Тақырып: Эндокрин жүйесі ауруларында мейірбике ісін ұйымдастыру. Бекіту сұрақтары: Қандай бездерді ішкі секреция бездеріне жатқызады, олар қандай гормондар түзеді?



Дата24.04.2020
өлшемі15,8 Kb.
#64589
Байланысты:
ішкі ауру.docx




Тақырып: Эндокрин жүйесі ауруларында мейірбике ісін ұйымдастыру.
Бекіту сұрақтары:

1.Қандай бездерді ішкі секреция бездеріне жатқызады, олар қандай гормондар түзеді?

Гипофиз безі-окситоцин,вазопресин,самототропин,

тиреотропин,адренокартикотропин,гонадотропин.

Эпифиз безі-мелатонин,пинеамин,гистомин,серотонин.

Қалқанша безі-тироксин,трийодтиронин,тирокальцитонин,катокальцин.

Қалқанша маңы безі-паратгормон.

Айырша безі-тимозин.

Бүйрек үсті без-минералокартикоид,глюкокартикоид,андроген,

эстроген,адреналин,норадреналин,прогестерон.

Ұйқы безі-инсулин,глюкагон.

Жыныс гармондары:

Аталық безі-тестостерон,андостерон.

Аналық безі-эстроген,прогестерон.
2. Науқасты субьективті жəне обьективті зерттеу?

Субъективті тексеруде бірінші науқастың жалпы мəліметтерін сұрастырамыз.

Науқастың шағымдарын сұрастыруда басында негізгі шағымдарына мән береміз.

Аурудың пайда болу тарихында (лат. Anamnesis morbi) ауру қашан басталғанын,қалай басталды,жүру ағымы мен тексерітерін сұрастырамыз.

Науқастың өмір тарихында (лат. Anamnesis vitaе) бала кезден қазіргі шаққа дейінгі денсаулығын,тұрмыстық жағдайын,зиянды әдеттерін анықтаймыз.Сонымен қатар қандай жұмыста істейтінін,отбасында жұқпалы аурумен ауырған адам бар-жоғын анықтаймыз.

Объективті тексеру алда дұрыс диагноз қоюға көмектеседі. Объективті тексеру қарау, сипап–сезу (пальпация), соққылау (перкуссия),тыңдаудан (аускультация) тұрады.Қарау кезінде науқастың жалпы жағдайын бағалаймыз.Тері жабындыларын,денесін,төсектегі қалпын тексереміз.Сана сезімінің жағдайын,дене бітімін бағалаймыз.


3. Эндокрин жүйесі ауруларының симптомдары жəне қалай жіктеледі?

АҚҚ көтерілуі, тері беткейінің құрғақтығы мен ылғалдығы, шөлдеу, полифагия, жыныс ағзаларындағы қышыну,көз көруінің нашарлауы,салмақ қосу немесе жоғалту. Қантты диабетпен ауыратын науқастардың табан терісінің трофикасы менсезімталдығының бұзылысы.(диабеттік табан).


4. Қантты диабет жіктелуін айтып беріңіз?

1. Инсулинге тəуелді І типі –25жасқа дейінгі жастарда немесе балаларда кездесетін инсулиннің жеткіліксіздігінен оның толық болмауынан дамиды.

Ол сырқат адамның қатты арып-азуымен ауыр түрде өтеді жəне инсулинмен емдемесе, адамның өлуіне əкеледі.

2. Инсулинге тəуелсіз ІІ типі - инсулиннің салыстырмалы жеткіліксіздігінен дамиды.

Қанда инсулиннің мөлшері аздап қана төмендеген немесе қалыпты деңгейде болады. Сырқаттардың арасында дененің толып кетуі жиі байқалады.

5. Эндокриндік жүйедегі зертханалық зерттеудің ерекшіліктер қандай?

Т3,Т4,ТТГ гормондарын қан талдауларыңа жіперіледі.

6. Акромегалияның негізгі клиникалық белгілері жəне қосымша тексеру əдістерін,

алдын-алуын атап шығыңыз?

Төменгі жақ сүйегінің ұлғаюы, еріндердің, мұрынның, құлақтың гипертрофиясы, тістердің ұлғаюы байқалады. Саусақтардың қалыңдауы, бас сүйегінің, аяқтың және қолдың көлемінің ұлғаюы байқалады. Омыртқа бүгіліп, кеуде қуысы ұлғайып, бөшке тәрізді пішінге ие болады. Науқастарда әлсіздік, шаршағыштық сезімдері пайда болады.Сонымен қатар бас айналу, құсу болады.



МРТ,компьютерлік томография.

Бас сүйектері мен басқа жарақаттардан аулақ болу,мидың қабыну ауруларының дамуына жол бермеу,мерзімінде қандағы өсу гормонына зертханалық зерттеулер жасау,эндокрин жүйесінің денсаулығын мұқият қадағалап, уақтылы сауықтыруды жүзеге асыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет