Тақырып: Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану



бет2/37
Дата20.02.2022
өлшемі223,54 Kb.
#132565
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
лекциялар 2

Бақылау сұрақтары: Әлеуметтанудың пайда болуының алғышарттары. Әлеуметтануды әлеуметтік шындықты танудағы орны. Негізгі әлеуметтанулық түсініктер.
Тақырып: Әлеуметтану теорияларына кіріспе


Әлеуметтанулық теория. Макро және микро-деңгейлер. Әлеуметтік тәжірибедегі себеп-салдарлық байланыстар. Жеке мектептер мен бағыттардың дамуы (О. Конт, Э. Дюркгейм, Г. Спенсер). Құрылымдық функционализм. Қақтығыс теориялары. Символдық интеракционизм. Рөлдік теориялар.


Басты терминдер: әлеуметтанулық теория, құрылымдық функционализм, дау-жанжалдық теориялар, символикалық интеракционизм.

Әлеуметтану ғылым ретінде қазіргі уақытта айтарлықтай күрделі құрылымға ие. Бұл құрылым өзіне қоғамның функциялануы мен дамуының, ондағы адамның жеке тұлғалық орнының аса жалпы мәселелерін зерттейді. Жалпы әлеуметтік теориялар аясында эмпирикалық айғақтардың теориялық түрде пайымдалуы, әлеуметтанулық категориялдық апараттың жасалуы, заңдылықтардың орнықтырылуы мен заңдардың қалыптасуы жүреді.


