Бейімдеушілік – ішкі жағдайларда да сыртқы ортаның өзгерістері ретінде де бейімделе және үйренісе алуы тиіс болатын тірі қалудың қайсыбір әлеуметтік жүйесі. Осы функцияға қоғамның барлық мүшелерінің нақтылы физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыра отыратын, материалдық өнімдерді әкелетін және бөліп отыратын экономика сияқты кіші жүйе сәйкес келеді;
Мақсатқа қол жеткізу – қоғамның негізгі мақсаттарын және оларға қол жеткізудің үдерісін қолдауды анықтау жүйесі.
Бұл функция қоғамның саясат сияқты кіші жүйесімен қамтамасыз етіледі;
Интеграция – қоғамның барлық әлеуметтік құрамдас бөліктерін байланыстыру жүйесі, оның тұрақтылығын, ішкі бірлік пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету. Бұл функция әлеуметтік бақылаудың, мысалы, мемлекеттік аппараты институтымен іске асырылады;
Үлгінің ұсталуы – қандай да болсын әлеуметтік жүйе жеке адамдардың әлеуметтік мінез-құлқының үлгілері ретіндегі әлеуметтік нормаларының қалыптасуы үшін негіз болып тасталатын өзінің негізгі әлеуметтік құндылықтарын сақтау мен қолдауға ұмтылуы тиіс. Бұл функция осы қоғамның мақсаттарымен және құндылықтарымен болатын жеке мотивациясының құрылымымен келісетін, отбасы, мектеп, шіркеу және т.б. сияқты ынтымақтасушы институттарымен қамтамасыз етіледі.
Функционалистік амалдарға қарама-қарсы түрде, әлеуметтік дамудың тұрақты және эволюциялық мезеттерін жан-жақты атап көрсететін қазіргі заманғы батыс әлеуметтануында қарама-қарсы бағыт орын алады, ол қоғамдағы консенсусты, мотивтер мен өзара мүдделердің теңгермешілігін емес, өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылымдар мен қарым-қатынастарды нәтижелі түрде қалыптастыратын әр түрлі топтар мен идеялардың күресін көреді.
Мәселен, неміс әлеуметтанушысы Р.Дарендорф (1929-2009 жж.) дау-жанжал теориясында да әрбір қоғамда әлеуметтік дау-жанжалдардың белдеулік сызықтары болатындығын баяндайды. Оның пікірінше, дау-жанжал бір топ немесе бір тап оларға қарама-қарсы әлеуметтік күштің «қысымына» немесе үстемдігіне қарсылық білдіруінен туындайды.
Сондықтан да, дау-жанжал барлық интеграцияның кері жағы болып табылады және сондықтан да ол әлеуметтік институттардың интеграциясы сияқты қоғамда орын алады. Әлеуметтік құрылымдардың сыртқы бірлігі үшін осы құрылымдардың және оны тасымалдаушылардың дау-жанжалдық мотивтері мен мүдделері орын алады.
Р.Дарендорфтың пікірінше, қоғамның міндеті дау жанжалды болдырмауда немесе оны алып тастауда емес, барлық жүйені бұзбастан оларды нақтылы бір салаға бағыттап, оның жоспарлы эволюциясына алып келуден тұрады. Бұл үшін дау-жанжалдарды басылымдардағы ашық пікір-таластардың нысаны ету керек және т.б. Осындай көрініспен, дау-жанжалды өзінен-өзі болуы мен демократиялық түрде шешілуі қоғамның өмірге қабілеттілігінің куәсі болып табылады.
ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында тағы бір әлеуметтанулық теория – символдық интеракционизм дами бастады. Оның негіздеушісі – Джордж Герберт Мид (1863-1931 жж.) қоғамды адамдардың өзара әрекеттестігі негізінде жататын мінез-құлықтың қағидаларын қарастыру жолымен ғана түсіндіруге болады, - деп ұйғарды.
