының өзінен прогресс көрініс табады. Бірігіп өмір сүруге, қоғам заңдарын сақтау, басқаның өмірлік өлшемін сыйлау және ынтымақтастыққа келу, өзінің бұлікшілік әрекетін жою, ата-баба мұрасын қастерлеу сияқты ұғымдарды қайта қарап түсіну үлкен орын алып отыр. Бұл адам баласын ынтымақтастыққа, ұйлесімділікке және мейірімділікке жетелейді. Бұл әлемдік прогресске әкеледі.
Регресс нақты шекарадан шықпайтын сипатта болады, яғни жеке қоғамды немесе оның белгілі бір кезеңдерін қамтиды. Мысалы Норвегия, Финляндия, Жапония т.б. елдер прогресс пен гұлденудің баспалдағымен жоғары көтерілсе, Кеңес Одағы басқа социалистік мемлекеттер (Болгария, ГДР, Польша т.б.) 1970-80 жылдары мен тоқыраудың шыңырауына тұсіп, дамуы регрессивті сипатта болды. Прогресс пен регресс көбінесе қиыннан қиысып шырмалып жатады.
Мысалы Қазақстанда 1990 жылдары прогресс пен регресс қатар орын алды. Өндірістің күйреуі, шаруашылықтың бұрынғы байланыстарының ұзілуі, адамдардың көпшілігінің өмір жағдайының төмендеу, қылмыстардың көбеюі- регресстің нақты белгілері. Алайда, мұның кері жағы бар, ол прогресстік белгілер: қоғамның кеңестік тоталитаризм мен КОКП диктатурасынан азат етілуі, басталған қозғалыс рынок пен демократияға, адамдардың бостандығы мен құқығының кеңеюіне, бұхаралық ақпарат жүйесінің еркіндігі т.б.
Қоғам дамуы революциалық және революциалық жолмен де жұреді. Эволюция тарихи қалыптасқан жағдайлар негізінде бірте-бірте өрістеу, даму арқылы жүзеге асатын қоғамдағы өзгерістер, нәтижеде қоғам бір салалық кұйден екінші кұйге өтеді.
Революция жеке сфераларда жүзеге асуы мүмкін, алайда, ол адамдар өмірін жан-жақты өзгеріске әкеледі. Егер қоғам құрылысы тұбірінен өзгерсе әлеуметтік революия орн алады. Әлеуметтік революция зорлық-зомбылық пен адамдарды қырып жою, бұқараның қайыршылануы, заңсыздық пен тәртіпсіздіктің қоғамда орнауымен қабаттас жұреді.
Қоғамның эволюциялық дамуы көбінесе реформалармен қабат жұреді. Реформа (лат. тілінен ауд. - өзгерту) қоғам өмірін қайта құру мақсатында жұргізілген әртүрлі шаралардың жиынтығы.
Реформалар мемлекеттік ұкімет тарапынан заңдар, қаулылар, шешімдер мен шаралар қабылдау арқылы жүзеге асырылады. Реформалар прогрессивтік жаңалықтармен байланысты болады. Сонымен бірге реформаның регрессивтік сипаты да болуын ұмытпауымыз керек. Мысалы Латвия республикасындағы 1994 жылғы «Азаматтық туралы заңның қабылдануы» елді «азаматтығы» бар және «азаматтығы жоқ» екі қарама-қарсы лагерьге бөліп тастады. Бұл әрине ынтымақтастық пен прогреске жетелемейді.
Достарыңызбен бөлісу: |