Әлеуметтік зерттеулердің басқа бір деңгейі эмпирикалық әлеуметтану болып табылады. Эмпирикалық әлеуметтану – бұл мақсаты – қоғамдық өмірдің жағдайы туралы мәліметтердің жиналуы мен жүйеленуі болып табылатын, әлеуметтік зерттеулердің әдістерін, техникасын, әдістемелерін қолданумен болатын әлеуметтік мәліметтерді жинау мен талдауға бағытталған, әлеуметтік зерттеулердің жиынтығы. Әлеуметтанудың бұл бағыты «жоғары» теорияларға қарағанда өмірге аса жақын саналады.
Келесі деңгей - бұл жеке (салалық) әлеуметтанулық теориялар. Бұл теориялар орта деңгейдегі теориялар атауын алған. Бұл терминді ғылыми айналымға американ әлеуметтанушысы – Роберт Мертон енгізді.
«Орта деңгейлік теорияның» әрқайсысы қоғамның құрылымының нақтылы элементіне, жекеленген, салыстырмалы түрдегі дербес қоғамдық құбылысқа қолданбалы түрдегі әлеуметтік мәселелерді алға қояды және шешеді.
Орта деңгейлік теориялардың санына: медициналық әлеуметтану, экономикалық әлеуметтану, саясат әлеуметтануы және с.с. ғылымдардың түйіскен жерінде жасалынатын әлеуметтанулық тұжырымдамалар жатады. Оларға тағы да – аграрлық әлеуметтану, урбаникалық әлеуметтану және с.с. қоғамдық өмірдің жекелеген салаларын зерттеумен байланысты болатын әлеуметтанулық теориялар да жатады. Институциональдық әлеуметтанудың осы әр алуан салалары – қоғамдық өмірдің ұйымдасуы мен реттелуінің тұрақты формалары: дін әлеуметтануын, білім беру әлеуметтануын, неке және отбасы әлеуметтануын зерттеумен байланысты болатын ерекше бағыттары.
Қазіргі заманғы әлеуметтанулық ғылымда қоғамның әлеуметтік түрде талдануының екі деңгейін: микро-және макроәлеуметтануды бөліп көрсетеді. Микроәлеуметтану адамдардың күнделікті өміріндегі олардың қарым-қатынасын (яғни, интеракция, олардың өзара әрекеттестігі) зерттеумен айналысады. Макро әлеуметтану негізгі көңілді қоғамды бірыңғай бүтіндік ретінде түсінуге көмектесетін мінез-құлықтың үлгілеріне бөледі.
О. Конт (1798-1857 жж.) біздің барлық біліміміз тәжірибе арқылы тексеру процедурасына ұшырайтың болуы тиіс деп нақтылайтын философиялық ілім-позитивизінің негізін қалаушы. Ол ғана «әлеуметтану» сөзін ойлап тапты. Ол бастапқы да «әлеуметтік физика» терминін қолданады, бірақ оны оның қарсыластары да пайдаланатын да еді. Өзінің және олардың көзқарастарының арасындағы айырмашылықтарды белгілеу ниетімен О.Конт «әлеуметтану» терминін жасады.
О.Конт ғылымның әлеуметтік функциясы болашақты көре білу, - деп нақтылады. Бұл тұжырымды ол қоғам туралы ғылым – әлеуметтануға да қатыстырды. О.Конт әлеуметтану ғылым ретінде алатын бес қағидаға шоғырлануы тиіс деп санады: 1. Ол «дәл, табиғи ғылым» болуы, бір зерттеушінің нәтижелерін қайта тексеруге және нақтылауға мүмкіндік беретін әдістерге сүйенуі тиіс; 2. Реализммен ерекшеленуі; 3. Пайдалы, «әлемді кеңейтуге» мүмкіндік беруі; 4. Нақтылыққа ие болуы; 5. Ашылымдарды көздеген, жағымды болуы тиіс.
О.Конт жүйесінде позитивті ойлау орнын өзінің ашқан басты жаңалығы деп есептейтін атақты «үш саты» немесе «үш жағдай» занымен байланысты түсінуге болады. Осы заңға сәйкес, жеке адам, қоғам және адамзат жалпы алғанда өзінің дамуында міндетті түрде және біртіндеп үш сатыдан өтеді.