«Символдық интеракционизм» термині осы әлеуметтанулық мектеп қоғамда әрекет жасайтын адамның («актерлер») олар өзара іс-әрекетке кіріскен кезде, яғни «интеракцияда» болған кезде, қандай да болсын «символда» оның «мағынасына» екпін жасайды. Осы жағдайдағы әлеуметтік өзара әрекеттестік деп тікелей түрдегі тұлғааралық коммуникация («символдар алмасу») түсініледі, оның маңызды ерекшелігі – адамның «басқаның рөлін қабылдай алуы» қабілеті, қарым-қатынастағы серіктесі оны қалай қабылдайды және сәйкес түрде, өзінің дербес әрекеттерін интерпретациялай және құрылымдай алуы мойындала алуы. Бұдан жеке тұлғаның дамуы қоғамдағы басқа адамдармен өзара әрекеттестік үдерісінде болып, тікелей коммуникация жүйесі ретінде түсіндірілуі шығады. Сондықтан да жеке тұлғаның құрылымы оның рөлдермен және әлеуметтік нормалармен, рөлдермен және өзара байланыстағы серіктестерінің әлеуметтік қондырмаларымен сәйкестіктіліктегі дербес мінез-құлығына деген бақылауын қамтамасыз ететін бөліктерге ие. Осындай көрініспен, символикалық интеракционизм қоғамды мінез-құлық өзара әрекеттестік актісіне тартылған жеке адамдардың мінез-құлықтық көзқарасы тұрғысынан қарастырады.
Символикалық интеракционизмнің негізгі жағдайы мынаған келіп саяды:
Адамдар бір-бірімен ең алдымен өздері қандай да болсын нысандарға телитін символикалық маңыздылықтарды басшылыққа ала отырып өзара әрекеттеседі;
Символдардың өздері адамдардың арасындағы әлеуметтік өзара әрекеттестіктің (интеракциясының) өнімі болып табылады;
Символикалық маңыздар символдардың интерпретациясы мен қайта нақтылауы арқылы пайда болады және өзгеріп отырады.
Интеракционизм өкілдері жеке тұлға өз нысандарын оның, өзі оларға телитін маңыздылықтардың негізінде құрайтынын нақтылайды. Дж.Мидтің көзқарасы бойынша, адамдар өздерінің адалдық табиғатын маңыздылары тілде көрсетілетін символдардың көмегімен өзара әрекеттесуі арқасында қалыптастырады. Осы тіл ғана адалдық өзара әрекеттесудің бастапқы және негізгі факторы болып табылады, интеракционистер «барлық адамдар әңгімелесушілікте жасалады» деп санайды, егер тілдік қатынас болмаса, адам да болмайды. Қарым-қатынастылықта жеке адамдар символдар алмасады. Интеракция (қатынас) жалғасуы үшін оған тартылған әркім рөлдерді қабылдау көмегімен басқаларды интерпретациялау алуы да тиіс, яғни өзін серіктесінің орнына қоя білуі тиіс.
Рөлдік теория (немесе рөлдер теориясы) – жеке тұлға жеке адамның меңгерген және қабылдаған немесе мінез құлықтың – рөлдердің осы қауымдастықтағы немесе әлеуметтік топтағы әлеуметтік статусымен қамтылған әлеуметтік функциялары мен үлгілері арқылы сипатталатын әлеуметтанудағы теория. Рөлдік теория жеке тұлғаның зерттелуі үшін әлеуметтік әр түрлі пәндерде қолданылады. Мәселен, оның жәрдемімен жеке тұлғаның әр түрлі әлеуметтік-психологиялық тұжырымдамасы жасалынады.
Әдебиеттер:
1. Әлеуметтану. 1 – кітап: Оқулық / Жалпы ред. М.М.Тәжин. –Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 346 б.
2. Валитова З.Х. Әлеуметтану тарихы: Оқу құралы / З.Х. Валитова. – Қарағанды: «Типография Арко» ЖШС, 2020 – 165 б.