Вертикальдық ұтқырлық – әлеуметтік стратификация жүйесіндегі жеке тұлғаның немесе топтың жоғары болмаса төмен орналасуы.
Гипотеза – әлеуметтік құбылыстардың, факторлардың байланыстарын детериинациялайтын және әлеуметтік мәселелерді шешуге деген мүмкін боларлық амалдарын зерттеу арасындағы әлеуметтік нысандардың сипаты мен мәнінің құрылымы туралы ғылыми түрде негізделген болжам.
Геноцид– бүтін бір ұлттың болмаса этникалық, «нәсілдік» немесе мәдени топтың әдейі немесе жүйелі түрде бұзылуы.
Демографиялық саясат – халықтың қайта жасап шығу үдерістерін реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың және басқа да әлеуметтік институттардың мақсатты түрде бағытталған іс-әрекеті.
Дисфункция – әлеуметтік іс-әрекеттің әр алуан түрлері немесе институттар, олар дегенмен де қандай да бір өлшемде басқа іс-әрекеттің іске асырылуы үшін немесе басқа институттың өмір сүруі үшін кедергі болып табылады.
Дау-жанжал теориясы – дау-жанжалдың қарсы күресулердің өңі айналған мәні, рөлдері, себептері мен тәсілдері, олардың қоғамның, топтың, жеке тұлғаның өміріндегі рөлі, әлеуметтік жүйелердің қалыптасуы, дамуы, пайда болуы мен бұзылуы туралы теориялық тұжырымдамалардың жиынтығы.
Диаспора – әдейі күштеп немесе еркін түрде бар әлемге шашылған, адамдардың қандай да бір тобының жағдайы.
Диаспора – халықтың бір бөлігінің (этникалық қауымдастықтың) өз отанынан ұқсастығы сезімінің ақталуы кезіндегі оның шығу тегінің елден тыс жерде болуы.