1. Теологиялық немесе жалған сатыда (адамзаттың пайда болуынан бастап біздің заманымыздың 1300 жылына дейін) адам санасы кұбылыстардың бастапқы немесе соңғы себептерін табуға тырысады, ол «абсолюттік білімге үмтылады». Теологиялық ойлау, өз кезегінде, дамудың үш кезеңінен өтеді: фетишизм, политеизм, монотеизм. Бұл саты өз заманында қажетті болып есептелді, себебі ол адамның әлеуметтенуінің алдын ала дамуы мен ақыл-ойдың өсуін қамтамасыз етті.
2. Метафизикалық немесе абстрактілі сатыда (1300 - 1800) адам санасы қүбылыстардың ішкі табиғатың, олардың бастамасын, қалыптасуының басты амалдарын үғынуға тырысады. Бірақ теологиямен салыстырғанда метафизика тылсым күштер факторымен емес, құбылыстарды «бақылаудың орнына дәлелдеуге үмтылудың салдарынан» оның спекулятивті және дерексіз бөлігі өте жоғары болады. Метафизикалық ойлау, теология сияқты болмай қоймайтын кезеңді құрай отырып, өзінің табиғаты бойынша шиеленісті және жойқын болып табылады.
3. Позитивті не шынайы немесе ғылыми кезеңнің (1800 жылдан бастап) негізгі белгісі – мұнда қиялдың бақылауға түрақты бағынатын заңы қолданылады. Бұл сатыда ақыл-ой түпкі себептер мен мәндердің ақылға қонымсыз анықтамаларынан бас тартып, оның орнына заңдарды қарапайым зерттеуге, яғни «бақыланатын қүбылыстар арасындағы тұрақты қатынастарға» жүгінеді [1, 187-188 бб.].
О.Конт өзінің элеуметтануын «статика» (тәртіп заңдары) және «динамика» (прогресс заңдары) деп бөлді. Бұл ұғымдар биологиядан алынды. Биологиядан статика анатомиялық тұрғыдан қарастырылады және дененің бөліктерінің ұйымдастырылуын білдіреді, динамика физикалық физиологияға сәйкес келеді, оған қозғалыс тән. О.Конт әлеуметтануда осыған ұқсас бөлініс бар деп есептеді. Әлеуметтік статика мен динамика – бұл қоғамның әлеуметтік организм ретіндегі «анатомиясы» мен «физиологиясы». «Тәртіп» және «прогресс» ұғымдары қоғамның статикалық және динамикалық жағдайына сәйкес келеді [2, 28-29 бб.].
Герберт Спенсер (1820-1903жж.) – ағылшын әлеуметтанушысы. Г.Спенсердің пікірінше, ғаламның барлық элементтері – органикалық емес, органикалық, органикалықтан жоғары (әлеуметтік) бірлікте эволюцияланады. Әлеуметтану ғылым ретінде қоғамның дамуында, қоғамдық құрылымдардың, олардың функцияларының әр-түрлі тектегі саны мен сапасында көрініс беретін органикалықтан жоғары эволюцияны зерттеуге лайықталған. Г.Спенсер бойынша, органикалықтан жоғары, тұрған эволюция үш бағытта дамитын прогрессивтік өзгерістің болуын ұйғарады: 1. Қоғамдық өмірдің аз байланысқан формалары аса шоғырланған болады, яғни олардың интеграциясы жүріп жатады; 2. Осымен, бір мезгілде бір тектіліктен алуан тектілікке қарай жүретін қозғалыс іске асырылады, яғни дифференциация ұлғаяды; 3. Эволюция ретсіздіктен реттілікке, нақсыздықтан нақтылыққа өту қозғалысын білдіреді.
Осындай көрініспен, нақтылы қоғамдар мен олардың құрылымдарының эволюциясы үш бағыттың – интеграциясының, дифференциацияның және нақтылықтың призмасы арқылы өтеді. Сондықтан, Г.Спенсердің пікірінше, эволюция бір мезгілде құрылымдар да, олардың функцияларында да болатын өзгерістерге алып келеді.
Осы үш бағыттың негізінде, Г.Спенсер қоғамның 4 типін: қарапайым, күрделі, қосалқы күрделі және үштік күрделі типтерін бөліп көрсетеді.

  1. Қарапайым қоғамдар әлеуметтік нақтылықтардың (жобалар арасындағы қатынас) байланыспаушылығымен сипатталады.

  2. Күрделі қоғамдар – оларды басқарудың иерархиялық жүйесі, дифференциальды, әлеуметтік құрылым, еңбек бөлінісі болады.

  3. Қосалқы күрделі қоғамдар. Мұнда саяси салада аса дамыған және тұрақты үкіметті байқауға болады. Құқық дін мен салт-дәстүрлерден бөлектенеді. Еңбектің экономикалық бөлінісі тереңдейді және с.с.

  4. Үштік күрделі қоғамдар. Бұл мемлекет «бір-біріне зиян келтіру мүмкіндігінен болатын қоғам мүшелерін» күзетуге дейінгі мәліметтердің функциялары келтірілетін, әлем елдерінің ең дамығандары және де болашақ қоғамдар және с.с.

Осы жіктеу аясында Г.Спенсер қоғамды екі типке: әскери және өнеркәсіптік деп бөледі.
Әскери қоғамда әскер мен халық бірігіп кетеді, ол үшін жеке тұлғаларға деген тотальдық бақылау, қатаң әлеуметтік иеархия, азаматтарды қоғамдық өндіріске мәжбүрлеу тән болып келеді. Барлық әлеуметтік құрылымдар қоғамның әскери функцияларының орындалуына бағынған.
Өнеркәсіптік қоғамда құрылымдар мен функциялар өте интеграцияланған, дифференциалданған және реттелінген. Адамдар әлеуметтік функцияларды орындауда аса еркін. Басқару аса орталықтанған және демократияланған. Қоғамдық қатынастар өз еркімен болатын кооперацияларға негізделеді және ешқандай жеке адам басқаға бағынбайды.
Осындай көрініспен, Г.Спенсер бойынша қоғамның бірінші типі үшін қарудың күшімен немесе сырттан болатын қауіптен болатын мәжбүрлік интеграция, екінші қоғам үшін – әр түрлі функцияларды орындайтын және сондықтан да бір-бірімен болатын ынтымақтастыққа мүдделі жеке адамдардың өзара байланыстылығы күшіндегі еркін интеграция тән болып келеді.
Эмиль Дюркгейм (1858-1917 жж.) – ұлы француз әлеуметтанушысы, алғаш рет құрылымдық функционализмнің түбірлі постулаттарын теориялық және әдістемелік түрде негіздеді, әлеуметтану құрылымдаушы ғылым яғни оның бөлімдерінің жиынтығынына қосуға болмайтын бүтіндікті зерттейтін ғылым болып табылатын айтты.
Оның атақты негізгі қағидасы былайша айтылады: «Әлеуметтік айғақтарды заттар ретінде оқып-үйреніңдер, яғни қоғамдық өмірде табиғаттың нысандары мен құбылыстары ретінде қатаң талдауға соншалықты түрде ұшырайды.
Э.Дюркгейм бойынша, әлеуметтік айғақтар қосалқылық текте болады: материалдық және материалдық емес сипатта, рухани сипаттама.
Әлеуметтік фактордың материалдық сипатына мыналар жатады: 1) қоғамның өзі; 2) оның әлеуметтік құрылымдары (мемлекет, дін, құқық); 3) қоғамның морфологиялық құрамдас бөліктері (территорияның, жеке меншіктің сипаты, халықтың көлемі мен тығыздығы, оның тұрғын жайлары, коммуникациясының тәсілдері және с.с.).
Материалдық емес, рухани сипатқа мыналар жатады: 1)мораль, құндылықтар мен нормалар; 2) ұжымдық сана; 3) ұжымдық түсінік, наным-сенімдер. Э.Дюркгеймнің барлық шығармашылығы арқылы өтетін орталық әлеуметтік идеялар қоғамдық ынтымақтастық идеясы болып табылады. Оның шешілуі мына сұраққа жауап берумен байланысты: «Адамдарды бір-бірімен біріктіретін байланыстар қандай?». Бұл мәселе оның «қоғамдық еңбекті бөлу туралы» еңбегінде қарастырылады. Оның пікірінше, еңбек бөлінісі «қоғамның материалдық және интеллектуалдық дамуының қажетті шартын құрайды, өркениеттің қайнар көзі»: бұл «олардың рұқсатынсыз» қоғамды басқаратын табиғаттың заңы.
Э.Дюркгейм бойынша, адамзат қоғамдарының тарихында еңбек бөлінісінің екі типін және соған сәйкес түрде ынтымақтастықтың екі түрін – механикалық және органикалық түрін бөліп көрсетуге болады.
Механикалық ынтымақтастық дәстүрлі архаикалық қоғамдар үшін тән. Мұндай қоғамдағы жеке адам өзіне-өзі тиесілі болмайды, ал ұжымдық сана толықтай түрде дербес ерекшеліктерді жабады, яғни өзіндік «Мен» болмайды. Ол үшін еңбек бөлінісінің төменгі деңгейі тән (жеке адамдар іс жүзінде өндірістік және қоғамдық функцияларды орындауда бір-бірін алмастыра алмайды), әлеуметтік функциялар әлсіз түрде дифференцияланған, олардың функциялары қатаң сипатталады.
Органикалық ынтымақтастық еңбектің сапалы басқалай бөлінісін жөн санайды және ұқсастыққа емес, жеке адамдардың айырмашылықтарына негізделген. Әрбір жеке адам өзіне ғана тән өзіндік кәсіби және қоғамдық функцияларды орындайды, оны күрделілігі мен ерекшелігіне байланысты бәрі де орындай алмайды. Құрылымдар мен функциялардың саны шұғыл түрде ұлғаяды. Адамдар бір-бірінен ерекшеленеді, өздерінің іс-әрекет өзіндік саласына, өзіндік дербес санаға ие және соның салдарынан жеке тұлғалық болып табылады. Индивидуализмнің гүлденуі үшін жағдайлар құрылады. Дифференциялық жеке адамдардың бейбіт өмір сүруін қолдау үшін ортақ құндылықтар мен жетекшілікті беделдің ұжымдық санасының берілуі қажет.
Осындай көрініспен, механикалық ынтымақтастықтан органикалық ынтымақтастыққа өтуді Э.Дюркгейм тарихи заң деумен қатар, сонымен бірге прогрестің басты көрсеткіші деп те санайды.
Макс Вебер (1864-1920 жж.) – «түсінуші әлеуметтанудың» негіздеушісі болып табылатын, неміс әлеуметтанушысы, оның орталығында барлық адами өмір сүрудің жылжымалы факторлары мен оның әмбебаптылығы ретіндегі әлеуметтік іс-әрекеттің зерттелуі орын алады.
М.Вебер әлеуметтанудың нысаны қоғамдық құрылымдар емес, әлеуметтік іс-әрекет болуы тиіс. М.Вебер бойынша, әлеуметтік іс-әрекет – бұл болжамдық әрекет мағынасындағы жеке тұлғаға басқа адамдардың іс-әрекетіне қатысты болатын әрекеттілік және оларға бағытталынған М.Вебер әлеуметтік іс-әрекеттің төрт типін бөліп көрсетті.
1. Мақсатты рациональды әрекет – жасалынатын әрекеттің мақсаттарының және мүмкін боларлық салдарының саналы ара қатынасымен сипатталады. Мұндай әрекеттің мысалы өзіндік шешім қабылдайтын, саналы түрде саяси абыройға ие болатын адамдардың мінез-құлқы болуы мүмкін.
2. Құндылықтық – рациональды әрекет зардаптарына байланыссыз болатын нақтылы әрекеттерді жасаудың сөзсіз құндылығына (этникалық, діни, эстетикалық және с.с.) деген сенімге негізделеді. Бұл әрекет нақтылы сөзсіз орындалатын құндылықтарға, қайырымдылық пен зұлымдық туралы түсініктерге, өсиеттерге деген сенімге негізделген.
3. Аффективтік әрекет күшті эмоциональдық көңіл-күйлерге – қорқынышпен, ашу-ызамен, сүйіспеншілікпен және т.б. қамтылған. Бұл әрекет спорттық ойын түрлерінде – ойыншылардың эмоциональдық реакциялры ойындарында жиі байқауға болады.
Олар дұрысында, әрекет етуші адамның құштарлығымен, сүйіспеншілігімен, жеккөрушілігімен және с.с. эмоциональды көңіл-күйлерімен қамтылған. Шындығында, олар жеке адамның саналы, пайымды қызметінің шегінен шығып кетеді. Дәстүрлі әрекет нақтылы әрекеттерді жасаудың ұзаққа созылатын әдетіне негізделеді. Осы әрекеттерге әдет бойынша ғана жасалынатын мінез-құлықтың күнделікті актілері тиесілі болады. Осындай әрекеттерге мақсаттар мен ой-парасаттаулар жоқ.
Осындай көрініспен, М.Вебер бойынша, мақсатты бағытталған және құндылықтық – рациональды нәрселер әлеуметтік әрекеттерге жатады, болмаса субъективтік түрде пайымдалатын мағынамен байланысты болады. М.Вебер бойынша, әлеуметтану «түсінуші» болып табылады, өйткені адамдардың пайымдалған әрекеттерімен байланысты болады.
ХХ ғасыр әлеуметтануындағы әр түрлі мектептердің арасында құрылымдық функционализм, шиеленістену (конфликтология) және символдық интеракционизм аса қызығушылық туындатады.
Мәселен, функционалист – әлеуметтанушылар қоғам толығымен алғанда оның жекелеген бөліктері, олардың функцияларымен бекітілетін тығыз өзара байланыстылыққа ие. Басқалай айтқанда, қоғамда барлығы да тығыз көріністе бір-бірімен байланысқан.
Бұл идея қоғамның жүйелік құрылымы идеясы ретінде Т.Парсонстың (1902-1979 жж.) құрылымдық функционализм теориясында қалыптасты. Т.Парсонс бойынша, қоғам – бұл дербестіліктің жоғары деңгейлік қоршаған ортасына қатысы бойынша қол жеткізілетін әлеуметтік жүйе. Әлеуметтік эволюция тірі жүйелердің эволюциясының бір бөлігі болып табылады деп санай келе, Т.Парсонс Г.Спенсердің соңынан биологиялық түр ретіндегі адамның пайда болуы мен қазіргі көріністегі қоғамның пайда болуының арасында паралель болатынын нақтылады. Биологтардың пікіріне сәйкес, барлық адамдар бір түрге жатады. Сондықтан да барлық қоғамдар эволюциялық түрде мынадай деңгейлерден өтетін, қоғамның бір түрінен шыққан деп санауға болады. 1) қарапайым; 2) қозғалмалы қарапайым; 3) аралықтық; 4) қазіргі заманғы.
Т.Парсонстың теориясында айтарлықтай маңыздысы әлеуметтік жүйе ретінде барлық қоғамдар өмір сүруі үшін төрт негізгі функциялардан шығатын жиынтыққа ие болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет